Басылымы: бесінші


«Абай атындағы Қазақ ұлттық



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата13.11.2022
өлшемі0.85 Mb.
#464711
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Магист.дисс. ережелері

«Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университеті» КеАҚ 
Күні: 12.10.2021 
Басылымы: 
бесінші 
Магистрлік диссертацияны қорғау туралы ереже Е ҚазҰПУ 5001-20 10-бет барлығы 
20 
4.8 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
4.8.1 Диссертацияны жазу барысында дереккөздерге сілтеме жасалу керек. 
4.8.2 Дереккөздер туралы мәліметтерді диссертация мәтінінде дереккөзге сілтеме жасалу 
реті бойынша орналастырып, араб цифрымен нөмірлеу керек және азат жол басынан бос жер 
қалдырмай басу керек. 
4.8.3 Пайдаланылған әдебиеттер сілтемесін тік жақшаға алу керек [5, 7б]. Бір дереккөзге 
бірнеше рет сілтеме жасау кезінде дереккөздің реттік нөмірмен бірге сәйкес беті беріледі. 
БАҚ-тан ақпарат пайдаланылған жағдайда тік жақшада тек дереккөз нөмірі ғана көрсетіледі. 
4.8.4 Стандарттар мен техникалық талаптарға сілтеме жасауда олардың тек белгісі ғана 
көрсетіледі, бұл ретте, егер пайдаланылған әдебиеттер тізімінде стандарттың толық 
сипаттамасы берілген жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі. 
4.8.5 Пайдаланылған әдебиеттер қатарында электронды дереккөздер, интернет 
ресурстары қолданылған жағдайда, пайдаланылған әдебиеттер тізімінде ол деректердің 
интернеттегі адресі толық көрсетіледі. Ресурсқа кірген кездегі мерзімі де көрсетілуі тиіс. 
 
Үлгісі (библиографиялық мәліметтер шартты түрде алынды): 
Кітаптар үшін: Авторлардың аттары мен тегі. Тақырып. – Қайта басылым туралы 
мәлімет. Басылым орны: Баспа, шыққан жылы. – Бет саны. Мәселен: С. С. Мәуленова, С. Қ. 
Мысалы: Бекмолдин, Е. Қ. Құдайбергенов. – Экономикалық теория. – 1 бөлім. – А.: 
Экономика, 2013. – 194 б. 
Журналдардағы мақала үшін: Авторлардың аттары мен тегі. Мақала атауы // Басылым 
атауы. (Серия). – Шыққан жылы. – Том. – Нөмірі. – Беті. 
Мысалы: Еркінбеков Д. А., Садақбаева Ж. К., Маманов Е. А. және т.б. Металл 
өндірісіндегі фазааралық қатпардың құрылымы жайында // Қазақстан нанотехнологиялары. – 
2009. – Т. 4. – No 5-6. – Б. 114-120. 
Конференция мен жинақ еңбектерінің материалдары үшін және т.б.: Авторлардың тегі 
мен аты жөні. Мақала атауы // Басылым атауы: Басылым түрі. – Орын, басылған жылы. – Том. 
– Нөмір. – Беттері. 
Мысалы: Төкенов Н. Б., Бекболатов Н. О., Рахметова С. А., Төмен қысымдағы жалында 
көміртекті наноқұрылымды сараптау // VI Халықаралық симпозиум: Көміртекті 
материалдардың физикасы мен химиясы / Наноинженерлік. – Алматы, 2010. – Б. 134-138. 
4.9 ҚОСЫМША 
4.9.1 Қосымша берілген магистрлік диссертацияның жалғасы ретінде рәсімделеді. 
4.9.2 Диссертация мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме берілуі тиіс. Қосымша 
диссертация мәтінінде берілген сілтемелер бойынша орналасады. 
4.9.3 Әрбір қосымша әр парақтың жоғары бұрышында «Қосымша» деп жазылған жаңа 
беттен басталады. 
4.9.4 Қосымшаның мәтінге қатысты жеке жолдан бас әріппен жазылған тақырыбы 
болуы тиіс. 
4.9.5 Қосымша үлкен әріптермен орыс алфавитінің Ё, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ 
дыбыстарынан басқа алфавиттік жүйеде белгіленеді. «Қосымша» сөзінен кейін оның ретін 
білдіретін әріп жазылады. 
4.9.6 Қосымша жалпы құжаттың жалғасы ретінде нөмірленеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет