Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67-1 Заңы



бет3/13
Дата25.02.2016
өлшемі0.68 Mb.
#21531
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
9-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды;

5) жұбайы (зайыбы), осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың жақын туыстарын тағайындауға болмайды.

12. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды уәкілетті орган:

1) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне залал келтірген олардың осы Заңда белгіленген талаптарды бұзушылықтары тексеру нәтижелері бойынша анықталған;

2) өз өкілеттіктерін орындау: қайтыс болуы; бір айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі салдарынан мүмкін болмаған;

3) тіркелу кезінде олардың дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған;

4) өзі тағайындалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кредиторлар комитетімен келісім жасамаған не кредиторлар комитетімен жасалған келісім бұзылған жағдайларда дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетуге тиiс.

Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды дәрменсіз борышкердiң мүлкi мен істерін басқарудан бір жыл ішінде бірнеше рет шеттету және (немесе) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттету оларды барлық борышкерлерге қатысты осы Заңда көзделген өкілеттіктерді орындаудан бір мезгілде шеттетуге әкеп соғады.

13. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар банкроттық рәсімдерде дәрменсіз борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан өз еркі бойынша босату туралы өтініш ұсынған кезде кредиторлар комитетінің келісімімен босатылады. Өтінішке кредиторлар комитетімен келісілген олардың қызметі туралы есеп және кредиторлар комитетінің келісімі қоса беріледі.

Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар жүктелген өкілеттіктерді орындаудан шеттетілген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушы алдыңғылардың құқық мирасқорлары болып табылады.

 

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  9-1-баппен толықтырылды



9-1-бап. Оңалту рәсімінде борышкердің мүлкі мен істерін басқару

1. Борышкер мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) өтініші бойынша, кредиторлар жиналысының келісімімен, оңалту жоспары бекітілген сәттен бастап сот борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтайды.



Борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқықтарын сақтау туралы өтініш кредиторлар жиналысының шешімі қоса тіркеле отырып, оңалту жоспарын ұсынумен бір мезгілде сотқа жіберіледі.

Кредиторлар жиналысы борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, кредиторлар жиналысы уәкілетті органда тіркелген тұлғалар арасынан өздерінің оңалтушы басқарушы кандидатурасын ұсынуға міндетті. Кредиторлар жиналысының борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы шешімі оңалту жоспарын ұсынумен бір мезгілде сотқа жіберіледі.

Борышкер мүлкінің меншік иесі, құрылтайшылар (қатысушылар) борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетілген жағдайда да кредиторлар жиналысы оңалтушы басқарушы кандидатурасын ұсынуға міндетті.

Борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) қалған жағдайда, осы Заңның 51-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын қоспағанда, борышкердің органдарына заңнамада белгіленген құзырет шегінде өкілеттіктер және осы Заңда оңалтушы басқарушы үшін көзделген жауапкершілік қолданылады.



Кредитор (кредиторлар) органның осы Заңда көзделген міндеттерді бұзғанын анықтаған жағдайда, борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар) кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкердің басқару органдарының мүшелерін ауыстыруға міндетті.

2. Оңалтушы басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде кредиторлар жиналысы уәкілетті органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.

3. Уәкілетті орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтушы басқарушы етіп тағайындауға міндетті.

4. Кредиторлық берешекті өтеу кестесі үш айдан астам мерзімде орындалмаған және (немесе) уәкілетті орган анықтағандарды қоса алғанда, осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайларда, сот борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын сақтаған борышкер мүлкінің меншік иесін, құрылтайшыларды (қатысушыларды) кредиторлар жиналысы уәкілеттік берген тұлғаның өтініші бойынша өтініш келіп түскен күннен бастап он бес күн ішінде басқарудан шеттетеді.



Сот ұйғарымында:

уәкілетті органға ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап бес күн мерзімде оңалтушы басқарушыны тағайындауды тапсыру туралы;

борышкердің есепке алу құжаттамасын, құрылтайшылық, сондай-ақ борышкер мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды беруі туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.

 

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді



10-бап. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмi

1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерiн банкроттық рәсiмдерiне сәйкес қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жасалады.

2. Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын, сондай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес негізделген деп танылған талаптары енгізіледі.

Борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы заңды күшіне енген соттың шешімі немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады.

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Оңалту немесе банкроттық рәсiмдерiн қолданғаннан кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды тиiсiнше оңалтушы не конкурстық басқарушылар жүзеге асырады.

4. Кредиторлардың талаптарын тізілімге енгізу не олардың талаптарының сомасы туралы кредиторлар және оңалтуды немесе конкурстық басқарушылар арасында туындайтын келіспеушіліктерді тиісті кредитордың мәлімдемесі бойынша сот қарайды.

Соттың шешімі талапты тізілімге енгізу үшін негіз болып табылады.

 

ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2006.10.01. № 115-III (бұр. ред. қара); 2007.11.01. № 218-III; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 10-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 10-1-бап өзгертілді; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-1-бап өзгертілді



10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің банкроттық саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптарды белгілейді;

1-1) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдайды;

2) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)



3) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара)

4) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықтар жүргізу тәртібін айқындайды;

5) заңды тұлғаларды қала негізін қалаушы ұйымдарға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу тәртібін айқындайды;

6) кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібін белгілейді;



7) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 10-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара) 10-2 бап өзгертілді



10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеуді және оларды тіркеуден шығаруды жүргізеді;

2) 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



3) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындайды және шеттетеді (босатады);

4) сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

5) 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) оңалтушы басқарушының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы (жасалған мәмілелер туралы ақпаратты талап етеді) және конкурстық басқарушының конкурстық іс жүргізу барысы туралы ағымдағы есептерін, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісінің сырттай байқау рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы есептерін қарайды;

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есептерiн келiседi;

11) 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12) сырттай байқау әкiмшiсiнiң, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысанын, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсi мен конкурстық басқарушының қорытынды есебiн келiсу тәртiбiн бекiтедi;



2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) конкурстық іс жүргізу кезінде, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді;

14) кредиторлар талаптарының тізілімін бекітеді;

15) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды талап етуге құқылы;

16) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзартады;

17) 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

18) осы Заңда белгіленген жағдайларда, оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін шеттету туралы шешім қабылдайды;

19) борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

20) жалған және әдейі жасалған банкроттықтың белгілерін анықтайды;

21) оңалтушы, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды;

22) осы Заңның 6-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қолданады;



23) сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды білім беру ұйымы арқылы даярлау ережелерін бекітеді;

23-1) тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, сондай-ақ тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын белгілейді;

24) оңалтуды және конкурсты басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету тәртібін белгілейді;

24-1) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25) мониторингті, оның ішінде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ақпаратты және құжаттарды талап ету арқылы жүзеге асырады;

26) мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды адамдарынан төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпаратты сұратады және алады;

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

27) осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайда, сырттай байқау әкімшісінің, конкурстық және оңалтушы басқарушылардың шешімдері мен іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулайды;

28) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;

29) заңмен белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және олар туралы істерді қарайды, өз құзыреті шегінде әкімшілік жаза қолданады.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

30) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

31) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10-3-баппен толықтырылды; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 10-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 10-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)  (бұр.ред.қара) 10-3-бап өзгертілді



10-3-бап. Сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін мемлекеттік бақылау

1. Уәкілетті органның сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін мемлекеттік бақылауының нысанасы тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.

Мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Осы Заңның



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет