Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67-1 Заңы


№ 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III



бет2/13
Дата25.02.2016
өлшемі0.68 Mb.
#21531
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
№ 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.11.01. № 385-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертiлдi және толықтырылды

3-бап. Банкроттықты тану

1. Банкроттықты борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде сот белгiлейдi.

2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкiлдiк берiлген өзге адамдардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүр етiп белгiленедi.

3. Осы Заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi.

4. Егер:

кредитордың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салықтық берешегі бойынша талабы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса;

өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы жиынтығында дара кәсіпкерлерге - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын, заңды тұлғаларға - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы істерді сот қарайды.

Осы тармақтың талаптары осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

5. Егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға осы Заңда белгiленген ережелер бойынша сот тәртібімен таратылуға тиiс.

6. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда борышкердiң өтiнiш бермеуi борышкердiң басшысына борышкердiң кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жауапкершiлiктi қолдануға әкеп соғады.

7. Сот тәртібімен борышкердi банкрот деп жариялауға оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.

Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс.



 

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертiлдi; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  4-бап  жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )



4-бап. Банкроттық немесе оңалту рәсімдерін қолдану негіздері

1. Борышкердiң төлемге қабiлетсiздiгi кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негiз болып табылады.

Егер борышкер мiндеттемені орындау мерзiмi басталған сәттен бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлемге қабiлетсiз деп есептеледi.

2. Борышкердiң қалпына келтірілу мүмкіндігі болмаған кездегі төлемге қабілетсіздігі оның өзiн банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негiз болып табылады.

3. Борышкердiң қалпына келтірілу мүмкіндігі болған кездегі төлемге қабілетсіздігі немесе борышкерге таяу он екі айда ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі басталғанда оларды орындайтындай күйде болмайтын төлемге қабілетсіздік қатерінің төнуі оның оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.

 

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертiлдi



5-бап. Әдейi және жалған банкроттық

1. Борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган), заңды тұлға-борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және/немесе лауазымды адамдары борышкердi әдейi төлем қабiлетсiздiгiне (әдейi банкроттыққа) жеткiзгенi үшiн дәрменсiз борышкер кредиторлар алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиялық жауапқа тартылады.

Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзгенi үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне шығындарды өтейдi.

2. Егер банкроттықты тану туралы өтiнiштi борышкер сотқа кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға мүмкiндiгi болған кезде берсе (жалған банкроттық), кредиторлар борышкерден осы арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы.

3. Конкурстық басқарушы әдейі немесе жалған банкроттық жасау белгілерін тапқан жағдайда, ол лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге міндетті.

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертiлдi



6-бап. Мүлiктi қайтару және борышкердiң мәмiлелерiн жарамсыз деп тану

1. Борышкердiң өзiн банкрот деп танылғанға дейiн жасаған мәмiлелерi мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер болғанда;

2) егер борышкердiң жеке кредиторлармен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан кейiн бiр кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, уәкілетті органның, кредиторлардың, оңалтуды немесе конкурстық басқарушылардың өтініші бойынша жарамсыз деп танылуға тиіс.

3) 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Осы тармақтың талаптары жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелеріне жатпайды.

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, оңалтушы басқарушы, санацияға қатысушы сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде борышкер берген, оның iшiнде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмiлелер бойынша орындауды қамтамасыз етуге берген мүлiктi, бұл мүлiктi өтеусiз, нарықтық бағасынан төмен бағамен не негіздері болмаса да кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып алған тұлғалардан қайтару туралы өтініш беруге міндетті.

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  2-1-тармақпен толықтырылды



2-1. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, конкурстық басқарушы сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ банкроттық және оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде бұл мүлiктi өтеусiз, нарықтық бағасынан төмен бағамен не негіздері болмаса да кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып алған тұлғалардан қайтару туралы өтініш беруге міндетті.

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, конкурстық және оңалтушы басқарушылар, санацияға қатысушы банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жылға дейінгі кезең ішінде берілген борышкердің мүлкін олардың алдындағы міндеттемелері орындалу мерзімі басталардан бұрын басқа кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып орындалған кредиторлардан қайтаруды сот тәртібімен талап етуге міндетті. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның қағидаларымен қамтамасыз етіледі.

4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген негiздер бойынша банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл iшiнде шаруашылық серiктестiгiнiң қызметшiлерiне (қызметкерлерiне), қатысушыларына дәрменсiз борышкердiң басшысына берген мүлiк талап етiлуi мүмкiн.

Осы тармақта белгiленген мүлiктi талап ету туралы ережелер мүлiктi жұбайына, тiкелей өзiнен тарайтын және шыққан тегi бойынша туыстарына беру жағдайларына да қолданылады.

5. Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде оңалтуды немесе конкурстық басқарушы осы бапта көзделгендерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негiздер бойынша борышкердiң мүлкiн үшiншi тұлғалардан талап ету туралы, борышкер жасасқан шарттарды бұзу туралы талап қоюға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген, борышкердiң мүлкiн қайтаруға бағытталған өзге де әрекеттер жасауға құқылы.

6. Мүлiктiң жоғалуына, бүлiнуiне не оны кейiннен үшiншi тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты осы бапта көзделген жағдайларда мүлiктi талап ету мүмкiн болмаған кезде талап етiлетiн мүлiктiң бастапқы сатып алушылары борышкердiң алдында осыған байланысты туындаған зиянды жоғалған, бүлiнген не үшiншi тұлғалар адал жолмен сатып алған мүлiктiң құны шегiнде өтеу жөнiнде жауапты болады.

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 7-бап өзгертiлдi



7-бап. Шартты орындаудан бас тарту

1. Оңалтуды басқарушы банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасаған, екi жақ та толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан мына жағдайлардың бiреуi болған кезде:

1) шартты орындау борышкерге зиян келтiрсе;

2) салыстырмалы жағдайларда жасалатын ұқсас шарттармен салыстырғанда шартта борышкерге ауыр тиетiн жағдайлар болса;

3) шарт ұзақ (1 жылдан астам) мерзiмге жасалса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi келешекке есептелсе;

4) борышкердiң шартты орындауы басқа кредиторлар үшiн жағымсыз жағдайларға әкеп соғады деген өзге де негiздер болса, бас тартуға құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда шартты орындаудан бас тартқан кезде контрагенттiң шартты бұзу арқылы келтiрiлген шығындарды нақты зиян мөлшерiнде өтеудi борышкерден сот тәртібімен талап етуiне не бас тарту негiзiне дау айтуына болады.

2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



8-бап. Банкроттық туралы iстердiң сотта қарауға жататындығы

Банкроттық туралы iстердi соттар борышкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленетiн тұрған жерi бойынша қарайды.

10.07.98 ж. № 283-1 ҚР Заңымен; 01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен  (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

9-бап. Оңалтуды және конкурсты басқарушылар

1. Оңалту рәсiмiн және конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру мақсатына қол жеткiзу үшiн оларды жүргiзу кезеңiнде төлемге қабілетсіз және дәрменсiз борышкердiң барлық органдары оны басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер оңалтушы не конкурстық басқарушыға (таратушыға) берiледi.

Оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр органы ретiнде әрекет етедi және өз өкiлеттiктерiн борышкердiң тұрған жерi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi.

Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

2. 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )

3. Оңалтуды және конкурсты басқарушылардың құқықтары мен міндеттері, оның iшiнде сыйақы алуға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару жөніндегі өкiлеттiктер көлемi осы Заңмен және уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша кредиторлар комитетiнің олармен жасасқан келiсiмімен реттеледi.

4. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тіркелген дара кәсiпкер оңалтуды және конкурсты басқарушы болып тағайындалады.

Осы тармақтың талаптары осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында және 55-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.



Осы Заңда оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларға жүктелген өкілеттіктерді өзге тұлғаларға беруге болмайды.

5. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тіркеуден өту үшін мынадай:

1) дара кәсіпкер ретінде тіркелу;

2) жоғары заң немесе экономикалық білімінің болуы;

3) білім беру ұйымдарында оңалтуды, конкурсты басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру бойынша даярлықтан өту;

4) экономикалық, қаржы, есептік-талдамалық, бақылау-тексеру, құқық қызметі салаларының бірінде не заңды тұлғаның бірінші басшысы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы талаптары белгіленеді.

6. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркеуден өту үшін дара кәсіпкер уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) жоғары заң және (немесе) экономикалық білімі туралы дипломдардың көшірмелерін;

4) оңалтуды, конкурсты басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру бойынша даярлықтан өткенін растайтын, білім беру ұйымы берген құжаттың көшірмесін;

5) еңбек қызметін, оның ішінде жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмесін;

6) өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша, оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы;

7) өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамаларды тапсырады.

Уәкілетті органға құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бірге не құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылады.

Уәкілетті органға тапсырылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттардың қабылданған күні көрсетіле отырып, өтініш берушіге беріледі (жіберіледі).

Уәкілетті органда тіркелу кезінде ұсынылған құжаттардың дәйектілігі үшін дара кәсіпкер Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Уәкілетті орган тіркеуді осы тармақта бергіленген құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

Уәкілетті орган осы тармақта көзделген мерзім ішінде өтініш берушіге - тіркелгені туралы растауды, ал тіркеуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша бас тартудың себептері көрсетілген дәлелді жауап жібереді.

7. Уәкілетті орган мынадай:

1) осы баптың 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмаған;

2) өтініш беруші осы бапта белгіленген талаптарға сай болмаған;

3) өтініш берушіге қатысты осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын, заңды күшіне енген сот актісі болған;

4) өтініш беруші бұрын осы баптың 8-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша тіркеуден шығарылған.

Осы тармақшаның ережелері осы баптың 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тіркеуден шығарылған өтініш берушіге үш жыл бойы қолданылады;

5) өтініш берушінің заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болған;

6) өтініш беруші сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған жағдайларда тіркеуден бас тартады.

8. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғаны тіркеуден шығаруды уәкілетті орган мынадай:

1) тіркеуден шығару туралы өтініш ұсынылған;

2) осы Заңның осы бабы 12-тармағының 1) тармақшасында және (немесе) 41-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір жыл ішінде бірнеше рет шеттетілген;



3) еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан шеттетілген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның осы бабы 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 41-1-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттетілген;

4) тіркеу кезінде оның дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісі анықталған жағдайларда жүргізеді.

9. Тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректер өзгерген кезде, уәкілетті органда тіркеуде тұрған тұлға уәкілетті органға өзгерістер туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

10. Осы Заңның 2-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдардың банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi орган оңалтуды басқарушыны - табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен, тиiстi орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша, ал қала құраушы кәсiпорындар бойынша - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті әкімімен келiсiм бойынша тағайындайды.



11. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар етiп:

1) осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында және 55-бабының 2-тармағында көзделгендерден басқа жағдайларда борышкер немесе кредитор әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамын;

2) осы Заңның осы бабы 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес дәрменсіз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетілген және (немесе) 41-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сырттай байқау рәсімін жүргізуден шеттетілген сәттен бастап бір жыл өткенге дейін шеттетілген тұлғаны;

3) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн бір жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адамды.

Аталған шарт осындай шешiм қабылданған күннен кейiнгi бес жыл бойы қолданылады;

4) егер серiктестiк, акционерлік қоғам не кооператив дәрменсiз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай шаруашылық серiктестiкке қатысушылар, акционерлік қоғамның акционерлерi, кооператив мүшелерi. Осы тармақшаның ережесi осы Заңның

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет