Бас редактор Қаржаубаев Е.Қ



бет14/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.43 Mb.
#8254
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. ҚР Қылмыстық кодексі, 1997 жылғы 16 шiлде;

  2. ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi, 2001 жылғы 30 қаңтар;

  3. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 537-IV Заңы;

  4. http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/207305/;

  5. «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңы;

  6. http://profit.kz/news/8185-Vstupili-v-silu-popravki-v-zakon-ob-avtorskom-prave

Мусагалиева А.Ж., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің студенті
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Актуальность рассматриваемой в статье темы обусловлена увеличением количества преступлений среди несовершеннолетних. Автор задался целью раскрыть причины роста детской преступности, обосновать меры профилактики правонарушений и применения мер наказания.

Ключевые слова: несовершеннолетний, преступление, санкция.
This article about a crime among juveniles. This topic is currently relevant, because in a society growing juvenile delinquency. The purpose of this article - to reveal the reasons for the growth of juvenile crime, delinquency prevention, and application of penalties.

Key words: juvenile, crime, the sanction.
Кәмелетке толмағандар мен жастардың қылмыстылығымен күресу-бұл қыл-мыстылықтың ағымдағы себептері мен факторларымен және басқа да құбылыс-тарымен бірге болатын әлеуметтік саяси мәселе.
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығы 1999 жылға дейін жете қарастырыл-мады. Бірақ, соңғы уақытта бұл ситуация жақсы жағына өзгерді.Мысалы,жаңа қылмыстық кодексте «кәмелетке толмағандар мен жанұяға қарсы қылмыстарға» байланысты арнайы бөлім енгізілген,сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекттік жастар саясаты» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауындағы тоқталулар,«Құқық бұзу профилактикасы туралы» заң,содан кейін кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығына байланысты кешенді бағдарлама өңделіп қолданылуда.

Дейтұрғанмен,кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қоғамға қарсы мінез-құлық,құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу ерекше мәнге ие,сондықтан кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын ескертумен шұғылданатын арнайы мемлекеттік органның қызметін уақыт өткен сайын одан әрі тиімді ұйымдастыруды талап етуде. Біздің еліміздегі кәмелетке толмағандардың жасаған құқыққа қарсы әрекеттеріне әкімшілік және басқа да алдын алу шаралары құқық қорғау органдарына,қоғамдық бірлестіктерге, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша және олардың құқықтарын қорғайтын құзырлы органда жүктелген. Аталған органдар өздеріне жүктелген қызметтерін тиесілі деңгейде атқарып отырғандырымен,кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылық деңгейін төмендете алмай отыр. Өткен 2011 жылы жасалған жалпы қылмыстардың ішіндегі кәмелетке толмағандардың үлесі: ересектермен бірлесіп жасаған қылмыстардың саны - 2194, кәмелетке толмағандардың топтасып жасаған қылмыстары - 2075 құрайды. [1, 42б.] Бұл көрсеткіштер кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алу,ескертудің әлі де болса жеткіліксіз екендігінің айғағы.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың жалпы алдын алу әдетте үш салада-отбасында,мектепте және тұрғылықты жері бойынша жүргізілуі қабылданған. Әрекет ету барысында осы салалар мен бағыттыр бойынша жүргізілген алдын алу шаралары міндетті түрде бір-бірімен тығыз байланысып,кешенді сипат алуы керек.

Біз мақаланың көлемінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қылмыстырдың жалпы алдын алу салаларының бірі-отбасына қатысты мәселеге тоқталмақпыз. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қылмыстылықтың жалпы алдын алудағы отбасына бағытталған шаралары бірінші кезекте ата-аналардың тәрбие берудегі ежелден қалыптасқан,күрделі де жауапты тәсілдерді игеруге бағытталып,балаларға қатысты өздерінің міндеттерін орындауды бақылауға тиімді әсер етуі тиіс.Өкінішке орай осы бағыттың өзі біздің қоғамда шешуін таппай отыр. Қазіргі таңда ата-ананың бала тәрбиесіне толық қатыса алмауының себептері ретінде келесілерді атауға болады:нарықтық экономика кезеңіндегі әлемдік дағдарысты бастан кешудегі отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының қыспаққа түсіп,тұрмыстық әл-ауқатының төмендеуі,баланың толық отбасында тәрбиелене алмауы,отбасылық рухани құндылықтардың жетіспеуі,отбасындағы келіспеушілік,жанжал,отбасы мүшелерінің өздеріне тиесілі рөлдерін қажетті деңгейде орындай алмауы,балалар қараусыздығы мен бақылаусыздығы және т.б. [2, 57-62б.]Статистикаға сүйенсек заң бұзып,қылмыс жасаушы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің көбі толық отбасында тәрбиеленбегендер,олардың ішінде 29 % әкесіз тәрбиеленгендер,ал ата-анасының екеуі де қызметте болып,тәрбиеге уақыт болмауы 8 % құрайды.

Осындай жағдайлардың әсерінен қадағалаусыз қалған жасөспірімдер әртүрлі психологиялық табыссыз факторлардың туындауына,одан әрі құықбұзушылық әрекеттерге,содан барып қылмыс жасауға орын береді.Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының 90 % осы қадағалаудың болмауының салдарынан екенін атай кеткен жөн.

Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің қылмыс жасаудағы бірден бір кең таралған себептерінің бірі алкогольдік және есірткі заттарды қолдану,сонымен қатар жүйкеге әсер ететін заттарды көп қолдану болып келеді.Алкогольдік және есірткі заттарды қолданудың бірден бір себебі ретінде қызығушылық - 52,3 % көрсетеді,өзінің рахат сезімі үшін-19,2 %,достарынан қалмау - 10 %, [1, 42б.] ал қалған бөлігі деппрессия жағдайында бір нәрсені ұмыту,бір нәрсемен айналысу болып табылады.

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың есірткі заттарды қабылдау мен оларды тарату мәселесі өрбіп тұр.Жасөспірімдер арасындағы есірткі заттарды пайдаланудың өсуі,заңсыз айналымы-60% дейін жетті.

Аталғандардың барлығы ауқымы кең проблема,қоғамдағы кемшілік болғандықтан шешуін әріден алып,мемлекеттік деңгейде қарастыруды қажет етеді.Себебі,бір адам-отбасының мүшесі,отбасы мемлекетті құраушы бөлшегінің бірі болмақ.Кәмелетке толмағандардың жалпы құқықтық мәртебесі-

қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде әрбір адамның иеленетін құқықтары,міндеттері мен заңды мүдделерінің жиынтығы болып табылады.

Осы мәселені шешу барысында оны мынадай бөліктермен қарастыруға болады:

1) психологиялық тұрғыда;

2) әлеуметтік тұрғыда;

3) заң нормалары негізінде.

Жасөспірімдерді психологиялық жағынан бақылап зерттеу көп факторлы құбылыс.Енді өмірге аяқ басып,оңды-солды енді ажыратқан жеткіншектің отбасындағы қиын кезеңнің туындауы, ұрыс-керіс, кең көлемде қадағаламау бала психологиясының дамуына айтарлықтай әсер тигізеді.Қазақстан Республикасында аталған мінез-құлықты адамдарды оңалтуға арналған психологиялық бағдарламалар қаралмаған. Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алуға қажетті психологиялық тұрғыдан әсер ету тұжырымы,реттеуші бағдарламалар да жоқ. Соның салдарынан кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық жасаудағы себептің, кінәнің пайда болу тетіктері анықталмайды. [5, 93б] М.А.Алемаскин бұл проблеманы педогогтар,психологтар, заң қызметкерлері толық негізде зерттеуі қажет дейді, және заңды бұзушыларды тәрбиелеудің психологиялық негізі, бұзақылық жасап, өрескел қылық көрсеткен балалардың қылмыстық психологиясы жөнінде кең түсінік берген. Сондай-ақ бұл тұрғыда А.Б.Сахаров, Е.А. Копыстынскийдің еңбектерін атауға болады. Жас заң бұзушыларды түзетуде рухани психологиялық ерекшеліктерді ажыратып, тәрбиелеудің үйлесімді жағдайын, әдісін анықтау қиын болса да оған аса көңіл бөлуді жөн санаймын.

Кәмелетке толмағандарға әсер ету үшін оның отбасының әр мүшесіне қатысты шаралар ұйымдастырып,оны жүзеге асыра келе, жаппай қоғамда қылмыстық саясатпен қоса әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды қажет етеді.Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдерді өзінің ортасынан, қоғамнан жеке бөліп алып тәрбиелеу мүмкін емес, сондықтан біртұтас қаралатын шара болмақ. Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру кезінде ата-аналардың балаға дұрыс тәрбие беретіндей жағдай жасап,бала тәрбиелеудегі жауаптылығын арттырып,құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан сауаттандырып, сауыұтырған дұрыс. Тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек, ана мен баланы қолдау, ең бастысы отбасындағы қылмыстық, құқық бұзушылық мінез-құлықты алдын ала анықтауға баса назар аудару. Ата-аналарға қоғамдағы отбасы институтының бала тәрбиесіндегі рөлінің ерекшелігін сезіндіру, оны насихаттау. Ол үшін балаға қоршаған ортасы,мектеп, оқу орнының алдында негізгі тәрбие беруші ата-ананың бала тәрбиелеудегі, білім беру мен басқа да қажеттіліктерді өтеу міндетін атқаруда жауапкершілік жүктеу, қоғаммен қабылданған нормаларды орындауға үгіттеу, үндеу, тіпті болмаса мәжбүрлеу шараларын қарастыру.

Тағы бір шарасы ретінде кәмелетке толмағандарға қатысты жауаптылықтың бір жүйеге келтірілмеуін атар едім. Нақты мысал ретінде мемлекетімізде жеткіншек қыздарға қатысты жазалау орындарының жоқтығын ату,а болады. Жеткіншектерге қатысты бас бостандығынан айыру мен шектеумен ұштасатын жазалар түгілі, қылмыс дәрежесіне сәйкес қандай да бір тәрбиелік ықпал ету шаралары да көзделмеген, сол себепті де жаза мақсатына жету үшін нормативтік актілермен реттеліп, мемлекеттік қадағалау күшейтілгені абзал.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде қылмыс субьектісін 16 жас деп тану көзделген. [3] Бірақ, жасөспірімдердің қылмыс жасы одан да аз болып келетінін статистика дәлелдейді. Соған байланысты егер біз 14-15 жастағы жеткіншектерді қылмыс субьектісі ретінде танымайтын болсақ, бұл қылмыстық формальды азайтқанымен, қоғамдық қауіптілікті күшейтпейді ме?! Егер мұны ізгілік қағидасымен салыстыратын болсақ,бұған әлі ертерек деп есептеймін.Дамыған Еуропа мемлекеттерінде гумандақ заңдар толығымен қолданысқа енген,қылмыс дәрежесіне сәйкес, Польшада 10 жастан, Англияда 12 жастан қылмыс субьектісі ретінде тану көзделген,соған сәйкес дамыған мемлекеттердің тәжірибесімен санасу керек деп есептеймін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 63-бабына сәйкес «шартты түрде соттау кезінде кәмелетке толмаған балаға осы кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиеләк ықпалы бар мәжбүрлеу шарасын тағайындау» туралы өзгеріспен, 122, 124 баптарға (кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар) қатысты санкциялардың жоғарылауымен келісемін.Бұл мәселелер жеткіншектер қылмыстылығын азайтуда мемлекет тарапынан қарастырылған оңды шешім.

Ұлтымыз бұл мәселені бір ауыз сөзбен түйіндеген: «Ұлым дейтін ұлт болмаса,ұлтым дейтін ұл қайдан табылсын». Осы ғұлама ойды негізге ала отырып, бұл мәселені жете қарастырған жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша комитеттің 2011 жылдың 12 ай аралығындағы Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары мен соттар қызметінің қорытындысы мен қылмыстылық жөніндегі статистикалық мәліметтер жинағы. - Астана, 2011.

