Бастауыш білім беру


II. БАЛА МІНЕЗІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ



бет7/12
Дата28.09.2023
өлшемі4.52 Mb.
#478981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Курстық Жұмыс Қордабай Ақмарал

II. БАЛА МІНЕЗІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ


2.1 Сыныптағы оқушылардың мінез-құлқын бақылау барысында жүргізілген жұмыстар
Мектептегі оқыту-тәрбие процесінің жақсы жолға қойылуы, жоспарлы жүргізілуі де балалардың мінез ерекшіліктеріне әсер етеді. Шәкіртке ғылымның негізін үйретумен бірге біз олардың дүние танымын, ақыл-ой әрекетін, творчестволық ізденуін, қабілеті мен дарындылығын дамытамыз. Әрине, бұл жәйттерді оқушыларға толық жеткізу әрбір мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, материалды жан-жақты толық қамтуына, көрнекі және техникалық құралдарды дұрыс пайдалануына байланысты. Міне, сондықтан біз мұғалімнің педагогикалық процестің негізгі түлғасы деп санаймыз. Мұғалім әрекеті мазмұны жағынан оқушылар әрекетімен органикалық байланысқанда ғана тәрбие тиімді де нәтижелі болады. Бір сыныптың өзінде мұғалімдердің сабақ беру тәжірибесіне қарай сабақ үстіндегі шәкірттердің мінез ерекшеліктері кейде олай, кейде бұлай болып құбылып отыратыны педагогикалық тәжірибеден белгілі. Сабақ қызықты, шеберлікпен өткен жағдайда оқушылардың зейіні басқа нәрсеге алуға мүмкіндік тумайды. Осындай кезеңде шыдамсыз, ұшқылақ оқушылардың қимыл-әрекетінде де байсалдылық байқалады. Сабақ тартымсыз, нәтижесіз болса, оқушылар қанша зейін қоюға әрекеттенгенімен шаршап, жалыға бастайды. Мұндай жағдайда жеңіл мінезді балалар өздері ғана тәртіп бұзбастан, басқаларға да теріс әсер етеді. Оқыту процесінде оқушылардың білімін дұрыс бағалаудың олардың мінез ерекшеліктерін тәрбиелеуде үлкен маңызы бар. Оқушы мұғалімнің сұрағына жауап беруде өзінің ой-өрісімен ғана. өлшеп, қойған бағаға ренжитін кездері де болады. Мұндай жағдайда оқушыға қойылған бағаның дұрыстығын аңғартып отыру үшін кемістігін дер кезінде ескертіп отыру керек. Сондай-ақ баланың көңілін аулау үшін өне бойы бағаны көтермелеп қою да жарамайды. [7-22б]
Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың мінез-құлқын тәрбилеуде ең негізгі тұлға мұғалім екендігі белгілі. Тіпті бірінші, екінші сынып оқушылары мұғалімнің айтқанын өз ата- аналарының айтқандарынан да артық көреді. «Ия, бізге апай былай деген», «Біздің апай осылай үйреткен» деген сияқты сөздерді шын ықыласпен айтады. Демек оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеуде мұғалімнің білімділігі, мәдениеттілігі, ұстамдылығы, тапқырлығы, байсалдылығы ең негізгі фактор болып саналады. Барлық мұғалімдер шәкірттердің аңсаған арманынан шыға бермейді. Кейбір мұғалімдер сабақ беруде оқулықтағы материалдардың көлемінен ұзап кете алмайды. Ондай мұғалімдер оқушылардың түсінбей қойған сұрақтарына жауап берудің орнына, «осыны да білмейсің бе», «басыңмен неге ойламайсың» деп жекіріп тастайды да, баланың білімге құмарлығын тежейді. Осыдан барып оқушылардың оқуға деген ынтасы темендей бастайды. Өйткені мінез тұйық, жасық оқушы мұғалім тарапынан көңілге кір келтіретін жекіру сезін немесе әділетсіз айыптау әрекетін байқаса, біліп тұрған нәрсесін айтқысы да келмей қалады. Ал осындай жағдай жақсы оқитын қайсар, ожар мінезді балаға әсер етсе, ол сабаққа салқын қарап, тәртіпсіздер қатарына қосылуы мүмкін. Баланың мінез-құлқын тәрбиелеуде ең негізгі көңіл аударарлық мәселе - адалдықты, шыншылдықты, сыйластықты қалыптастыру. Әрбір тәрбиеші, әрбір ата-ана балага болсын, басқаға болсын, айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне, қимылына аса жауапкершілікпен қарауы керек. Сонымен бірге олардың кішіпейілділігі, адамгершілігі баланы адалдық пен шындыққа бағыттайды. [21-9б]
Баланы шыншылдыққа, адал ниеттілікке тәрбиелеуде көршілердің, бірге ойнап, бірге жүретін балалардың қарым-қатынас әрекеті қимылы үлкен роль атқарады. Ата-ананың балаға берген тәлім-тәрбиесін бірге ойнап. жүрген өзге балалардағы жарамсыз қылықтар бұзуы мүмкін. Мысалы, Ақтоғай ауданы, Қусақ ауылында болған оқиға бес жасар Қанат бір күні 3 жұмыртқа алып келді. Жүзінде қорқыныш сезімі байқалып тұр. «Мұны қайдан алдың, Қанат» деп сұрағанымызда: «Самат пен Бағдат екеуіміз Олжастың қорасындағы жұмыртқадан алып едік» деп жауап береді. Самат өте ерке бала болып өскен. Бұдан кейін Саматтың ата-анасымен әңгімелесіп, балалардың жүріс-тұрысын қадағалауды ойластырдық. Балаларға біреудің қорасына кіріп жұмыртқаны ұрлауға, болмайтындығын түсіндіргеннен кейін олар жарамсыз әрекеттерін тастады.[23-25б]
Бала мінезіндегі адалдыққа қайшы келетін қылықтарды дер кезінде дұрыс тәрбиелеу жолымен құрып отыру қажет. Баланың-еңбекке ынталылығын арттыратын жағдайлардың бірі -оның еңбегін бағалай білу. Жұрт алдында мадақтау, оның еңбекке ынтасын арттырумен бірге, оны өз бетінше жұмыс істеуге құлшындырады. Бірақ орынсыз мақтау баланың дандайсуына, менмендік жасауына алып келеді. Сол үшін баланың еңбегінің әділ де орынды бағалай білу керек. Ұяда не көрсең, үшқанда соны іледі дейді халқымыз. Сондықтан баланы жастайынан дербес әрекет етуге үйрету керек. Оның жұмысына қызығып, шамадан тыс көп істете беруге де немесе қолынан келмейтін ауыр жұмысқа жіберуге де болмайды. Өйткені ондай жағдайлар баланы өз күшіне, қабілетіне сенімсіздік тудырады. Содан барып бала мінезінде жалтақтық сияқты жағымсыз жақтар қалыптасады. Сонымен қатар балаға тек жеңіл-желпі жұмыстар істеу де оның еңбекке деген қүштарлығын кемітеді. Балаға тапсырма беріп, артынан оны «аяп», өзі істей қоятын ата-аналар да табылады. Практика барысында Қусақ ауылы, Қошқар тірек мектебі, 4 сынып оқушысы Ернияз көркем еңбек сабағында қағаздан гүл жасап келуі керек болатын. Бірақ ол гүлді анасы жасап бергені белгілі болды бұндай жағдайларда баланы еңбек еткізудің орнына, оған берілген тапсырманы өзі атқаратын мұндай кісілер балаларының ақсаусақ болып өскенін көргенде барып санын бір-ақ соғады. Еңбек сүймейтін жалқаулық мінез пайда бола бастайды. Сондықтан мектеп мұғалімдері, ата-аналар атақты педагог К.Д.Ушинскийдің: «Өзі еңбек етпейтін адам ілгері баса алмайды, ол бір орнында тұрып та қала алмайды, кері кетеді. Адамның денесі, жүрегі,ақыл-ойы еңбек етуді тілейді. Егер адам өз өмірінде қандай себептен болсын қол қусырып бос отырса, онда ол дурыс жолдан адасады. Ал еңбек- адамның өзінің еркін еңбегі - ол нағыз тіршілік - деген аталы ақылын зердесінде берік ұстағандары жөн. Баланың мінез ерекшілктерін семьяда тәрбиелеу мектеп тәрбиесімен ұштасып жатса, ойдағыдай нәтиже беретіні даусыз. Бірақ кейбір ата-аналар балалары мектепке барғаннан кейін, ендігі тәрбие мектептің мойынында, біздің міндетіміз баланы асырап киіндіру деп қарайды. Өйткені одан арғысын мектептің өзі игеріп әкетеді деп қате түсінеді.



1.1-сурет
Бала мектепке барғаннан кейін де күнбе күн бақылап тұрмаса оқуында олқылық, тәртібінде тиімсіздік туады. Мысалы, 3-шы сынып оқушысы Бекжан әке-шешесінің бақылауында болмағандықтан сабаққа бірде келсе, бірде келмейді. Оқудан суып қалған кейбір балаларға қосылып, күні бойы көшеде салақтап жүреді. Әрине, ондай балаға ата-ананың күделікті бақылауы қажет-ақ. Кейбір ата-аналар баласының оқудан нашар екендігін біліп тұрса да ата-аналар жиналысына келмейді. Ондай ата-аналар қазіргі кезде балаларының нашар оқитындығын ғана білсе, олардың келешегінде қандай қиыншылықтар болатындығын ойламайды да. Осы күйінде ата-ананың бақылауынсыз тәрбиеленген балалар тәртіпсіз балаларға қосылып, олардың мінез ерекшелігіндегі кейбір жарамсыз қылықтарын қабылдауы мүмкін. Сондықтан мен ата-аналар жиналысын өткізгенде осы мәселені қарастырдым: 1. Ата-анамен жұмыс. Яғни Баланың анасына өз баласын өзге балалармен салыстырып, айырмашылықтарын және не себепті олай болғаны жайлы жұмыстар өткіздім. 2. Баламен жеке жұмыс өткізілді. Бекжанға өзінің бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді байқау үшін, болашақта кім болуды армандайтыны яғни арманымен сынадым. Егер сен арманыңа жету үшін неден бастау қажет екеніне бағдар көрсеттім. Жаман қылықтардан бас тартып, жақсы қасиеттерді бойына жинау керек екенің түсіндірдім.
А.С.Макаренко айтпақшы, ондай балалардың ата-аналары кәрілігінде қайғы-қасіретке ұшырайды. Ата-аналар жиналысына кейбір жауапты қызметте жүрген кісілер де келмей қалады. Олардан неге келмедіңіз деп сұраса, қолым тимейді деп жауап береді. Ондай ата-аналар өз жұмысын негізгі деп санап, бала тәрбиесін екінші дәрежелі жұмыс деп қарайды. Бұл кешірілмес қателік. Мектепте балаларға қойылған талаптар ата-аналар тарапынан құпталып, оның орындалуына жәрдем беріліп отырса, олардың іскерлігі де арта түседі. Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың оқуға ынталылығы, үғынуы, жалпы сабаққа қатынасы бірдей бола бермейді. Әрбір оқушының өзіндік мінез ерекшелігі, сыртқы дүниеге қатынасы, қимыл-әрекеті болатындығы белгілі. [22-13б]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет