1.4 Балалардың мінез-құлқын қалыптастырудағы халықтық педагогиканың алатын орын
«Ел басына жақсы туса, асыл болар, масыл болмас, Ел басына жаман туса, масыл болар, асыл бомас» - дейді ұлы ғұлама Ә.Науай. Әрбір перзентінен үміт кеткен ата-ана мен туған халқына жақсы адам болу әрбір адамның мойындағы асыл парызы, масыл болуға, жаман адам болуға ешкімнің қүқы жоқ. Жақсылыққа жақын адам сыйдың қүрметтісін алады, алыс адам кемкетісін алады. Әрбір жақсылық адам көңіліне ұят атты құсты ұялатады.
Халықтық педагогика дегеніміз не? Халықтық педагогика - көп арнаулы, қыры - сыры мол күрделі ғылым. Ол ұлттық өмірге немқұрайдықарайтын жасұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет-ғұрыпы, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге тиіс. Халықтық педагогика - тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы, ол тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі. Бұл салада қазақ халқының тәлім-тәрбие мұрасына ерекше мән беріп зерттегенден Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Х.Арғынбаев. С.Сарсенбаев, С.Ұзақбаев. А.Мұқанбаева т.б.[18-20б]
Зерттеулерде «Халық педагогикасы» ұғымын әртұрлі мазмұн мағынада түсіндірген. Оның тәрбиелік ролін анықтау кезек күттірмейтін мәселе. Ал халық педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, ойындары, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады.
Халықтық педагогикасының мұрасының бірі - дәстүр.
Салт-дәстүр бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отратын қоғам, өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын халықтың қоғамдық тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады.
Халық дәстүрінің танымдық тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жасұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани адамгершілігінің қуат-қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, баланың жан-дүниесінің қалыптасуына рухани марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-ақ. Ол халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, адамгешілік қасиет-сапаларымен сабақтасып біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне, қоғам тану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра.Бала біздің елімізде ерекше халық. Ол түсінетін, сөзінетін, көретін, ұмтылатын, әрекет жасайтын, жарық дүниеге келген алғашқы күннен бастап-ақ ата-анасын, жақын-туыс туғанын, әрі бүкіл елді қуанышқа ерекше сезімге бөлейтін халық. Сондықтан балалардың өмірі мен жан-жақты жетілуі үшін олардың рухани және дене күштерінің кінәрәтсіз және қауіпсіз дамуын, адамгершілік, имандылық жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауымыз қажет.
Балалық адам өмірінің аса маңызды кезеңі, болашақ өмірге әзірлік емес, қайта нағыз жарқын, ерекше қайталанбас өмір. Сөйтіп балалықтың балалық шақта баланы кім жетектегеніне қоршаған дүниеден оның ақыл ойы мен жүрегіне не еңбегіне - осының бәріне шешуші дәрежеде ымырасыздық сияқты қасиеттердің қалыптасуының процесі басталады. Бұл процесс мұғалімдер, ата-аналар тарапыыан мақсаттылық пен педагогикалық-психологиялық тұрғыда басқаруды қажет етеді. Мұнда әлемдік педагогика - психология ғылымында айқындалған бала тәрбиесінде жинақталған ғылыми қағида әрбір тәрбиеші, мұғалім баланың рухани дүниесіне кіре білуді және баланың рухани дүниесі деңгейіне көтеріле білу қажеттілігін түсінуді, баламен жұмыс істеуде басшылыққа алу керек. Бұны білмейінше бұған мән бермеген жағдайда нағыз тәрбиеші бола алмайтынын өмір көрсетіп келеді. Баланы рухани дүниесіне көтерілу дегеніміз баланың дүниеге келген күнінен бастап, оның дүние тануын, ақыл ойымен жүрекпен тануын, ең нәзік, ең шынайы, ұғыну, қабылдау, сезіну деп түсіну қажет. Мәселен, балада алғашқы күннен бастап-ақ адамға деген шынай сүйіспеншілік сезімі болатынын М.Жұмабаев өз еңбігінде былай суреттеп эерген: «Ананы сүю» сезімі оянады. Анасын сүю, анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу деген сөз. Бірақ ес білген соң туысқандық сезімі, яғни іраласып айналасында жүрген адамдарды сүю сезімі оянады. Ол елін сүюсезімі жер жүзіндегі барлық азаматты сүю сезіміне алып барады. Бұл сөздерден ізігілік деген сөздерден дұрыс һәм толық мағынасы мынау екен: әр адамның өзін сүюі, яғни яғни жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылуы, туысқандарын сүю, яғни оларға жауыздық тілемей ізгілік тілеу, өз елін сүюі, пайда келтіріп, зиян келтірмеу, һәм басқаларға да зиян келтірткізбеу, ең негізінде - біткен адамзатты дос һәм бауыр көру екен. Міне, кімде-кім өзін сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе біткен адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймын». Сондықтан бүгінгі күннің жаңару бағыты бала тәрбиесінің арқауына ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді халықтың рухани игілігіне пайдалану басты назарда болуы көзделіп отыр. [1-15б]
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан оның өмірішеңдігінде, тәлім-тәрбие ісінде кең таратылғандығында.Адамның туған күнінен бастап барлық өмір жолын қамтитын әр тұрлі рәсім, дәстүр бар. Қазақтың қазіргі замандағы алуан жүйелі өмір тану жолдары соларға беру әдістері ертеден қалыптасып, бүтіндей қол үзбеген сыртқы күш қанша ықпалды болсада халқымыздың дәстүрлері мүлде жойылып кетпеген. Ендігі мақсат ата-баба дәстүрлерінің озығын жаңарту ұрпақ тәрбиесінде басты рольге айналдыру қазақтың ата-салтын, қағидасын қазіргі өмір тынысына сай пайдалану, жаңарту басты проблема. [20-45б]
Дәстүр - адамдардың рухани түлғасынан бөлінбейтін құбылыс. Дәстүр қоғамдық сананың барлық формаларынан орын алады. Сонымен қай халықтың болса да ұлттық үрдісі, білікті қасиетті, өзіндік эуені, тағылымды дәстүрі мәртебесін биікке бастайтыны сөзсіз киелі кереметдәстурлері арқылы ғана өзініңұлттық бояуы мен өзінің болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады.
Ұлттық рухымыздағы дәстүр жасұрпақты тәрбиелеуде тиімді деп есептейміз. Ұлт ойшылдардың, арнайы халық мұрасын зерттеушілерідің жалпы тәрбие жөніндегі идеялраы, ой пікірлері жаңа қоғамдық тарихи жағдайларда одан әрі дамытылып, әр халықтың тәуелсіздік жолындағы күресте рухани, құдіретті күшке айналып отыр.
Халық дәстүрлері мен оның үлгілерінің жоғалуы қоғамның рухани жағынан жұтандыққа ұшырауына, уақыт пен ұрпақ байланысының ыдырауына әкеліп соғуда. Көптеген адамдар өз тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін білмейді, ұлттық әдет-ғұрып, кәсіп, халықтың өзіне тән тү.рмыстық
көрінісі жоғала бастады. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан өкшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт дәстүрлерді білу әрбір отбасының, тәрбиеші ұстазадардың абыройлы міндеті. Қай халық болмасын өз үрпағын биік белестерден көргісі келетіні түсінікті. Бүгінгі жеткіншектердің азамат болып қалыптасуы оның туған аясында, өскен ортасында, оқыған, көрген тәрбиесіне байланысты екені дәлелдеуді қажет етпесе керек. Шырт етіп дүниеге келген күннен бастап ана тілінің әлдиін, туған халқының өнегелі тәлім-тәрбиесін, үлгілі салт-дәстүрін бойына сіңіріп өсіру керек
Мінез-құлық әдептері. Дарқандылық, биязылық, турашылдық, кішіпейілділік, салмақтық, пейілділік, бауырмалдық, рақымшылдық, шыдамдылық, сыйластық, ұстамдылық, білімпаздылық, ұқыптылық, меймандостық, тындырымдылық, сыпайылылық т.б. «Көз көргенін, көсеу түрткенін біледі» - дейді дана халқымыз. Дүниеге бала «әдеп» деп кірсе, үлкендер ықпалымен тәлім тәртібіне жаттықса жақсы мінез сол баланың бойына үйір келеді. [2-35б]
Халқымыздың ұлттық психологиясындағы өзгеге ұқсамас өзіндік бір ерекшелігі кең пейіл дархандығы. Ашық қолды, жомарт, тамағының дэмдісін, көңілінің дәндісін, қонаққа сақтайды. Тіпті өз талшығы өзіне жетпей отырса да жоқты намыс тұтып, барын қонағының алдына тартады. Қонағы үйінен ырзалықпен аттанбаса, бойынан ұйқы, өзегінен ас қашады. Келген қонақтың көңілі үшін астындағы жалғыз атын союға дайын тұрады. Кеңпейіл, дархандылық мінез көбіне рақымшылдыққа әкеліп саяды. Жатты туыс, бауыр түтып, жатырқамай көкірегінен итермей бауырына тартып төрінен орын беріп, төбесіне көтереді. «Өле жегенше — бөле же» - деп тапқанын қызғанышсыз ортаға салып, адамдықтың ала жібін қасиет түтады. «Сұраса келе, қасыңдағы жарың қарын бөле шығады» - деп жатты жақындатып, бауыр тұтады. Кеңпейілділігімен ұстасып, тұтасып жатады. Ақкөңіл бала мінездес, өзгеге де өзіндей сенеді. Кеңпейілділіктен, ақкөңілділік, адалдық, рақымшылдық, бауырмалдық, сыйластық туылып, батырлық үштасып жатады. Соның нәтижесінде бір эулетте қанша жан болса сенікі-менікі деп бөле жармай бір қазаннан дэм татып, үлкенді құрмет тұтып төрге отырғызып, оның айтқан сөзін «заң» деп ұғынады. Ынтымақ, бірлік, береке төрінен орын алып, өмір ағымында біте қайнасып жатады. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» - деген деп бірлікке, татулыққа үндеп отырады. Халқымыз мінез-құлқындағы өзіндік бір ерекшелік - шыншылдық пен турашылдық. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» - шындықты пір тулып, дар астында да туралықты айтады.
Адамды жақсылыққа бастайтын үш жолбасшы бар - дейді халқымыз. Ар,Намыс, ұят. Әр адамның бойында ар, ұят, намыс эділдікпен біріксе, бұл одақтан күші асар ешнәрсе болмайды, егер бұл төртеуі нысап, эділет, мейірім, яғни үжданмен біріксе мұндай адам имандық нүрын шашқан алып сәулеге айналады.
Мінез әдептерінің келесі көрінісі бұл кішіпейілділік пен қарапайымдылық.
Кішіпейілділік ұлылықтың белгісі - дейді ғұлама Махмұт Қашқари. Адам бойындағы қүдай берген дарынға немесе байлығына, не қызметіне мақтанып немесе бұлданып менмен, тәкаппар болса, бұл ақылсыздықтың ең төмені.
«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар мінез деген нәрселермен жарайды» - дейді Абай. Әр адамның серігі ақыл, жетелеушісі ғылым, көңіліне сәуле шашар жарыгы ар, мінез болса, одан өткен жақын адам болмайды. Әр істі ақылға салган адам өзіне жақсы төреші бола алады, өзгегеде қазылыққа жарайды. Олай болса баланы кішіпейілділікке үйрету, қарапайымдылыққа үндеу халық педагогикасының құдіретті қаруы.
Халқымыз «Ұл өссе ұрпақ, қыз өссе өріс» - деп ұрпақтарының болашағына жауапкершілікпен қарап, әрбір ата-ана олар алдында жауапты екенін асқақ сеніммен сезініп келеді.[4-23б]
Ежелгі қалыптасқан дәстүр бойынша отау тігудің бірден-бір жолы құда түсіп, қалың малын төлеп үйлену арықылы жүргізіледі. Қалың малға алынган малды ата-ана дүние деп есептемейді. Өйткені алынған малдың үстіне ата-ана өз жанынан тағы қосып бойжеткенге отау мүліктерін жасап, не керектің бәрін әзірлеп жастардың қиналмай өмір сүріп кетуіне толық жағдай туғызып отырды. Жаңа қосылған жастардың қиналмауы, оларға қажетті заттардың екі ата-ананың әзірлеуі, қамтамасыз етуі босаға беріктігіне, және болашақ ұрпақтың жақсы жетіліп дүниеге келуіне негіз болды. Құда болуда екі жақты қатынасты жастар қосылғанға дейін ата-ана сыр алысып, бір-бірінің мінезін біліп, екі жақ та қуаныш көріп, жастардың болашақ өміріне негіз қаланады. Олардың құйрық-бауыр жеуі, құда тарту, құдаларға үн жағу, ақ бата беру, ілу апару, есік ашар, ентікпе беру, шатыр —байғазысы, балдыз көрімдігі, т.б. кәделері жастар көңілін бір-біріне жақындатып отаудың баянды болуының басты жолы болды. Болашақ перзентінің дене бітімі дұрыс жетіліп, оның күшті ақылды, парасатты болуды халқымыз баланың ананың құрсағындағы дәуірден ойластырды. Мұндай аналар ерекше күтімге алынып, олардың ауыр жүк көтеруіне, түнде далада жалғыз жүрмеуіне, бөлмеде жалығыз жатуына тыйым салынды. Оқыс қимылдардан сақтандырып отырды, тыныш ұйықтауына, жақсы демалуына жағдай туғызып, әсіресе ананы шошытпау жағынан қарастырып, бүкіл ел қамқорлыққа алды.
Нәресте дүниеге келген соң кырық күн толғанда баланы қырқынан:; шығарады. Қырық қасық жылы суды қасықпен өлшеп құйып баланы шомылдырып, тырнағы, шашы алғаш алынады. Тырнағы мен ша лын дарынды, дуалы ауызды адамдарға немесе шещен, ақын, әнші, сері адамдарға алдырады. Өйткені жасын берсін, енерін, ақылын берсіндеп ырым жасайды. Ал шын мәнінде халық ырымы қате кетпейді.
Бала қаз-қаз жүре бастағанда бала өмірінде сүріншек болмасын деген ниетпен абысын-аржындарды жинап той жасап арнайы баланың тұсауын кеседі. Халықымыздың салтында көктей қаулап көгерсін деп көк шөппен, біреудің ала жібін аттамайтын әділ бол деп ниетпен, яғни осы үш тілектің біреуімен баланың тұсауын кеседі. Ғасырлар бойы халықтың емеуірінен өткен ырымдардың қатесі жоқ, киелі. Мұны баларға үйрете отырып, өзімізде жауаптылықпен қарауға тиіспіз.
Атамыз қазақ нәрестенің дүниеге келу салтанатына осылайша көңіл бөліп, қасиетті дәстүрлерді сақтауды өзінің бала алдындағы парызы деп біледі. Осындай игі дәстүрлерді, ізгі қасиеттерді кішкентайынан бала бойына сіңіріп, ата-ананың ұлағатты ісін жалғастырушы етіп қалыптастырып отырды.[6-11б]
Достарыңызбен бөлісу: |