2. Ерменбетова Л. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алудағы құқықтық тәрбиенің рөлі.//Юриспруденция сериясы вестник КазНПУ. 2006.- № 1. 57-62 б.

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. - Алматы: Жеті-жарғы. 2004.

5. Копыстынский Е.А. Этот опасный возраст. – М.: Знание. 1982.- 93 с.



Нсанбаева.Н.С., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
ЮВЕНАЛДЫ ӘДІЛЕТ
Данная статья посвящена анализу роли ювенальной юстиции в разработке различных судебных процедур для несовершеннолетних с такими проблемами как: правонарушение; побег из дома; наркотическая зависимость. Обосновывается потребность несовершеннолетних правонарушителей в новом благоприятном домашнем окружении, обеспечиваемая, в том числе, путем временного или постоянного усыновления или удочерения.
Ключевые слова: Ювенальная юстиция, специализированные суды для несовершеннолетних,воспитательные мероприятия, право детей, исправление несовершеннолетних, усыновление или удочерение.



Relevance of this paper is to show how the juvenile justice developed various legal proceedings for juveniles with various problems, such as the offense, runaways, drug addiction, which requires a new suitable home environment, through temporary or permanent adoption

Keynotes: Juvenile justice, specialized courts for juveniles educational activities, children's right, the correction of minors, adoption, or adoption.
Тәуелсіздіктің 20 жылында елімізде дербес сот билігі құрылды. Соттарды мамандандыру шаралары қабылданды. Атап айтқанда, қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан­ның тарихында мамандандырыл­ған экономикалық, әкімшілік, қылмыстық, ювеналдық және қар­жы соттары ашылып, сот әділ­дігін өз дәрежесінде жүзеге асыруда. Соттарды мамандандыру – реформаның ең тиімді тұсы еке­нін байқатты. 2008 жыл 18 тамызда Н.Ә.Назарбаев өзінің жарлығымен БҰҰ ұйымының Қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдарға арналған ювеналды әділет жүйесінің даму тұжырымдамасын бекітті. Кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі соттардың қалай пайда болғанына тоқталсам. Алғаш ювеналды сот 1899 жылы АҚШ-та Иллинойс штатында құрылды. Жасөспірімдер деген әділет жүйесінің өзгеруіне XIX басы мен ХХ ғасырда Еуропадағы балалар қылмысының кең етек жаюы түрткі болды. Бұл жүйе бүкіл АҚШ-қа және Ұлыбритания (1908), Франция және Бельгия (1912),Испания (1918), Германия (1922) және Австрияда кеңінен тарады. 1931жылы ювеналдық соттар әлемнің 30 елінде болды. Ювеналды әділет кәмелетке толмағандардың әр түрлі мәселелер бойынша түрлі іс жүргізулерді дамытты: құқық бұзушылық, үйінен қашып кету, ескірткіге тәуелділік т.б.[1].

Қазақстан ТМД елдері ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау бойынша мемлекеттік саясатты тыңғылықты, әрі түсінікті жүргізуде елімізде алғашқы болып қадам жасады. Жоғарғы сот республикамызда жасөспірімдерге қатысты әділет жүйесін енгізуге және кәмелеттік жасқа толмағандар сотын құруға бірден бір бастамашы болды. Кәмелетттік жасқа толмағандар үшін мамандандырылған сот төрелігінің жүйесін құрудың қажеттілігі өмірдің өзінен туындады. Жасөспірімдер әділетін белгілі мақсаткерлікпен құру, сондай-ақ ол Қазақстанның халықаралық міндеттемелерімен де жарақтандырылған. 1994 жылы республикада "Балалар құқығы туралы" БҰҰ-ның Конвенциясы бектілді. Сондай-ақ, 1985 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған БҰҰ-ның шектеулі стандарттағы ережелері де бар. Осы нормада көрсетілгендей, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі сот төрелігі жасөспірімдер әділетінің ерекше жүйесі екенін анықтады. Оның орталық буыны мамандандырылған соттар әлеуметтік қызметпен өзара тығыз әрекет етуде. Оған қоса жеткіншектер сот өндірісінің ауқымына қалай түсетініне, үкім шыққаннан соң не күйге ұшырайтынына жете мән береді. Осы ретте жеткіншектердің құқығын қорғау туралы сөздің болуы немесе оның қылмысы үшін соттау керектігінің мәнісі де қалмайды. Ең басты тәртіп - сот төрелігі барлық кезеңде де кәмелеттік жасқа толмағандардың мүддесін және құқығын толық қамтамасыз етуі қажет [2].

2007 жылы алғаш рет Астана мен Алматы қалаларында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылған болатын. 2012 жылдан бастап республиканың барлық облыс орталықтары мен екі ірі елді мекенінде 16 ювеналдық сот құрылып, жұмыс істей бастады.Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттарды құрудағы негізгі мақсаты- қылмысқа барған жеткіншектердің түзелуі үшін мүмкіндік беріп, оларды қоғамнан ажыратпай, әлеуметтік жағынан бейімделуіне жағдай жасау. Кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі соттарды құрудың басты мақсаты, жеткіншектерді әлеуметтік тұрғыда ақтауға барынша мүмкіндік беріп, оны қоғамнан ажыратпау.Аталған қылмыстық істердегі санат бойынша сот төрелігін жеткіншектерге қолданғанда, заңдылық күшіне енетін жаза шараларындағы барлық аяушылық мән-жайларды есепке алып, сондай-ақ оның азаматтық құқығын тұтастай қорғауды қамтамасыз ету. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қолданылған жазалар, тұтастай алғанда түзету мен қайта тәрбиелеуге икемделуі тиіс. Бұл жердегі ең маңыздысы, қылмыстық әрекеттің себебін түсіндіру мен анықтау және кінәлінің жас ерекшелігін есепке алуға ықпал ететін тиімді тәсілді іздеу керек. Қоғамға тура осындай тәсіл тиімді, өйткені оған құқық бұзатын кәнігі қылмыскерден гөрі, ақыл-есі толық, салуатты азамат қажет. "Бұл - жасөпірімдер әділетінің негізгі идеясы. Әлеуметтік және психологиялық зерттеулер заңмен конфликтке тускен, кәмелетке толмағандардың көбі толық емес, көп балалы, аз қамтылған, көп жағдайда ассоциациялы отбасыға бөлінетінін көрсетеді. Бұл балалар балалық шағында ата – ананың жылулығын, мейірімін, назарын және дамуын алмағандар. 2007 жылдың 1 маусымында республиканың тәрбие колонияларында кәмелетке толмаған 448 сотталғандар, 967 қылмыстық атқарушылық испекцияда тізімде тұрғандар [3].

Біздің елімізге ювеналды әділеттілік туралы заң қажет деп санаймын. Жасы кәмелетке толмағандардың өмірге қалыптасуының кемдігін, өмірлік тәжірибесінің жоқтығын, ой өрістерінің жетіспеушіліктерін ескеріп, олардың еліміздің Конституциясы мен басқа да заңдары кепілдік берген құқықтарын қорғау мақса­тында кәмелетке толмаған әрбір жасөспірімнің құқықтары арнайы мамандардың көмегімен қорғалуы тиіс деп санаймын. Мұн­да тек заң саласының мамандарын ғана емес, кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайын, оның ой өрісінің, интеллектуалдық және психикалық даму дәрежесін, мінезі мен тегеуріндік ерекшеліктерін, мұқтаждары мен мүдделерін түсініп, осы ерекшеліктердің негізінде оның құқығы бұзылмауын қамтамасыз ететін мамандар қажет. Бұл қызметте психология мен педагогика, әлеуметтік ғылымдар саласында тиісті кәсіби білімі бар, жеткіншекпен байланыс орнатуға бейімделген мамандар отыруы керек. – Жалпы, дамыған шетелдік тәжірибеде бұл мәселелерді шешу қалай жүзеге асырылған? – Басқа дамыған елдердегі тәжірибеге қарағанда ювеналды әділет органдарында қызмет істейтін әлеуметтік қызметкерлер кәмелетке толмаған жасөспірім заңбұзушылықтар мәлім болғаннан бастап, құқықбұзушылық тексеріліп, сот шешімі орындалып біткенге дейінгі аралықта өз назарында ұстайды. Кәмелетке толмағандарды қайта тәрбиелеу, өмірге бейімдеу бағытында жұмыс істейді, олардың бұл жұмыстары мамандандырылған сот бақылауында болады. Осы аталған мерзімде олар жасы кәмелетке толмағандар жөнінде оның өсуі, айналасы, отбасы жағдайын, қоршаған ортасы жөнінде толық мәліметтер жинап, жасы кәмелетке толмаған тап болған келеңсіз жағдайлар бойынша олардың зардаптарын жою, қарсы жақпен, ата-анасымен, отбасындағы басқа адамдармен тіл табысу туралы мәселелерді шешеді. Сондай-ақ, «жеке өсу ерекшеліктеріне байланысты оны қайта тәрбиелеу үшін қандай шаралар қолдану керек, оған қандай жаза беруге болады?» деген сұрақтарға жауап береді. Әлеуметтік қызметкерлер өз қызметтері аясында жасы кәмелетке толмағанға психологиялық, педагогикалық көмек қажеттігін анықтап, керек болған жағдайда ол мамандарды шақыртып, кеңестерін алады, ол жөнінде шешім қабылдаушы орынға ұсыныстар береді. Бұл жұмыстардың барлығы да соттың бақылауында жасалады.

– Қазақстан Республикасының ҚК-нің 82-бабында кәмелетке толмағанға қолданылатын тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары көрсетілген. Бірақ, бұл шараларды белгілегеннен соң ол қалай орындалуы тиіс, орындалғаны жөнінде қандай органға есепті болады, олар толық айтылмаған. Егер ювеналды әділет жөнінде арнайы заң қабылданса, бұл аталған мәселелер толық қамтылған болар еді. ҚК-нің 82-бабында көрсетілген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылған әрбір кәмелетке толмаған соттың бақылауында болып, олармен жүргізіліп жатқан тәрбиелік іс-шара, олардың нәтижесі жөнінде (істі қараған кәмелетке толмаған тұрып жатқан аудан бойынша мамандан­дырылған сотқа) ай сайын есеп берілуі тиіс. Сонда ғана жасы кәмелетке толмағанмен жүргізілген тәрбиелік жұмыстың, белгіленген шаралардың нәтижесі айқын болар еді. Сот жүйесінде қаралған әрбір жеткіншек кәмелетке толғанша не сот шешімі (үкімі, қаулысы) толық орындалғанша соттың назарында болып, олар жөнінде жүргізіліп жатқан барлық тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары соттардың бақылауында болуы тиіс [4].

Кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылғанынан бастап қаралған істер бойынша аталған арнайы мамандардың жоқтығы жеткіншекке тағайындалған жаза мен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының пәрмен­ділігін төмендетіп келеді. ҚК-нің 63-бабы қолданылып, шартты түрде сотты болған жасөспірімге көріліп жатқан тәрбиелеу іс-шаралары туралы сұрау хаттарға Қылмыстық атқару инспекцияларынан «заңда мұндай есеп беру жоқ» деген жауаптар келуде [5].

Тұжырымдамада көрсетілген басқа да органдардың тиісті шараларды жүргізбей отырғаны байқалғаныма, сонда?

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңының 13-бабы 2-тармағына сәйкес, кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның ұсынысы бойынша кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберудiң орындылығы туралы шешiмдi сот қабылдайды. [6]

Алайда, АІЖК-нің 308-1-бабында бұндай арыздар сотқа қорғаншылық және қамқоршылық органымен немесе ішкі істер органдарымен беріледі деп көрсетілген. Сондықтан да, аталған заңнан комиссияның сотқа осындай арыздар беру құқығын алып тастау қажет деп есептеймін. АІЖК-нің 33-1-тарауында кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарында ұстау мерзімін ұлғайту және мерзімінен бұрын босату мәселелерін қарау тәртібі қарастырылмаған. Және осындай санаттағы істерді қарау кезінде шығарылатын іс жүргізу құжаты белгіленбеген. [7]

Мамандандырылған соттың тәжірибесінде асырап алудың күшін баланың денсаулық жағдайына, асырап алушы мен бала мінездерінің үйлеспеуіне және тағы осы секілді себептермен жою фактілері орын алуда. Бала асырап алудың күшін жою асырап алынған баланың психологиялық және психикалық жағдайына кері әсер етеді. Мұндай арыздардың негізгі себебі – қорғаншы және қамқоршы органдарының бала асырап алу туралы материалды дайындау кезінде жұмысты дұрыс жүргізбеуі, бала асырап алу туралы заңнаманың жетілмеуі болып табылады. Осы мәселені шешу үшін заңнамада асырап алушыларды асырап алынатын баламен сұхбаттасу уақытын белгілеу қажет. Осы уақыт ішінде асырап алушылар баламен ортақ тіл табысып, оны асырап алуына дайындалады. Нәтижесінде олар ары қарай бірге тұра алады ма, жоқ па, белгілі болады.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. www.yandex.ru

2. Балалар құқығы туралы БҰҰ-ның Конвенциясы.

3. www.krugosvet.ru

4. Қазақстан Республикасының ҚК, 1997ж. 16 шілде.

5. Заң газеті. 11-мамыр. 2011 жыл.

6. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңы.

7. Қазақстан Республикасы АІЖК кодексі. 1999ж.13 шілде.



Бектұрған Н.А., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенті
БАЛАЛАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСЫРАП АЛУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
В статье рассматриваются основы правового международного усыновления (удочерения) детей и проблемы современного усыновления (удочерения) детей иностранцами.
Ключевые слова: конституция, закон « о браке и семье»
The bases of legal international adoption of children and it is easic problems are talked about in this article.The theme chosen by an author behaves to the global problems of contemporaneity.
Keynotes: constitution, law «on marriage and family».
«Балалы үй – базар» деген ақыл сөздің даналық мәні бар. Шынында сүйіп табысқан екі адамның әуелден алдарына қойған мақсаттары ел қатарлы отбасы болды, бала сүйіп,ата-аналық бақытқа кенелу емес пе? Өмір кей ретте жас отау қанша зарығып күтсе де, нәрестенің даусына зарықтырып қоятыны бар. Табиғаттың мұндай қысастығына жас жұбайлар түсіністікпен қарап маздатқан махаббат шуағын көлеңкелеп, көмескілендірмес үшін ортақ келісімге келіп, бала асырап алудың қамын жасайды. Бұл қазіргі күні жас баланы асырап алу заңдылығы тұрғысынан жүзеге асырылады.

Кез келген мемлекетте, қандай да бір қоғамда балалар ерекше қамқорлықта және қорғалуда болуы керек. Қолымыздағы барымыздың ең қымбаттысы – балалар,сондықтан да олардың өмірі қалай,қаншалықты қалыптасқандығына, мемлекет олар үшін қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады. Осыған байланысты балаларды қорғау, олардың негізгі құқықтарын қорғау сұрақтары – кез келген мемлекеттің басты көкейкесті мәселесі болуы қажет.

Бұл тақырыптың өзектілігі сонда, «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» демекші ата-ана қуанышы, болашақ қоғамның көш бастаушысы болар баланың тағдыры туралы сөз болады.

Жетім және мүгедек,ойлау,өздігінен қозғалу мүмкіндіктері шектелуі балалар проблемасы кез келген мемлекеттің күн тәртібінен түспейтіні рас.

Біздің елімізде тастанды балалар санының шамадан тыс көбейіп кеткендігінен бе, жоқ әлде мемлекеттің басты байлығы – адам болса, адам тағдырына немқұрайлығымыздан ба оң-солын танып үлгермеген жетімтектерімізді шетел байларына асырауға кең жол ашылып отыр. Ата-бабамызда болып көрмеген сұмдықты бастап, бауырымыздағы балаларымызды басқа мемлекеттерден келген қалтасында жасыл қағазы барларға ойланбастан сатып жіберетін болдық.

Міне осы секілді өзекті де өткір мәселелер осы баяндамада қарастырылады.

Жетім балаларды шетелдерге сатуда Қазақстан ТМД елдері ішінде алдыңғы орында көрінеді. Яғни, Қазақстанда бала саудасы қызып отыр.

Бар пәле Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңының 76-бабы ҚР Конституциясының кейбір баптарына сәйкес келмейтінінде жатыр. Конституцияның 27-бабының 1-тармағында «неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қарауында болады» деп көрсетілген. «Неке және отбасы туралы» Заңның 76-бабында бала шетелдіктердің де қорғауында болатыны айтылған. Неге бізде Конституцияға қайшы келетін заң қабылданған?

Сондай-ақ, ҚР Конституциясының 1-бабында:

«Қазақстан Республикасы өзін демократиялы,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады,оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген.

Біздің пікірімізше былай тұжырымдауға болады: 1) қорғаншы, қамқоршы және басқа да тұлғалардың, отбасы мүшелерінің неке отбасы заңдылықтарын сақтауын үнемі бақылап отыру; 2) ауру балалардың құқықтары мен міндеттері қамтамасыз ету және қорғау.

Қазақстандағы бала құқықтарын қорғау жөніндегі қордаланған мәселелер және оларды жою жолдары.

1-мәселе: Бала құқықтары жөніндегі үйлестіруші органның болмауы.

Шешу жолдары: Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметін қамтамасыз ететін Ұлттық орталығында бала құқықтары жөніндегі арнайы сектор ашу.

2-мәселе: Заңдағы қайшылықтарды жою.

ҚР Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары » деп көрсетілген. Ал Конституцияның 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады». Одан басқа Конституцияның 11-бабында «Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды. Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді».

ҚР «Неке және Отбасы туралы » заңның 76-бабы Конституцияның жоғарыда көрсетілген баптарына, менің ойымша, қайшы келеді.

Шешу жолдары: Осы қайшылықтарды шешу үшін депутаттар немесе сот жүргізу үрдісі кезінде соттардың Конституциялық Кеңеске өтініш жіберу.

3-мәселе: Тастандылардың көбеюі.

Шешу жолдары: Ұлттық тәрбиені қолға алу, дамыту, яғни БАҚ арқылы насихаттау. Оқу орындарында «Білім туралы» Заңда көрсетілгендей тәрбие мақсаттарын белсенді түрде іс жүзіне асыру.

4-мәселе: Шет елге жіберілген балалардың тағдырын қадағалау.

Шешу жолдары: Республикалық бюджетте елшілік және консулдық өкілдіктерге балалардың тұрмысын денсаулығын барып қадағалайтын мүмкіндік беретіндей қосымша қаржы бөлу.

5-мәселе: Балаларды шетелдіктерге асырауға берумен айналысатын Агенттіктер қызметінің дұрыс қадағаланбауы.

Шешу жолдары: Мемлекеттік, яғни прокуратура және Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің ерекше бақылауына және қадағалауына алу.

Қорытындылай келгенде, балалықты құқықтық қорғау мәселесінің көкейкестілігі мен және көпқырлылығы соншалық, ол үнемі ғалымдар мен тәжірибедегі адамдардың назарын аударып отырады.

Егер әлемнің барлық мемлекеттері бала құқықтары төңірегіндегі қажетті жағдайларды орындауға ұмтылса, билік басындағылар өз жеке басының ғана қамын ойламай,өз еліндегі мұқтаж халдегі балалардың да жағдайын ойластырғаны абзал. Өкінішке орай, әлемдегі балалардың көпшілігі үлкендер және қоғам тарапынан немқұрайлылықты сезінеді.

Ортақ мүдде қоғам дамуында әр кез тежеуіш емес, демеуіш болған. Олай болса, бала тағдырына байланысты күрделі проблемаларды шешуге отандастарымыз жұмыла ұмтылса дұрыс болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы,1995 жыл,30 тамыз

  2. ҚР «Неке және отбасы туралы» заңы 1998 жыл,17 желтоқсан.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында.Жолдау.// Егемен Қазақстан. 19.02.2005.

  4. Ержанова А. Азаматтық құқық бойынша бала асырап алу мәселелері. //Заң газеті.№5.2003 ж.

  5. Мәми Қ. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының №17 Қаулысы. // Заң газеті. 17.01.2001.

  6. Тортаев Ж. Заңдағы қайшылықты Парламент қашан жояды. // Заң газеті. 06.12.2003

  7. Якушева Л. Балалы үй – базар. // Дидар.03.11.2001ж.


Бикситова Б.С., к.ю.н., доцент кафедры теории и истории государства и права, конституционного права ЕНУ им. Л.Н. Гумилева

Ракпанова А., магистрант ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
О МЕДИАЦИИ И НЕОБХОДИМОСТИ СОКРАЩЕНИЯ КОЛИЧЕСТВА ЛИЦ ОТБЫВАЮЩИХ ЛИШЕНИЕ СВОБОДЫ 

Авторы обосновывают необходимость активного распространения в практике применения нового для казахстанского общества института – медиации. Обращается внимание на то, что существующие формы рассмотрения конфликтов устарели и пора переходить к новым, признанным во всем мире и успешно развивающимся общественным формам воздействия на правонарушителя. К часто используемым методам относится медиация – процедура примирения правонарушителя и жертвы.
Ключевые слова: медиация, альтернатива, осужденные, лишение свободы.
The authors justify the need for the active promotion of the practice of application of the new Institute for Kazakh society - mediation. It is noted that the existing Grievance forms are obsolete and it is time to move on to a new, internationally recognized and successfully developing social forms of impact on the offender. To commonly used methods include mediation - conciliation offender and the victim.
Keywords: mediation, alternative, convicted prisoners.
Современная уголовная политика все больше склоняется к необходимости перехода от стратегии «войны с преступностью» (war on crime) к стратегии «сокращения вреда» (harm reduction); от «возмездной юстиции» (retributive justice) к юстиции возмещающей, восстанавливающей (restorative justice), то есть по пути «восстановительного правосудия».

Во многих развитых странах (например, в Англии, Канаде, Бельгии и др.) более двух десятков лет широко распространяются альтернативные не карательные способы реагирования на преступное деяние, направленные на смягчение уголовно-правового конфликта и действующие вне рамок традиционной уголовной юстиции. Это результат целенаправленной политики гуманизации уголовного судопроизводства, начавшейся в 70-е годы прошлого столетия и приведшей к тому, что деятельность полиции в странах Европы начала носить сервисный характер. Основной акцент стал смещаться именно в сторону профилактики (в частности, большое внимание уделяется воспитательной работе с несовершеннолетними, оперативному решению проблем межличностных отношений с целью пресечения развития конфликтов и т.д.).

На этом фоне актуализировалась идея социолога Э. Дюркгейма, утверждавшего, что наказание имеет смысл лишь для восстановления попранного чувства справедливости среди тех, кто не нарушал закона [1]. В целом получили широкое распространение идеи восстановительного правосудия и различные социальные институты, призванные их реализовать (такие как: возмещение ущерба потерпевшему, защита прав жертвы, восстановление взаимного доверия конфликтующих сторон).

«Нерепрессивное» преодоление последствий преступного деяния вошло в основу стратегии уголовной политики многих стран, отразившись на деятельности всей системы правоохранительных органов: полиции, органов правосудия, а также системы исполнения наказания. Доктрина социальной защиты, исходящая из положения о том, что средства борьбы с преступностью должны рассматриваться в первую очередь как средства защиты общества, а не показательного наказания индивида стали рассматриваться как первоочередные.

Уже признаны и успешно развиваются общественные формы воздействия на правонарушителя. Часто используемым методом стала медиация – процедура примирения правонарушителя и жертвы. Реформирование национального законодательства ряда стран привело к внедрению примирительных форм разрешения уголовных дел на всех стадиях судопроизводства, создав, таким образом, в процессуальном и юридическом смысле наиболее разработанный институт восстановительного правосудия.

Уже сейчас статистика подтверждает, что медиация стала популярной формой урегулирования споров (83 % - 85 % всех процедур медиации признаны успешными. 5 % - 10 % участников медиации приходят к полному или к частичному соглашению в течение короткого времени после процедуры медиации). Уже невозможно представить себе повседневное управление конфликтом без медиации. Использование медиации признано в урегулировании самых разнообразных конфликтов в Европе и США. Наши соседи - россияне не является исключением – в последние годы наблюдается возрастание интереса к данной форме урегулирования конфликтов.

