Басылымы: бесінші


«Абай атындағы Қазақ ұлттық



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата13.11.2022
өлшемі0.85 Mb.
#464711
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Магист.дисс. ережелері

«Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университеті» КеАҚ 
Күні: 12.10.2021 
Басылымы: 
бесінші 
Магистрлік диссертацияны қорғау туралы ереже Е ҚазҰПУ 5001-20 12-бет барлығы 
20 
6. МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ 
 
6.1 Магистрлік диссертацияны қорғау Абай атындағы ҚазҰПУ Білім беру 
институттарында ББ сәйкес құрылған АК-та жүзеге асырылады. 
6.2 Магистрлік диссертацияны қорғау АК отырысы төрағасының басшылығымен 
өткізіледі. 
6.3 АК-қа эксперттік комиссияның қорытындысы негізінде магистрлік диссертацияны 
қорғауға келесі құжаттардың тізімі ұсынылады: 
- ғылыми жетекшінің пікірі (Ж қосымшасы); 
- ішкі рецензенттің магистрлік диссертацияға пікірі; 
- сыртқы рецензенттің магистрлік диссертацияға пікірі. 
6.4 АК-қа орындалған магистрлік диссертацияның ғылыми және тәжірибелік 
құндылығын сипаттайтын басқа да материалдар, яғни ғылыми зерттеудің қорытындысы 
бойынша енгізілген акті немесе анықтама, макеттер, магистрлік диссертацияның саласы 
бойынша тәжірибелік құжаттар, ұйымның жазбаша қорытындысы, ресми емес 
рецензенттердің пікірлері т.б. ұсынылады. 
6.5 Магистрлік диссертацияны қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. 
Қорғауға күніне 6-8 магистрант жіберіледі. 
6.6 Магистрлік диссертация кемінде 2/3 мүшенің қатысуымен АК-ның ашық мәжілісінде 
қорғалады.. 
6.7 Магистрлік диссертацияны қорғау бойынша АК отырысында ғылыми жетекшінің 
қатысуы және сөз сөйлеуі міндетті. 
6.8 Магистрант кемінде 15 минут зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін, ең 
негізгі бөлігін, қорғауға ұсынылған тұжырымдар мен ұсыныстары жөнінде қысқа нұсқа түрде 
баяндауы тиіс. 
6.9 Магистрлік диссертацияны бағалауда төмендегілер қаралуы тиіс: 
- тақырыптың өзектілігі; 
- алынған нәтиженің жаңалығы; 
- жұмыста жаңа технологиялардың қолданылуы; 
- қолданылған дерекөздері мен әдеби шолудың өзектілігі; 
- рәсімдеуге қойылған талаптарға сәйкестілігі; 
- диссертацияны қорғаудағы баяндаманың сапасы (нақтылығы, сауаттылығы, кәсіби 
терминдерді пайдалана алуы, көрнекілік материалдардың сапасы және т.б.). 
- қорғау кезінде қойылған сұрақтарға және рецензенттің ескертуіне толық және дұрыс 
жауап беруі. 
- әдебиеттер тізіміндегі пайдаланылған дереккөздер салыстырмалы түрде жаңа болуы 
тиіс: жаратылыстану және техникалық ғылымдар үшін – соңғы 7 жылда, әлеуметтік-
гуманитарлық ғылымдар үшін – соңғы 8-10 жылда. 
6.10 Әрбір магистрантқа АК отырысының хаттамасы жасалады және бекітілген үлгіде 
хатшымен толтырылады. 
6.11 АК отырысының хаттамаларының бланкілері АК жұмысының басталуына дейін 
магистранттардың қорытынды аттестациясының әр түрі бойынша жекеленген кітаптармен 
мөрленіп, нөмірленіп, тігілуі тиіс. 
6.12 Магистрлік диссертацилық жұмысты қорғауды бағалау, дәрежені тағайындау 
туралы және жеке үлгідегі дипломды беру туралы шешім АК-тың жабық отырысында 
қатысқан комиссия мүшелерінің көп дауыс беруі арқылы қабылданады. 
6.13 Хаттамаларға отырысқа қатысқан мемлекеттік қорытынды аттестация мүшелері мен 
төраға қол қояды. 
6.14 Диссертациялық жұмыстың қорытындысы өткізілген күні хабарланады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет