Бас ару есебіні ма ынасы, оны м ні, ма саттары ж не міндеттері
өндірістік емес төлемге басты назар аудару керек — өндірістің
еріксіз тоқгап қалуына, заңға сәйкес келетін жұмыс істемеген уақыт-
тарына, қалыпты жүмыс жағдайынан тыс ауыткуларына төленетін
қосымша төлемдерге; жүмысшылардың кінәсінен емес жіберілген
ақауларға төленген төлемнің зандылығына.
Барлық осы аталған шығындардың 80% жуығы енімнің өзіндік құнына кіреді, яғни олар тікелей шығындар қатарына жатқызылады (немесе бірінші қатардағы шығындар деп атайды).
Өндірістік бөлімшелерін басқарумен байланысты қызметкерлердің
еңбек ақы шығыңцары үстеме шығындар қатарына кіреді.
ШС басқарумен айналысатын мамандар мен басшылардың еңбек
ақы шығындары жалпы әкімшілік шығындарының құрамына кіреді.
Соңғы екеуі, сондай-ақ басқа да қосымша13 шығындар (әлеуметтік сақтандыру, демалыс төлемдері, ауырғаны туралы бюллетень, т. б.) үстеме чиығындарының қатарына жатқызылады және олар өнімнің өзіндік қүнына кірмейді, сондықтан аталған шығындарды жанама деп атайды (немесе екінші қатардағы шығындар болып саналады).
Жұмыс күшінің шығындары тап осындай болып топтастырылса, онда ол көп деңгейде өзіндік қүнның есебі мен табысты есептеудің, сондай-ақ ішінара шығыстарды бақылау және реттеудің мақсаттарына жауап береді. Шешім қабылдауға келсек, онда есепте жүмыс күшінің болашақ шығындарын бөлу мәселесін қарастыру керек.
Жүмыс күшіне арналған шығындарды есептеу процедурасы жүйелі түрде еңбек ресурстарын басқару процесін және жүмыс күшіне жүмсалған шығындарын көрсетеді (26 сурет).
Келісімді еңбек ақы жекелеген тапсырыстар мен процестердің өзіндік құнына шығындарды тікелей енгізуді қарастырады. Бірақта жүмыс күшіне жүмсалған шығындардың кейбір бөлігі жанама сипатқа ие. Бүл жағдайда істеген жүмыс күніне қарай төленетін ендірістік жүмысшьшардың еңбек ақы шығындарын, т. б. жекелеген тапсырыстар мен процестердің өзіндік қүнына жатқызудың мүмкіндігі бола бер-мейді.
Мүндай шығындардың бір бөлігін үстеме мен жалпы-әкімшілік шығыстарына жатқызылады, бұл кезде ол кәсіпорында қабылданған әдістеме бойынша аратылады. Ал шығындардың қалған бөлігін жекелеген топқа бөліп алып, сосын оларды: нақты өнім түрлерінің
Сурет. Жүмыс күшіне арналтн шығындарды есептеу процедурасы арасына, яғни дайын өнім мен аяқталмаған өндірістің үлес салмағына қарап таратады. Осы түрғыдан бүйымның түрлері бойынша сметалық (нормативтік) мөлшерлемелері дайындалады. Мелшерлеменің есептік деңгейінің базасына жоспарланған өндірістік бағдарламалардың көлемі, тарифтік мөлшерлемесі және сыйақьшары, қызмет көрсету нормасы мен жүмыс уақытының бюджеті, істеген жүмыс күніне қарай төленетін еңбеккерлердің саны (жүмыс орыны) алынады. Мөлшерлеменің есептік деңгейінің базасы жиі өзгеріп отыруына байланысты көптеген ШС есепті айда калыптаскан пайыз бойынша жүмысшының істеген жүмысына қарай есептелген еңбек ақыларына тікелей пропорционалды түрде шығындарды таратады.
Бақылау мақсатында өндірістік бухгалтерияда нақты шығындар сметалықпен салыстырылатын, шығындар сметаларын орындау жөніндегі жиындық ведомосттарын жасайды. Жекеленген мәліметтер бойынша ақау, тоқтатулар, жұмыс күшінің қозғалысы, жұмыс уақытын пай далану туралы ақпараттарды шолып, жалпылама қортынды жасалады.