Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбы үшін


Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер



бет3/63
Дата28.01.2024
өлшемі2.5 Mb.
#490068
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Бастауыш оқу бағдарламалары №266 бұйрығы 08.04.2016

3. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер



  1. Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей) «білім алуды үйрету» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуғаұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді.

  2. Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:

1) зерттеушілік тәсілдер (оқушылар «не білемін? нені білгім келеді? нені білдім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
2) әрекеттік тәсілдер (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді);
3) дамыта оқыту (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
4) уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);
5) оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға үйренеді);
6) саралай оқыту (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту, қалыптастырушы баға арқылы қолдау).

  1. «Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:

1) стратегиялар: өзін-өзі басқарушылық, эксперименттік, сыни, коммуникативтік;
2) технологиялар: шағын топтағы жұмыс (командада), кейс-стади (нақты жағдаяттарды талдау), рөлдік және іскерлік ойындар, модульді оқыту;
3) әдістер: жеке оқыту, проблемалық оқыту.

  1. Басты назар білімді қолдану біліктілігіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен жетістіктер критерийлерін алдын ала белгілеу керек.

  2. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және белсенді тілдік орта құру арқылы, қажетті коммуникативтік дағдыларды дамыту керек. Мұндай орта оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдерімен және көпшілікпен қарым-қатынасында қазақ тілін сауатты пайдалануына, ауызекі, жазбаша формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік туғызады.

  3. «Сауат ашу» пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  1. дыбыстық-буындық талдау жасау;

  2. артикуляциялық жаттығулар;

  3. мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіну, сұрақтар қою және сұрақтарға жауап беру;

  4. тыңдалған мәтін мазмұнының желісін суреттер арқылы беру;

  5. тыңдалған мәтіннің белгілі бір үзіндісін айтып беру;

  6. мәтіннің мазмұнына қарама-қарсы пікір айту;

  7. өздеріне таныс және қызықты тақырыптар бойынша әңгімелесу;

  8. белгілі бір тақырыпта пікірталасқа қатысу;

  9. мәтіннің кейбір оқиғаларын ым-ишарамен көрсету;

  10. жұпта ым-ишара, қимыл-әрекетті пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»);

  11. таныс ертегі, әңгімені мазмұндау, өлеңдерді жатқа айту;

  12. сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, өтініш жасау, таныс және таныс емес адамдармен, жақындары және достарымен, құрдастары және ересектермен, кіші балалармен қарым-қатынас жасауға байланысты рөлдік ойындар;

  13. нені сұрауға және нені сұрауға болмайтыны туралы пікір таластыру;

  14. суреттер, бейнематериалдар бойынша әңгімелеу, сипаттау;

  15. сахналау;

  16. берілген тақырып (сол сабақта өтілген әңгіме, ертегі немесе мысал) бойынша диалог (қуыршақтардың көмегімен) құрастыру.

  1. «Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

1) графикалық сызба арқылы «оқу»;
2) кеспе әріптерден буын, сөз құрап оқу;
3) мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді тауып оқу;
4) «көзбен оқы» ойыны арқылы оқу;
5) мәтіннен көркем, бейнелі сөздерді тауып оқу;
6) сөздік жұмысы (сөздің мағынасын түсіну);
7) мәнерлеп оқу;
8) рөлге бөліп оқу;
9) оқылған әңгіменің, ертегінің картасын жасау.

  1. «Сауат ашу» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

1) ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;
2) сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;
3) мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жаздыру;
4) мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;
5) сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу;
6) шағын хат жазу;
7) есте сақтау арқылы жазу;
8) байқағаны, сүйікті істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;
9) сурет бойынша жазу;
10) өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет