«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалы «жылқы аттас фамилия» қойылымы Режиссеры: Бекқұлы Ерман Нұрбосынұлы



бет14/19
Дата22.11.2022
өлшемі347 Kb.
#465451
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
«ЖЫЛҚЫ АТТАС ФАМИЛИЯ» қойылымы

Генералдың көмекшісі. /күліп/Байқадым байқадым, басымды шайқадым Шукина ханым. /аула сыпырушыға қарап/ Сіз бара беріңіз Шукина ханымның мәселесін өзім шешемін.
Аула сыпырушы. Жақсы мырза. /кетіп бара жатып/ недеген қақбас қатын. Әйел адам сонша қатты жүгірмес болар.
Генералдың көмекшісі. Иә Шукина ханым. Ашылып кетіпсіз.
Арызшы әйел. Ілтипатыңызға рахмет. Сіздей құрметті мырзадан әдемі болып кетіпсің деген сөз есту мен үшін үлкен мәртебе.
Генералдың қызметшісі. Жоқ - ей оны айтпаймын. Анау көйлегіңіздің алдын айтамын, жабыңыз ашылып кетіпті деймін.
Арызшы әйел./ тез – тез көйлегін қымтап/ Мырза.
Генералдың кһмекшісі. Не керек еді сізге? Алдыңыздағы адамды мыжып өтіп жүгіріп кетердей не шаруа.
Арызшы әйел. /Арызшы әйел баяу үнмен/. Мәртебелі мырза, назар аударсаңыз екен, менің күйеуім коллеждік асессор Шукин, бес ай бойы ауырып, сөйтіп, айып ете көрмеңіз, емделіп үйде жатқанында оны себепсізден – себепсіз отставкаға шығарыпты, мәртебелі мырза, ал оның айлығын алғалы барсам, олар, назар аударсаңыз екен, ал оның айлығынан жиырма төрт сом отыз алты тиын ұстап қалды! Мәртебелі мырза назар аударсаңыз екен.
/Генералдың көмекшісібұл кезде өзінің шаруаларымен парақтарды ақтарып отырады./
Генералдың көмекшісі. Иә, иә айта беріңіз.
Арызшы әйел. Не үшін деймін? Ол жолдастық кассадан ақша алған, оған басқа чиновниктер кепіл болған дейді. Қалай болғаны бұл? Ол менің ризалығымсыз ақша алатын ба еді?
Генералдың көмекшісі. Иә, иә.
Арызшы әйел. /жыламсырап/ Бұл болмайтын іс, мәртебелі мырзам. Өзім бейшара жанмын, пәтер жалдап қан жан сақтаймын... Әлсіз, қорғансызбын... Жұрттың бәрі ренжітеді мені, ешкімнен жақсы сөз естімеймін...
/Арызшы әйел көзін орамалымен сүртіп/
Арызшы әйел. /дауысын көтере сөйлеп/ Мырза назар аударсаңыз екен. Тыңдап тұрмысыз менің күйеуім Шукин мырза бес ай бойы ауырып, сөйтіп, айып ете көрмеңіз емделіп үйде жатқанында оны себепсізден – себепсіз отставкаға шығарыпты, мәртебелі мырза енді мен қайтем әрі оның жалақысынан / зарлы дауыспен жалғап/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет