2 Дәрiс
2.1. Автоматты жүйе элементтерi
Автоматты жүйе өзара байланысқан және белгiлi бiр қызмет атқаратын дербес конструкциялық элементтерден тұрады, олар автоматика элементтерi не құралдары деп атайды. Элементтердi жүйеде атқаратын қызметiне қарай салыстырушы, түзетушi, қабылдаушы, жоспарлаушы, түрлендiрушi және атқарушы деп ажыратылады.
Автоматты жүйелерде көрсетiлген негiзгi элементтерден басқа қосалқы элементтер де болады, оларға ауыстырып қосқыш құрылғылар мен қорғау элементтерi, резисторлар, сигнал беру жабдықтары жатады.
Автоматика элементтерiнiң қолдану және технологиялық ерекшелктерiн айқындайтын арнайы сипаттамалары мен параметрлерi болады.
Басты сипаттамалардың бiрiне элементтiң статикалық сипаттамасы жатады. Статикалық сипаттама деп, тұрақталған режим кезiндегi шамасының кiрiс шамасына тәуелдiлiгн айтады: =f( ). Кiрiстiк шама таңбасына сәйкес бейреверсивтi (шығыстық шаманың таңбасы өзгерiстiң барлық деңгейiнде тұрақты болғанда) және реверсивтi (кiрiстк шаманың таңбасының өзгерiсi шығыстық шаманың таңбасының өзгерiсiне әкеледi) стаикалық сипаттамалар болып ажыраиылады.
Динамика сипаттама элементiнiң динамикалық режимде, яғни кiрiстiк шаманың шапшаң өзгерген сәттерiндегi жұмысын бағалау үшiн пайдаланылады. Оны өтпелi сипаттамамен, берiлiс функциясымен және жиiлiк сипаттамаларымен өрнектейдi. Өтпелi сипаттама шығысты шаманың t уақытқа тәуелдiлiгiн көрсетедi: кiрiстiк сигналының секiрмелi өзгерiсi кезiнде =f(t).
Автоматика элементтерiнiң негiзгi параметрлерiнiң қатарына берiлiс коэффициентi мен сезiмталдық деңгейi жатады.
шығыстық шамасының кiрiстiк шамасына қатынасын статикалық берiлiс коэффициентi деп атайды, яғни
Ауытқу бойынаша басқару принципi пайдаланылатын автоматты тұйықталған жүйелердiң артықшылығына керi байланыстың болуы жатады.
Оң керi байланыс деп, керi байланыс әсерi мен жоспарланған әсердiң таңбалары дәл келетiн байланысты айтады. Ал дәл келмеген жағдайда терiс керi байланыс делiнедi.
Негiзгi керi байланыс басқару жүйесiнiң шығысын оның кiрiсiмен қосады, яғни басқарылатын шаманы жоспарлау құрылғысымен байланыстырады. Ал қалған керi байланыстар қосымша не жергiлiктi деп аталады. Қосымша керi байланыс жүйенiң қайсiбiр буынынан алынған әсер сигналын алдыңғы тiзбектегi кез келген басқа бiр буынның кiрiсiне бередi. Мұндай байланыс жеке элементтердiң қасиетiмен сипаттамасын жақсарту үшiн пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |