Басќару есебі туралы жалпы т‰сінік


Тақырып 5. Аяқталмаған өндірістің бағалануы, түгенделуі және есебі



бет25/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.81 Mb.
#458075
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Бас ару есебіні ма ынасы, оны м ні, ма саттары ж не міндеттері

Тақырып 5. Аяқталмаған өндірістің бағалануы, түгенделуі және есебі.



  1. Аяқталмаған өндірістің мәні.

  2. Аяқталмаған өндірістің бғалануы: орташа есеп әдісі, Фифо әдісі, Лифо әдісі, арнайы әдісі.

  3. Аяқталмаған өндірісті түгендеу.



1. Аяқталмаған өндірістің мәні.
Бухгалтерлік есеп стандарттары бухгалтерлік есепті қаржылық және басқару деп бөлуді және осыған сәйкес орталық бухгалтерияның құрамында екі бухгалтерия: қаржылық және басқару бухгалтериясын құруды көздейді.
Басқару бухгалтериясы 90-шы «Негізгі өндіріс», 91-ші “Меншікті өндірістің шала фабрикаттары”, 92 “Көмекші өндірістер”, 93 «Қосымша шығындар», 94 “Әлеуметтік сала», 95 «Өндірістегі ақаулар» бөлімшелерінің шоттарында жүргізіледі. Қалған шоттар қаржылық бухгалтерияда жүргізіледі.
Баланстық және басқа да есеп беруді жасау үшін әрбір есепті кезеңнің аяғында басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына аяқталмаған өндірістің қалдықтары беріледі. Аяқталмаған өндірістің құнын есепке алу үшін қаржылық бухгалтерияда 21-ші «Аяқталмаған өндіріс» бөлімшесінің мынадай шоттары көзделген: 211 «Негізгі өндіріс», 212 «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 213 «Қосалқы (көмекші) өндірістер», 214 «Басқалар» шоттар.
Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына беру 211, 212, 213, 214-шоттардың дебеті бойынша 900 «Негізгі өндіріс», 910 «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 920 «Көмекші өндірістер», 950 «Өндірістегі ақаулар» шоттарының кредитінен /ақауды өндірісте жөндеу немесе түпкілікті ақауды талдау аяқталмаған жағдайда/ бейнеленеді.
Келесі есепті жылдың басында аяқталмаған өндірістің 211,212,213,214-шотетарында есепке алынған құны басқару бухгалтериясына беріледі. Ол операция жоғарыда аталған шоттардың кредиті, 900, 910, 920, 950-шоттардың дебеті бойынша көрсетіледі.
Осылайша 211,212,213 жане 214-шоттардың дербес маңызы болмайды. Олар аяқталмаған өндірістің құнын қаржы бухгалтериясында есепке алуға және оньің қалдықтары туралы деректерді баланста көрсетуге арналған. 211-214-шоттар жай шоттар болып табылады, олар өнім түрлері, тапсырыстар, қайта жасаулар мен өндіріс сатылары бойынша талдамалық есеп жүргізуді талап етпейді.211-214 шоттарда есепке алынған аяқталмаған өндірісті талдамалық еепке алу толық көлемінде 900,910,920 және шоттарда басқару бухгалтериясында жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет