Басылымы: бесінші


«Абай атындағы Қазақ ұлттық



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата13.11.2022
өлшемі0.85 Mb.
#464711
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Магист.дисс. ережелері

«Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университеті» КеАҚ 
Күні: 12.10.2021 
Басылымы: 
бесінші 
Магистрлік диссертацияны қорғау туралы ереже Е ҚазҰПУ 5001-20 11-бет барлығы 
20 
5. МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҚОРҒАУҒА ҰСЫНУ 
 
5.1 Магистрант ҚА-ға рұқсатнама алу үшін маман дайындаушы кафедрада магистрлік 
диссертацияны 1,5 ай бұрын алдын-ала қорғаудан өтіледі. Қорғауға ұсыну туралы шешімді 
кафедра талқылайды (кафедра мәжілісі хаттамасынан көшірме). 
5.2 Магистрлік диссертацияға маман шығарушы кафедра өкімімен ғылым докторы, 
ғылым кандидаты, ББ бойынша PhD докторы дәрежесі бар сыртқы рецензент тағайындалады. 
5.3 Магистрлік диссертацияның сыртқы рецензенті қорғалатын диссертацияның саласы 
бойынша негізгі жарияланымдары (3 жұмыстан кем емес), ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі 
және жұмыс орны көрсетіліп, білім беру институттарының ғылыми кеңесінің шешімі негізінде 
Абай ат. ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы – Ректорының бұйрығымен бекітіледі. 
5.4 Сыртқы рецензент магистрлік диссертация негізінде аталған ББ бойынша магистр 
дәрежесін ұсыну немесе ұсынбау туралы дәйекті қорытынды және балдық- рейтинг жүйесіне 
сәйкес баға көрсетілген сын пікір береді (Г қосымшасы). 
5.5 Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс. Абай ат. 
ҚазҰПУ диссертациялардың мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінде, 
оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша тексерілуін қамтамасыз етеді. 
5.6 Сыртқы рецензенттің сын пікірінде күні көрсетіліп рецензенттің қолы қойылған 
болуы керек. Рецензенттің қолы жұмыс жасайтын ұйымның кадр бөлімінің басшысымен және 
мөрімен расталады. 
5.7 Магистрлік диссертация алдын-ала қорғаудан кейін Білім беру институттарының 
маман дайындаушы кафедрада диссертациялық жұмысқа алынған дерекөздерінің және 
сілтемесіз алынған авторларды қарау үшін Абай ат. ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы – 
Ректорының бұйрығымен құрылған ЭК тексеруінен өтеді. 
5.8 ЭК құрамында кемінде 3 маманнан тұратын, оның ішінде берілген зерттеу обьектісі 
мен пән аумағында білімі бар, отандық және шетелдік басылымдарда соңғы 3 жыл ішінде 
диссертацияға сәйкес келетін екі немесе одан да көп жарияланымдары бар 1 ғылым докторы 
болады. 
5.9 Магистрлік диссертацияны қорғауға 1 ай қалғанда ЭК-ға төмендегідей құжаттар 
ұсынылады: 
- аяқталған магистрлік диссертация; 
- магистранттың ғылыми жетекшісінің пікірі; 
- қорытынды туралы кафедраның ғылыми семинарының хаттамасы; 
- диссертация тақырыбының бекітілуі туралы Ғылыми кеңес шешімінің көшірмесі; 
- магистрлік диссертацияның аңдатпасы; 
- магистрант оқитын ЖОО-ның ғалым хатшысы қол қойған ғылыми еңбектер тізімі 
және жарияланымдарының көшірмесі (Д қосымшасы)
- плагиатқа тексерілуден өтуі туралы анықтама. 
5.10 ЭК-ның негізделген жазбаша қорытындысы көрсетілген форма бойынша 
шешімдердің біреуін ұсынады: 
1) диссертацияны қорғауға ұсыну; 
2) диссертацияны қорғауға ұсынбау (Е қосымшасы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет