Арбакеш. Құрметті мырзам сізге айтарым бар еді. Аз маз бірер минут уақытыңызды қимас па екенсіз.
Приказщик. Тіске қатысы болса айта бер басқасына уақытым жоқ. Өлім мен өмірдің ортасында тұрмын.
Арбакеш. Тіс болғанда, тіс емес. Бірақ екінші айтқан нәрселерге ұқсас.
Приказщик. Әй, айтшы енді шыдамымды тауыспай.
Арбакеш. Әрине, әрине асыл тектім. Осы жақын арада бар ғой бір жеті бұрын, ұлым қайтыс болған...
/Приказщик тыңдаған секілді болғанымен ойының бәрі әлгі Яков Васильичтің фамилиясын іздеумен тұр/
Приказщик. Иә, иә сонымен.
Арбакеш. Сонымен, сол енді қолында бар қаражат баламның жерлеуіне кетіп...
Приказщик. Ау, не дедіңіз.
Арбакеш. /өз ашуына тұншығып/ осы бір жеті бұрын балам өмірден өткен еді.
Приказщик. Мен өлтірдім бе не? Сен жаңадан бері не міңгірлеп тұрсың өзі менің қасымда. Фамилияны таптың ба?
Арбакеш. Жоқ құрметтім.
Приказчик. /ашуланып/ Енді не тұрсың кет көзіме көрінбе.
/Осы кезде аула сыпырушы келіп/
Аула сыпырушы. айып етпеңіз құрметтім, бұл адасып жүр, адасып кіріп кетіпті.
Приказщик. Адам өзі миы атала болып жүрсе, қайдағы бір балам өлді дейді ғой маған келіп.
/Аула сыпырушы арбакешті сүйреп әкеліп бара жатқанда арбакеш генералдың аяғына жабысып алады/
Арбакеш. Құлың болайын тақсыр ием, бір жеті бұрын балам өлген еді соны жерлеймін деп бүлік ақшам кетті, енді...
Генерал. Ойй Ольечка, не істеймін а, мен бас десем мыналар құлақ дейді.
Аула сыпырушы. Кешірім өтінемін алдияр тақсыр бұл пақырды өзімде әлі түсіне алмай тұрмын. Бірдеңе бірдеңе деп күбірлейді де ақырын айтпайды. Бірдеңе бірдеңе дейді де ақырын айтпайды.
Арбакеш. /айқайлап/ Әәәй құрып қалғыр, құрып қалғырлар айтуға мұрша берсеңдерші енді.
/Бәрі таңырқап тоқтап қалады/
Алдияр тақсыр осы бір жеті бұрын балам өліп еді, бір апта ауруханада жатып байғұс баламның ажалы менен бұрын келіпті. Енді барғой, қолымдағы жылқы да басқа біреудің малы соны енді аздап азықтандыру үшін қаражат көзі болмай өзіңізден көмек сұрап келіп отыр едім. Бір бейшара пенденің ақырғы сөзіне құлақ аса көріңіз. Уфф айттым ау. Мен барғой...
Достарыңызбен бөлісу: |