Приказчик. Бәрі тақалғанда қырсыққанын айтам да. Сол күнде айтылып жүрген фамилия аяқ астынан санамнан жоғалып кеткеніне әлі таңмын.
Арбакеш. /Арбасын сүйреп аула сыпырушының жанына келіп/ Есен – саумысыз құрметім.
Аула сыпырушы. Сен қайдан шықтың.
Арбакеш. Осында. Міне қараңызшы, жылқыма беретін сұлым болмай арбаны өзім арқалап жүрмін. Айып етпесеңіз сізден аз – маз сұлы табылмас па екен. Ақысына бір күні барар жеріңізге тегін-ақ апарармын.
Приказчик. /приказчик жалт қарап/ Не дедіңіз?
Арбакеш. /қорқып/ Аз – маз сұлы табылмас па екен деп... Мен...
Приказчик. /қуанышы қойнына сыймай/ Сұлы, сұлы, сұлы дейсіз бе? Иә, иә, иә Сұлыбаев. Таптым. Сұлыбаев. /арбакешті көтеріп алып айналдырып, екі бетінен кезек кезек сүйіп/ Рахмет, рахмет сізге.
Арбакеш.'>Арбакеш. Менің фамилиямды неге қайталап жатырсыз құрметтім.
Приказчик. /таңқалып/ Не?
Арбакеш. Сұлыбаев менің фамилиям ғой.
Приказчик. /таңқалып/ Ей сен Яков Васильич... Сұлыбаев...
Арбакеш. Иә.
Аула сыпырушы. Мәә...
Прказчик. Сені бүкіл усадьба іздеп жатқанымен хабарың бар ма?
Арбакеш. Не үшін.
Аула сыпырушы. Генералдың тісін емдеу үшін.
Арбакеш. Ее мен тіс емдемей кеткелі қай заман. Мені қазір елдің бәрі тек арбакеш деп көреді. Тіс емдегенімді бірі білсе, бірі білмес. Қой мен кеттім.
Аулы сыпырушы. Әй тоқта мені де ала кет. /таңқалып, сахнадан кетіп бара жатып/ Сен шыныменде қызық – қызық адам екенсің – ей. Қалай тып –тыныш жүруге болады жұрттар сені итпен іздеп жүр.
Прказчик. /таңданып тұрып қалып/ Алдияр тақсыр, алдияр тақсыр таптым /деп жүгіре бергенде алдынан генерал мен әйелі, артында генералдың көмекшісі сахнаға шығып келе жатады.
Приказчик. /ішек сілесі қата күліп/ Алдияр тақсыр мен таптым, таптым.
Генерал. Нені?
Приказчик. Тісіңізді емдейтін әлгі Яков Васильич Сұлыбаев... Сол Сұлыбаев бар ғой мына өзіміздің... Күнде көріп жүрген...
Генералдың көмекшісі./генерал мен әйелінің ортасынан басын шығарып/ Генералдың тісін жұлғанынан хабарыңыз жоқ – ау сірә.
Приказчик. Қалай? Қалай алдияр тақсыр?
Генерал. /мысқылдап күліп/ Солай...Сұлыбаев де. Сұлыбаев... Ол Сұлыбаевың маған енді түкке де керегі жоқ. Тфу мә саған. /айқайлап күліп, бас бармағын екі сусағының ортасынан шығарып приказчиктің мұрнына тақады да күліп кете барды/
Генералдың көмекшісі. Обал – ақ, обал – ақ.
Приказчик таңданып не істерін білмей басын сипап сахнадан шығып кетеді.
СОҢЫ
Достарыңызбен бөлісу: |