«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалы «жылқы аттас фамилия» қойылымы Режиссеры: Бекқұлы Ерман Нұрбосынұлы



бет17/19
Дата22.11.2022
өлшемі347 Kb.
#465451
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
«ЖЫЛҚЫ АТТАС ФАМИЛИЯ» қойылымы

Арызшы әйел. Бірақ менің күйеуім Шукин мырза... Ол бес ай бойы аурырып...
Генералдың көмекшісі. Айып етпеңіз, мен сізбен сөйлесе алмаймын. /галстугын босатып кетіп бара жатқанда арызшы әйелге қарап қолын бір сілтеп/ Ей кім бар. /аула сыпырушы генералдың көмекшісінің алдынан жүгіріп шығады/
Генералдың көмекшісі./ аула сыпырушының жағасынан алып/ Өзің ішке кіргіздің, енді бар да Шукина ханымға оған көмектесе алмайтынымызды түсіндір. Менің енді шамам жоқ.
Аула сыпырушы. Әрине, әрине. Сізде не мәселе ханым. Маған айтсаңыз болды мен жазып аламын да сосын генералдың көмекшісіне берем, генералдың көмекшісі генералға береді. Генерал мәселеңізді шешеді... Шығар...
Арызшы әйел. /арызшы әйел аулы сыпырушының қолтығынан қысып ұстап алып, зуылдап сөйлеп/ |Шығар емес міндетті түрде шешіп беруін талап етемін. Былай ғой жақсылап тыңдаңызшы. Мен бір қорғансыз әлсіз жанмын, мен бір дертті әйелмін. Сырт қарағанда денсаулығым мықты сияқты көрінетін шығармын, ал анықтап қарасаңыздар, тұла бойымда бірде – бір сау тамыр – тарамысым жоқ. Аяғымды әзер басып тұрмын, асқа да зауқым шаппайтын болды... Бүгін кофе ішкен болып едім, тіпті де сүйсінгенім жоқ білесіз бе мен сондай /жыламсырай бастап еді/
Аула сыпырушы. Сонда сіз осыны айтпаққа келдіңіз бе? Бұндай шағыммен екінің бірі келе берсе не болмақ. Құдай – ау бұл деген...
Арызшы әйел. /аула сыпырушының сөзін бөліп/ Жоқ былай ғой, менің жолдасым Шукин мырза бес ай бойы ауырып, сөйтіп, айып ете көрмеңіз емделіп үйде жатқанында оны себепсізден – себепсіз отставкаға шығарыпты. Ау ол ауырып жатқан жоқпа, ал ауырып жатқан адамды себепсізден себепсіз отставкаға шығарғандары қалай. Оның бала шағасы отбасы бар деп неге ойламайды екен. Сонымен қосып, мәртебелі мырза, оның айлығын алғалы барсам, олар, назар аударсаңыз екен, оның айлығынан бақандай жиырма төрт сом отыз алты тиын ұстап қалыпты! Мәртебелі мырза назар аударсаңыз екен.
Аула сыпырушы. Шукина ханым сіз қателесіп тұрсыз бізде мұнда жекеменшік мекеме, ал сізге басқа орталыққа бару керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет