2. «Музыка» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері
«Музыка» пәні адам өмірінің бөлігі ретінде оқушыларда музыкаға деген құндылықтық қарым-қатынастың қалыптасуына, музыканың базалық білімі, біліктіліктері және музыкалық қызметінің түрлерін меңгеруге, музыкалық қызмет процесінде шығармашылық өз ойын білдіру және коммуникация біліктіліктерін қалыптастыруға, ұлттық және адамзаттық мәдениет құндылықтарына деген көркемдік-эстетикалық қарым-қатынасты тәрбиелеуге, музыкалық және шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған.
Пәнді оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыкалық негізгі білімі мен біліктіліктерін, музыкалық қызметтегі шығармашылық өз ойын білдіру және коммуникациялық әдіс-тәсілдерін меңгеру, ұлттық және адамзаттық мәдениеттің көркемдік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерді қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық дағдыларды дамыту.
Пәнді оқытудың міндеттері:
1) музыкалық сауаттылық бойынша негізгі білімдерін қалыптастыру;
2) стиль, жанр, музыканың көркемдік құралдары туралы түсініктерді қалыптастыру;
3) музыкалық негізгі терминдер мен түсініктемелерді игеру;
4) музыкалық іс-әрекет процесінде білімдер мен дағдыларды, оның ішінде музыканы басқа өнер түрлерімен кіріктіру арқылы дамыту;
5) музыкалық орындаушылық дағдалырды, сонымен қатар АКТ қолдану арқылы қалыптастыру;
6) дәстүрлі қазақ музыкасы және фольклорының, әлем ұлттарының музыкалық шығармашылығының, классикалық және қазіргі композиторлар шығармаларының үздік үлгілерін білу;
7) музыкалық қызмет процесінде білім алушылардың шығармашылық қабылдауын қалыптастыру;
8) музыкалық іс-әрекеттер процесінде зерттеушілік, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;
9) білім алушылардың өмір тәжірибесі негізінде когнитивтік және эмоционалдық іс-әрекеттер саласын, көркемдік-эстетикалық сезімдерді, ассоциациялық және бейнелеп ойлауды қалыптастыру, музыкалық іс-әрекеттер арқылы қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіру.
Бастауыш мектептегі «Музыка» пәнінің мазмұны:
1) қазақ музыка фольклорын, дәстүрлі, классикалық және қазіргі музыка үлгілерін;
2) музыкалық сауатының негізін;
3) орындау және тәжірибеде музыкамен әуестену үшін музыкалық материалды (композиторлар, халық және классикалық музыкалық аспаптар, музыкалық жанр және стильдер бойынша мағлұматтар);
4) музыка шығару мен суырып-салмалылыққа арналған музыкалық-шығармашылық тапсырмаларды, сонымен қатар АКТ қолдануды;
5) өнердің басқа түрлері және өзге пәндермен пәнаралықбайланыс орнатуды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |