«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалы «жылқы аттас фамилия» қойылымы Режиссеры: Бекқұлы Ерман Нұрбосынұлы



бет16/19
Дата22.11.2022
өлшемі347 Kb.
#465451
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
«ЖЫЛҚЫ АТТАС ФАМИЛИЯ» қойылымы

Генералдың көмекшіс. /ашуланып/ Бәрі орынды мен сізге сенемін, бірақ бұл бізге тиісті жұмыс емес деймін. Ерсі, тіпті жұрт күлерлік. Қайда баруыңыз керегін еріңіздің білмегені қалай?
Арызшы әйел. Ол ештеңені білмейді, мәртебелі мырза «Сенің ісің емес кет әрі» дегенді тауып алды, бар болғаны сол. Ал кімнің ісі, масыл болып мойнымда отырған жоқ па менің. Менің!
Генералдың көмекшісі. Ханым сіз шатасып отырсыз. Сіздің еріңіз соғыс – медицина ведомствосында қызмет істеген, ал біздің мекемеміз жеке меншіктегі коммерциялық мекеме. Түсінесіз бе?
Арызшы әйел. /Арызшы әйел оның сөзін тыңдап мақұлдаған кіс ше бас изеп қойды/ Солай, солай түсінемін құрметтім, ондай болса мәртебелі мырза маған тым болмаса 15 сом болса да берсін деп бұйырсаңыз екен! Бірақ түгел берілмесе де көнемін.
Генералдың көмекшісі. / генералдың көмекшісі шалқая беріп бір күрсініп қойды да, қатты айқайлап алдындағы столдағы құжаттар тұрған орындықтан атып тұрып/
Әәй, Ханым! Уһ! Ұқтыра алмадым сізге! Келіңіз мұнда отырыңызшы. /Өзінің орындығына отырғызып/ Түсінсеңізші, міне мынаны қараңызшы мынау айырылысу туралы арызбен дәріханаға бару, не алтын – күміске таңба соғатын дүкенге бару ерсі ғой солай ма?
Арызшы әйел. Мәртебелім сізде бәрі дұрыс па айырылысу туралы арызды дәріханаға алып барғаны несі. Әлде сіз...
Генералдың көмекшісі. /сөзін жалғап/ Міне, міне сол секілді бізге мынадай арызбен келу сондай ерсі ғой. Сізге кем төлеген болса біздің қандай жазығымыз бар?
Арызшы әйел. /жылап қоя берді/ Мәртебелі мырза, өмір бойы құдайдан тілеуіңізді тілеп өтейін, есіркеңіз мен секілді жетімді. Мен бір қорғансыз...
Генералдың көмекшісі./ашуланып/ Иә, иә оны айттыңыз ғой сіз бір қорғансыз, әлсіз жансыз. Діңкеңіз құрып өлердей болып жүрсіз, әрі пәтершілеріңізбен соттасып, әрі еріңіздің дауын шешіп, ораза ұстап, аяғыңызды әзер басып тұрсыз. Мен сізді түсінем Шукина ханым, бірақ сізде мені түсініңізші мен сізге көмектесе алмаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет