Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67-1 Заңы



бет8/13
Дата25.02.2016
өлшемі0.68 Mb.
#21531
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
№ 256-1; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 40-бап өзгертілді

40-бап. Әкiмшiлiк шығыстарын бөлу

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Борышкердi банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы шешiм қабылданған кезде әкiмшiлiк шығыстар борышкердiң мүлкiне жатқызылады және осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс өтеледi. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот және әкiмшiлiк шығыстары осы тәртіппен өтеледi.

2. Борышкердiң кредиторлардың талаптарына қарсылықтарын соттың дәлелдi деп тануына байланысты борышкердi банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген шығындар сотқа өтiнiш берген кредиторларға жатқызылады және олардың арасында талаптарына қарай бөлiнедi.

2006.10.01 № 115-III Заңымен 41 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

41-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi. Шешiмдi (ұйғарымды) қайта қарау

Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi мен оларды апелляциялық және қадағалау тәртібімен қайта қарау азаматтық сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша жүзеге асырылады.

 

 

2006.10.01 № 115-III Заңымен 3-1- тараумен толықтырылды



3-1-тарау. Сырттай байқау

 

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.11.01. № 385-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-2-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 41-1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 41-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



41-1-бап. Сырттай байқау

1. Кредитордың не уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот сырттай байқау рәсiмiн енгізу туралы iс қозғау жөнiнде ұйғарым шығарады.

Борышкерге қатысты сырттай байқау рәсiмi:

1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор немесе сырттай байқау рәсiмiн қолдануға келiсiм бiлдiрген кемiнде үш кредитор, оның iшiнде өтiнiш берушi болған кезде;

2) борышкердiң төлем қабiлетi болмаған кезде үш айдан бір жылға дейiнгi мерзiмге енгiзiлуi мүмкiн.

Бұл ретте, өтiнiш берушiнiң ұсынысы бойынша кредиторлардың болуын борышкерден кредиторлары және олардың мүлiктiк талаптарының мөлшерi туралы мәлiметтi талап ету арқылы сот белгiлейдi.

Соттың сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарымында уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде сырттай байқау әкімшісін тағайындау тапсырылатыны туралы көрсетіледі.

Сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

2. Сырттай байқау әкiмшiсi қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тіркелген дара кәсiпкер сырттай байқау әкімшісі болып тағайындалады.

Сырттай байқау әкімшісі өз өкілеттігін борышкердің орналасқан жері бойынша жүзеге асыруға міндетті.

Сырттай байқау әкімшісі етіп осы Заңның 9-бабының 11-тармағында көрсетiлген тұлғаларды тағайындауға болмайды.

Осы Заңда сырттай байқау әкімшісіне жүктелген өкілеттіктерді өзге тұлғаларға беруге болмайды.

3. Сырттай байқау әкімшісін уәкілетті орган:

1) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне залал келтірген олардың осы Заңда белгіленген талаптарды бұзушылықтары тексеру нәтижелері бойынша анықталған;

2) өз өкілеттіктерін орындау: қайтыс болуы; бір айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі салдарынан мүмкін болмаған;

3) тіркелу кезінде олардың дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған;

4) өзі тағайындалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кредиторлар комитетімен келісім жасамаған не кредиторлар комитетімен жасаған келісім бұзылған жағдайларда шеттетуге тиiс.

Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша сырттай байқау әкімшісін сырттай байқау рәсімін жүргізуден бір жыл ішінде бірнеше рет шеттету және (немесе) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттету оны барлық борышкерлерге қатысты осы Заңда көзделген өкілеттіктерді орындаудан бір мезгілде шеттетуге әкеп соғады.

4. Сырттай байқау әкімшісі сырттай байқау рәсімін жүргізуден өз еркі бойынша босату туралы өтініш ұсынған кезде кредиторлар комитетінің келісімімен босатылады.

Өтінішке кредиторлар комитетімен келісілген оның қызметі туралы есеп және кредиторлар комитетінің келісімі қоса беріледі.

Сырттай байқау әкімшісі жүктелген өкілеттіктерді орындаудан шеттетілген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған сырттай байқау әкімшісі алдыңғылардың құқық мирасқоры болып табылады.

5. Сырттай байқау енгiзiлген кезде мынадай салдар туындайды:

1) кредиторлардың борышкерге қатысты кез келген талаптары осы Заңда көзделген сырттай байқау рәсiмi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;

2) борышкердiң лауазымды тұлғаларына өздерiне тиесiлi акцияларды, борышкер мүлкiндегi үлестерiн иелiктен шығаруға тыйым салынады;

3) борышкердiң кепілге қойылған мүлкінен, оның ішінде соттан тыс тәртіппен өндіріп алуға тыйым салынады.

6. Сотқа сырттай байқауды енгізу туралы өтiнiш берген кезде кредитор салық қызметiнiң тиiстi органына хабарлама жiбередi.

 

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 41-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



41-2-бап. Сырттай байқау рәсімінде кредиторлар комитетiн қалыптастыру

1. Сырттай байқау кезінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар комитеті құрылады, оның құрамын осы баптың талаптарына сәйкес сырттай байқау әкімшісі құрады және оны уәкілетті орган бекітеді.

2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Кредиторлар комитетінің құрамына борышкерге ең көп талабы бар азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлар, сондай-ақ еңбекақы төлеу бойынша және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлардың өкілдері кіруі мүмкін.

3. Өтініштері бойынша сырттай байқау рәсімі енгізілген кредиторлар, талаптардың мөлшеріне қарамастан, кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі.

4. 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

41-3-бап. Кредиторлар комитетінің өкілеттіктерi



Кредиторлар комитетінің өкілеттіктеріне:

1) сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттерін үйлестіру мен бақылау;

2) борышкердің негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге мәмілелер жасауына қатысты сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттерін келісу, қайта ұйымдастыруды жүргізу;

3) сырттай байқау әкімшісімен борышкердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесінде борышкердің төлемге қабілетсіздігі туындаған, сырттай байқау рәсімін енгізгенге дейін жасалған оның мәмілелерін және іс-әрекеттерін анықтау мен талдау, мүлікті түгендеу актілері бойынша салыстыру жүргізу жөніндегі іс-шаралар және осы Заңда белгіленген өзге де іс-шаралар туралы уәкілетті органмен келісілген келісім жасау;

4) уәкілетті органға сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттері жөнінде шағымдану;

5) сырттай байқау рәсімін ұзарту немесе тоқтату туралы сотқа өтініш жасау жатады.

 

2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 41-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

41-4-бап. Сырттай байқау әкімшісінің өкілеттіктерi

1. Сырттай байқау әкімшісі:

1) сотқа борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қолдану, сондай-ақ мұндай шаралардың күшін жою туралы өтініш жасауға;

2) түгендеу актілері бойынша борышкердің мүлкіне салыстыру жүргізуге;

3) борышкерден берешек сомасы көрсетілген оның кредиторлары мен дебиторларының толық тізбесін, активтері мен пассивтері толық көрсетілген балансын, борышкердің қаржылық жағдайы туралы есепті және басқа да қажетті ақпаратты талап етуге;

4) сот алдында үшінші тұлғалардан қажетті құжаттарды, қорытындыларды табыс ету және (немесе) оларды талап ету, олардың борышкердің алдыңғы үш жылдағы қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты өзге мәліметтерді табыс етуі туралы өтініш жасауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мәліметтермен олардың тұрған жерінде танысуға;

5) сырттай байқау рәсімі енгізілгенге дейінгі алдыңғы үш жыл ішінде жасалып, борышкердің қаржылық жағдайын нашарлатқан мәмілелерді анықтауға, борышкерден оларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен бұзуды талап етуге;

6) борышкерден осы Заңның 41-7-бабында көзделген өзінің міндеттерін орындауын талап етуге;



7) осы Заңда көзделген тәртіппен және мөлшерде сыйақы алуға құқылы.

2. Сырттай байқау әкімшісі:

1) борышкерге қатысты өз іс-әрекеттерін кредиторлар комитетімен келісуге;

2) борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және оны қорғау жөнінде шаралар қолдануға;

3) әдейі және жалған банкроттық белгілерінің бар екенін анықтауға және анықталған белгілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға не борышкерден оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тануын талап етуге;

4) борышкердің кредиторлары мен дебиторларын анықтауға, борышкерден дебиторлық берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қолдануын талап етуге;

4-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған сырттай байқау рәсімі бойынша қажетті ақпарат беруге;

5) сырттай байқау кезеңі аяқталғаннан кейін кредиторлар комитетімен және уәкілетті органмен келісілген, борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі және оған қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы не борышкерді банкрот деп тану туралы қорытындысы бар өз қызметі туралы есепті сотқа табыс етуге міндетті.

 

41-5-бап. Сырттай байқау әкімшісінің жауапкершілігi



Сырттай байқау әкімшісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 41-6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

41-6-бап. Сырттай байқау шығыстары

Сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар мен ағымдағы төлемдер мөлшері кредиторлар мен сырттай байқау әкімшісі арасында жасалатын келісіммен айқындалады.

Сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар мен ағымдағы төлемдер сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген елу айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айына бір рет борышкердің мүлкі есебінен төленеді.

 

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 41-7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



41-7-бап. Борышкердің міндеттерi

Борышкер:

2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



1) сырттай байқауды енгiзу туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында сырттай байқауды енгiзу туралы жарияланымды қазақ және орыс тiлдерiнде орналастыруға;

2) сырттай байқау әкімшісінің талабы бойынша:

сырттай байқау енгізілгенге дейін жасалған, негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру жөніндегі мәмілелерге, сондай-ақ құны борышкер активтері құнының жалпы мөлшерінің он және одан да көп проценті болатын басқа да мәмілелерге қатысты қаржылық-шаруашылық және ұйымдастыру қызметі туралы ақпарат ұсынуға;

борышкердің қаржылық жай-күйін нашарлатқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді бұзу жөнінде шаралар қабылдауға;

3) сырттай байқау әкімшісімен шығыстардың ұлғаюын, бухгалтерлік есеп стандарттарына сай өз капиталындағы өзгерісті, қайта ұйымдастыру жүргізуді, негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру жөніндегі мәмілелердің, сондай-ақ борышкер активтері құнының жалпы мөлшерінің он және одан да көп проценті болатын мүлікті сатып алу немесе иеліктен айыру жөніндегі мәмілелердің жасалуын келісуге міндетті.

 

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 41-8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



41-8-бап. Сырттай байқауды тоқтату

Сырттай байқау:

1) сырттай байқау мерзімі біткен;

2) сырттай байқау мақсаттарына қол жеткізілген жағдайларда сот сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебін бекіткен кезде тоқтатылады.

Сот сырттай байқау рәсімін кредиторлар комитетінің өтініші бойынша тоқтатуы мүмкін.

 

4-тарау. Оңалту рәсімі



 

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 42-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



42-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану

Оңалту рәсiмi сот тәртiбiмен тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.

 

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 43-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



43-бап. Оңалту рәсіміне қатысушылар

Сот, кредиторлар, борышкер, борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), оңалтушы басқарушы, уәкілетті орган және басқа да мүдделі тұлғалар оңалту рәсіміне қатысушылар болып табылады.

 

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды



43-1-бап. Соттың оңалту рәсіміндегі өкілеттігі

Сот оңалту рәсімінде:

1) оңалту рәсімін қолданады, тоқтата тұрады және тоқтатады;

2) оңалту жоспарын бекітеді;

3) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

4) борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iсті өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды;

5) кредиторлар жиналысының шешімі негізінде борышкер мүлкі меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) борышкер мүлкін және істерін басқару құқығын сақтап қалады немесе уәкілетті органға оңалтушы басқарушыны тағайындауды тапсырады;

6) оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.

 

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 43-2-баппен толықтырылды



43-2-бап. Оңалту рәсімін қолданудың салдарлары

1. Сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарған сәттен бастап мынадай салдарлар басталады:

1) мүлікпен кәдімгі коммерциялық операциялардың шеңберінен тыс мәмілелер жасасуға тыйым салынады;

2) борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық төлемін (өсімпұлдарды, айыппұлдарды), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есептеу тоқтатылады;

3) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, төлеу мерзімі оңалту рәсімін қолданғаннан кейін басталған, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ борышкер мүлкінің меншік иелерінің (олар уәкілеттік берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкіне қатысты қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;

4) оңалту рәсімі қолданылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдердегі салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салық қызметі органы есепке жазған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленеді.

2. Оңалту жоспары бекітілгеннен кейін:

1) оңалту жоспарында көзделгендерді қоспағанда, мүлікпен кәдімгі коммерциялық операциялардың шеңберінен тыс мәмілелер кредиторлар жиналысының келісімімен жасалады;

2) кредиторлық берешекті өтеу кестесі оңалту жоспарына сәйкес орындалмаған жағдайда, кредиторлық берешекті өтеудің оңалту жоспарында көрсетілген күнінен немесе кезеңінен кейінгі күннен бастап осы Заңның



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет