Бас ару есебіні ма ынасы, оны м ні, ма саттары ж не міндеттері
3.Өндірістегі ақаулар есебі.
Өндірілген өнімнің сапасы әрбір еңбек ұжымы бойынша олардың қызметінің нәтижесін бағалауда айқындаушы болып табылады. Әрбір кәсіпорын өзінің абыройын, бәсекелестік қабілеттілігін, ұжымның кәсіби және патриоттық мақтанышын ақатағаны абзал. Кәсіпорын өнімнің сапасына бақылау жасап, техникалық-бақылау бөлімінің жұмысына жәрдемдесіп отыруға тиіс. Сапасыз өнім шығару ұжымның шаруашылық еебінде, жалақысында және әлеуметтік игіліктерінде сөзсіз шығынға әкеп соғады.
Сапасы жағынан белгіленген немесе техникалық шарттарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей мақсатына пайдалануға жарамайтын бұйымдар өнім ақауы болып есептелінеді. Ақау бойынша жіктеледі:
ақау байқалған орны бойынша – ішкі (өнім сатып алушыға жіберілгенге дейін анықталған) және сыртқы (сатып алушыда анықталған) ақау;
анықталған ақаулардың сипаты бойынша – түзету мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық жағынан алғанда түзетуі түпкілікті (жөндеуге келмейтін) және жөндеуге болатын ақаулар;
пайда болу себептері бойынша - өндіріс технологиясының бұзылуы, сапасыз шалафабрикаттар және т.б.
Өндірістегі ақау 930 шотта есепке алынады. Ақауды жөндеу жөніндегі шығындар «Цехтар бойынша шығындар» ведомосында көрсетіледі. Түзету болатын және түзетуге болмайтын ақаудан болған шығындар «Өндірістегі шығынды есепке алу» ведомосында айқындалады. Оған жазу үшін №12 ведомостағы ақау туралы хабарламалары негіз болады.
Ақаудың есебін жүргізу үшін 93 шоттар бөлімшесі арналған.
Ішкі түпкілікті ақаудың зіндік құнын мынадай шығындар бойынша анықтайды: ақау болған өнімді жөндеу кезінде жұмсалған шикізаттар, матералдар, шалафабрикаттар шығындары; өндіріс жұмысшыларының жалақысы; жалақыдан еептелген аударымдар; үстеме шығыстар.
Сыртқы ақаудың құны тұтынушылардың біржола ақау деп танылға өнімнің өзіндік құнынан, осы німді сатып алуға байланысты атып алушыға өтелген шығындарынан, ақауға шығарылған бұйымдарды бөлшектеуге жұмсалға шығындарынан, сондай-ақ ақаулы өнімді ауыстыруға байланысты туындаға көлік шығындардан немесе егер өнім жөнделетін ақауға жататын болса, тұтынушыдағы ақаулы өнімді түзетуге жұмсалған шығындардан тұрады.
Өнімнің өзіндік құнына жатқызылған сыртқы және ішкі ақаудан болатын шығынды анықтау үшін түпкілікті ішкі және сыртқы ақаудың құнына ақауды түзетуге жұмсалған шығындары қосылады және ақаулы өнімнің пайдалынылуы мүмкін болатын бағасы бойнша оның құны, ақауды өнімнің жіберген кінәлілерден нақты сомасы ұсталынады, ал егер ол өнімді жеткізіп берушілердің кінәсінен болса, онда оның құны бүкіл сатып алынған нім құнынан шегеріліп тасталады.
Ішкі ақаудан болған шығындар ақау анықталған айдағы өндіріс шығындарында, ал сыртқы ақаудан болған шығындар ақауды өнімді сатып алушылардан келіп түскен талап қабылдаған айдағы өндіріс шығындарында көрсетіледі.
Бухгалтериялық есепті және ақаудан болған шығынды анықтауды кәсіпорынның техникалық-бақылау бөлімі жүеге асырылады.
Анықталған түпкілікті немесе түзетуге болатын ақау үшін ТББ «Ақау туралы актісі» жасайды. Жұмысшының кінәсінен жіберілген ақауды түзету наряд жазылмай жүргізіледі. Егер осы ақаудың жіберілуііне кінәлі болып табылмайтын жұмысшы ақауды жөндесе, онда мұндай жұмысқа жалпы тіртіп бойынша наряд жазылып, оған «Ақауды қайта жасау» деген мөртаңбасы қойылады.
Ақаудан болған шығындарды тиісті дәрежеде есепке алуды және кәсіпорындардағы ақау туралымәліметтерді жүйелеудегі ұйымдастыру ақау себептерінің тізбесі және оған кінәлілер анықталғанға дейін жүреді.
Ақаудың себептері мен кінәлілергешифр қойылып, осы мәселелер туралы мәліметтер барлық цехтардың және олардың бөлімшелерінің басшыларына дейін жеткізіледі, сосын олар құжаттарда көрініс табады.
Ақаудан болған шығын ай сайын өндіріс шоттарынан көшіріліп алынып, өнімнің тиісті түрлерінің өзіндік құнына енгізіледі. Жеке және ұсақ сериялы өндірістерде ақаудан болған шығындар толық бітпеген белгілі бір тапсырысқа қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістің құнына жатқызылады. Одан бақа жағдайлардың бәрінде ақаудан болған шығындар, әдеттегідей, тауар өнімнің өзіндік құнына енгізіледі.
Өткен есепті кезеңде өндірілген негізгі өнімге жататын сыртқы ақаудан болған шығындар ағымдағы еептік кезеңде жасалған осындай бұйымдардың өзіндік құнына көшіріліп жазылады. Мұндай өнім ағымдағы айда дайындалмаған жағдайда, сыртқа ақаудан болған шығындар үстеме шығындар үшін белгіленген тәртіп бойынша тауарлы өнім түрлерінен бөлінеді.
Анықталған ақуды ақау туралы хабарламамен рәсімдейді. Онда бұйымның атауы, ақау байқалған операциясы, кінәлілер және ақаудың туындау себептері, жарамай қалған бөлшектерге жатқызылған тікелей шығындарының сомасы көрсетіледі. Осы арада түзетуге келмейтін ақау бойынша кіріске алынуға жататын сынықтар мен бағалы қалдықтардың құны айқындалады.
Сыртқы ақау бойынша операциялардың есебі. Сыртқы ақау – жоғарыда атап ткеніміздей, тұтынушылардың тапқан ақауды.