Казахстан также пошел по пути внедрения в практику института медиации приняв закон «О медиации». Проблем на начальном этапе возникает достаточно, но главное сейчас заключается в том, чтобы граждане поверили в этот новый, непонятный для многих институт. Для этого необходимо донести до масс, что в интересах как конфликтующих сторон, так и общества в целом скорейшее распространение медиации. Особенно, если рассматривать данный институт в рамках проблемы сокращения численности лиц отбывающих наказания связанные с изоляцией от общества, в первую очередь, лишения свободы.

Поскольку одной из причин совершения пенитенциарных преступлений является скученность контингента, отсутствие нормальных бытовых условий, сверхлимитное размещение отбывающих наказание, думается, проблема сокращения численности лиц отбывающих лишение свободы является первоочередной.

Возвращаясь к часто затрагиваемой мною теме эффективности наказания в виде лишения свободы [2], еще раз хочется отметить, что в той виде, в котором исполняется в настоящее время это наказание, оно малоэффективно. Доказательством тому служит и высокий уровень рецидива среди лиц отбывших лишение свободы, а также высокие показатели зарегистрированных преступлений, совершаемых в процессе отбывания наказания (не говоря уже о латентной преступности в стенах исправительного учреждения). Отдельная тема, требующая самостоятельного исследования: преступления совершаемые сотрудниками уголовно-исполнительной системы. Эти преступления, на наш взгляд, необходимо тоже включить в разряд пенитенциарных.

В этой связи представляется, что рассмотрение института медиации как одного из путей, ведущих к сокращению количества отбывающих реальное наказание в виде лишения свободы вполне актуально и, в некотором смысле, даже запоздалое. Но как говорится: лучше поздно, чем никогда.

При изучении истории возникновения, особенностей реализации, опыта различных стран, применяющих медиацию, возникло твердое убеждение в том, что данный институт позволит сократить количество отбывающих наказание в местах лишения свободы и тем самым решить многие вопросы, в том числе – о путях предупреждения пенитенциарных преступлений.

Обоснованием тому служат следующие доводы.

Во-первых, в случае обращения к медиации виновное лицо не попадет в места лишения свободы а, значит, не получит пенитенциарного опыта, не совершит противоправного деяния в процессе нахождения в исправительном учреждении (ИУ).

Во-вторых, не попав в ИУ, человек сохранит физическое и моральное здоровье, поскольку не станет жертвой преступления. При этом следует учитывать тот факт, что часто в исправительных учреждениях совершаются длящиеся преступления в большей степени приносящие вред не только физическому, но и моральному состоянию человека. Какой вред приносит больший ущерб – еще никто не оценил.

В-третьих, отбывание наказания практически всегда сопряжено с ухудшением здоровья осужденного, что для меня равносильно еще одному преступлению. В этом случае наноситься вред непосредственно осужденному, опосредованно - его семье, близким, так как они вынуждены нести моральные и материальные потери в связи с болезнью и необходимостью обеспечивать лекарствами, дополнительными средствами, одеждой, питанием и так далее. И, наконец, в связи с заболеванием государство несет огромные затраты на содержание осужденного и лечение. К тому же, после отбытия наказания такой гражданин не сможет принести пользы обществу, а скорее станет его бременем, особенно если будет признан инвалидом. Все это должно расцениваться как преступное нецелевое использование средств. Затраченные средства могли пойти на обучение того осужденного, с последующим трудоустройством, возможно, даже с условием возврата затраченных средств. Главное - осужденный остался бы в социуме, был ориентирован на полезную трудовую деятельность; сохранил бы здоровье, социально-полезные связи и так далее.

Следует учитывать еще один немаловажный фактор. Основная масса осужденных – мужчины. Демографическая ситуация заставляет задуматься о сохранении генофонда нации. Мужчины и без того в большей степени подвержены участию в конфликтных, опасных для жизни и здоровья ситуациях (они больше страдают как участники ДТП, в вооруженных конфликтах и др.) в этих условиях сохранение практики применения уголовного наказания в виде лишения свободы просто неоправданная роскошь.

Возвращаясь к институту медиации, отметим следующее.

Грамотное управление конфликтом позволяет свести к минимуму его разрушительные последствия. В этом случае конфликт не наносит существенного ущерба отдельным людям и их сообществам и не разрушает взаимоотношения между ними и внутри них. Энергию конфликта можно использовать конструктивно, а не деструктивно. Для этого и нужна медиация (от латинского «mediare» - «посредничать») [3].



Медиация – это альтернативный метод разрешения спора при участии нейтральной незаинтересованной стороны, медиатора (посредника). Медиатор ведет процесс выяснения всех обстоятельств, из этого состоит технология медиации – чтобы позиция и за ней стоящие чувства, пожелания, интересы, потребности сторон сначала были сформулированы, озвучены, услышаны и понятны всеми. При этом медиатор поддерживает вовлеченные в спор стороны в выработке самостоятельного решения - выход из конфликтной ситуации, который устроит все стороны. Медиация является типичной формой консенсуса.

Суд – процесс формальный и публичный, который контролируется государством. Суд сфокусирован на повод к конфликту, сбор доказательств, причин и фактов из прошлого; регулируется правом; ориентируется на победу одной из сторон, используя слабости позиций другой стороны, применяя стратегию «выигрыш-проигрыш».

В отличие от суда медиация представляет собой конфиденциальный, неофициальный процесс, основанный на автономности участников конфликта. Процесс, при котором учитываются личные убеждения, субъективные интересы, уважаются различия, и точки зрения сторон для создания взаимоприемлемого будущего. Это путь к осмысленному принятию собственной слабости и слабости других, к осознанию необходимости привлечения помощи со стороны. Где решение будет в духе «выигрыш-выигрыш».

При всем при этом, динамика изменений современной правовой политики Казахстана говорит о наличии соответствующей политической воли к созданию условий для внедрения альтернативных мер уголовно-правового характера, в том числе и примирительных процедур на разных стадиях уголовного процесса.

Для полноценного внедрения медиации в правоприменительную практику необходимы соответствующие нормативные изменения в уголовно-правовое, уголовно-процессуальное и уголовно-исполнительное законодательства. Вместе с тем, как показывает зарубежный опыт, широкое и эффективное использование института примирения часто достигается благодаря воз­можностям, предоставленным и федеральным законодательством, и местными правовыми актами, и внутриведомственными нормативами.

Особый интерес в связи с этим вызывает юридическая практика Германии, чья правовая система схожа с российской, а значит и нашей. Немецкие специалисты на протяжении длительного времени занимаются подробными исследованиями проблем примирения с потерпевшим (Täter – Opfer –Ausgleich (TOA) – дословно «преступник – жертва – при­мирение») [4] в отношении несовершеннолетних правонарушителей. Предпосылки приемлемости процедуры примирения с потерпевшим были созданы в результате реализации различных «пилотных площадок». Обобщив практику, немецкие коллеги выделили определенные критерии, предположительно представляющие собой оптимальные предпосылки приемлемости процедуры примирения.

В нашем случае модель развития медиации в уголовном судопроизводстве нуждается в тщательной проработке, начиная с уровня законодательного нормирования до уровня практически ориентированных «пилотных площадок» с проектами «точечных» внедрений в различных регионах. Хотя принятие Закона о медиации представляет собой первоочередный шаг и в определенных регионах уже идет работа (например, в г. Караганде – хорошие показатели результативности).

Особенность медиации по уголовным делам состоит в том, что центральным ее пунктом является вопрос о заглаживании вреда, причиненного преступлением. Заглаживание вреда не ограничивается возмещением материального ущерба, а включает более широкий спектр восстановительных действий.

Медиация обеспечивает субъективное право сторон на примирение и возможна на всех этапах судопроизводства, независимо от тяжести преступления, а также на этапе исполнения наказания. В зависимости от категории преступления и момента проведения медиации, в результате которой достигнуто соглашение о примирении и заглаживании вреда, предусматриваются разные юридические последствия.

Отправной точкой для проведения медиации должно служить признание обвиняемым основных фактических обстоятельств дела, а не только признание вины в юридическом смысле. Участие в медиации не должно использоваться при дальнейшем разбирательстве в качестве доказательства признания вины.

Медиатор создает условия для обсуждения сторонами вопроса о заглаживании вреда, разработки механизмов и процедур заглаживания вреда, сроков и условий выполнения договоренностей по заглаживанию вреда. Медиатор должен отказаться от проведения встречи сторон в случае, если он сомневается в возможности обеспечения безопасности участников.

Медиация проводится беспристрастно.  Это означает, что медиатор не принимает чью-либо позицию,  но стремится помочь сторонам активно участвовать в процессе медиации, чтобы они извлекли из нее пользу для себя.

В нейтральности медиатора по уголовным делам есть особенности. Первая состоит в том, что, оставаясь беспристрастным к сторонам, медиатор не безразличен к факту правонарушения. Это означает, что стороны для него «не равны» в том смысле, что обязанности по заглаживанию вреда возлагаются на правонарушителя. С другой стороны, требования пострадавших к правонарушителю должны быть ограничены в случае их несоразмерности тяжести совершенного деяния.

Разрешение уголовно-правового конфликта является полномочием официальных органов, медиация в уголовном процессе обеспечивает участие сторон в решении проблем, возникших в связи с преступлением, и вопросов о заглаживании вреда, но окончательное решение по делу принимает суд (только в делах частного обвинения суд обязан прекратить дело в случае примирения сторон).

При подготовке к медиации важно выявить и пригласить к участию не только официально признанного потерпевшего, но и других лиц, фактически пострадавших в результате преступления.

В соответствии с  принципом конфиденциальности медиатор может передавать в суд информацию только о результатах медиации. Суду должна быть предоставлена полная информация об организации, проводящей медиацию. Суд вправе исследовать  мотивы, послужившие основанием для примирения сторон, для исключения давления на потерпевшего со стороны заинтересованных лиц.

Научное и общественное движение по внедрению медиации уже сейчас может предпринять целый ряд достаточно осмысленных и четко структурированных шагов для создания общей программы продвижения нового социально-правового института. Необходимость сознательных и активных действий очевидна, как очевидна актуальность подключения к продвижению идей и практик медиации профессиональных сообществ, заинтересованных в формулировании современной и эффективной уголовной политики, которая в свою очередь нацелена на сокращение случаев применения наказаний связанных с изоляцией от общества.

Считаем, что вышеизложенное еще раз подтверждает жизнеспособность и необходимость повсеместного введения института медиации как одного из эффективных и гуманных путей сокращения численности «тюремного населения» и способа опосредованного предупреждения совершения пенитенциарных преступлений.



Список литературы:

1. Иншаков С.М. Зарубежная криминология. М.: ИНФРА-М-НОРМА, 1997. – С. 59.

2. См.: Бикситова Б.С. Эффективность исполнения уголовного наказания в виде лишения свободы: Учебное пособие. – Оренбург: ИПК ГОУ ОГУ, 2008. – 105 с.; Бикситова Б.С. Об особенностях правового положения лиц освободившихся условно-досрочно от отбывания наказания в виде лишения свободы // Ученые записки: сб. науч. тр. юрид. факультета ОГУ. – Вып. 2. – Ч. 3. – Оренбург: ИПК ГОУ ОГУ, 2005. – С. 230-237.; Бикситова Б.С. О сроках лишения свободы, // Ученые записки сб. науч. тр. юрид. факультета ОГУ. – Вып. 3. – Ч. 3. – Оренбург: ИПК ГОУ ОГУ, 2006. – С. 302-308.; Бикситова Б.С. Понятие и критерии эффективности в условиях реформирования пенитенциарной системы Республики Казахстан. //Проблемы юридического образования и науки современного Казахстана. Монография. / Под ред. Б.О. Алтынбасова, Б.С. Бикситовой. – ТОО «Мастер По». – Астана, 2012. – С.150-183 и др.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет