Бастауыш білім беру


Балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ата-



бет9/12
Дата28.09.2023
өлшемі4.52 Mb.
#478981
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Курстық Жұмыс Қордабай Ақмарал

2.3 Балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мәні
Сынып мұғалімі мен ата-аналар оқушының негізгі тәрбиешілері болып табылады. Сондықтан да педагог жүргізетін тәрбие жұмысының нәтижелелрі оның ата-анларымен жұмыс істей білуіне, олармен ортақ тіл тауып, олардың көмегі мен қолдауына суйене білуіне байланысты. Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасында бастауыш рольді педагог атқарады. Өйткені тәрбие жұмысы оның негізгі мамандығы. Оның арнаулы дайындығы бар, әр тұрлі педагогикалық ситуацияларды іскерлікпен қолданатын тәрбие құралдарының бай арсеналына ие. Педагогтың ата-анамен қарым-қатынасының стилі дегеніміз - балаға тәрбиелік ықпал жасаудың белгілі бір принциптеріне негізделген жұмыс әдістерімен құралдарының тұрақты жүйесі. Педагог та, ата-ана да әрбір оқушыға оның бойындағы одан әрі дамытуға болатын жақсы жақтарына деген оптимистік сеніммен қарауға тиіс. Баланың өз күшіне сенуіне көмектесу - мұғалім мен ата-ананың міндеті. Өзіне өзінің сенуі оқушыны тәрбие субъектісіне айналдырады, ол біртіндеп өзінің алдына әртұрлі міндеттер қойып, оны шешудің жолдарын іздеп табатын болады. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен ұтылыстарына, өз міндеттеріне, кезқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады. Мұғалімнің ата-аналармен өзара түсінісу жайы оның дұрыс және бұрыс бағаларды беру дәрежесіне байланысты. Бұл жерде педагог үнемі мына жайды есте ұстауға тиіс: әр жолы баланың жеке басына емес, оның нақты қылығына баға беру керек, міндетті тұрде ата-аналармен бірлесе отырып, әрбір жағдайдан шығудың, оны түзетудің жолдарын табуы қажет. Екіншіден, мұғалім балаға теріс баға беру арқылы еріксізден-еріксіз ата-анаға да баға береді. Оның үстіне ата-анаға әрі әке-шеше, әрі тәрбиеші ретінде баға беріледі. Мұғалімнің балаға және ата-аналардың тәрбиелік ықпалына дұрыс талап қойып, дұрыс баға беру педагогикалық тұрғыдан мақсатты, әділетті формада болуға тиіс. Сонда ғана педагог пен ата-аналардың арасында дұрыс қарым қатынасқа қол жететін болады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынас орнату үшін мұғалім мен ата-ана тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін бірдей дәрежеде түсінуі, балалардың дамуына бірдей көзқараста болуы, әр баланың дамуының перспктивалары мен қиындықтарын коре білуі қажет. Өкінішке орай, ата-аналар жиналысында немесе оқушының әкесімен не шешесімен қысқа әңгіме кезінде мұғалімнің балаға наразылығын, оның теріс қылықтарын асығып-аптығып айтып салып жатқанын байқауға болады. Мұғалімнің бұл ойы түсінікті де: ол уақыты аз болғандықтан, ата-ана назарын бірден тәрбие ісіндегі ең басты, ең қиын жайға аудармак болады. Ал, ата-ана болса, мұндай кездесуден ләззат ала алмайды, олар: «Мұғалім менің ұлымның (немесе қызымның) бойындағы жақсы жақтарын, ширақтығын, жаңалыққа құштарлығын, жолдастарына жақын тұратынын қалайша байқамайды екен» - деп ойлайды. Осыдан келіп дұрыс қарым-қатынас орнамайды, ата-ана мұғалімге сенімсіздікпен қарайды. Әсіресе үлгермейтін және тәртіпсіз оқушылардың ата-аналардың жағдайы қиын. Іскерлікпен әңгімелесудің орнына мұғалім барлық ата-аналардың көзінше әлгіндей оқушы туралы ашуланып айтып береді, оны күлкіге айналдырады. Ал ол баланың ата-анасы болса ұялып, өкініп, реніш үстінде екіншілей мектепке келмеуге бел байлайды. Сондықтан да мектепке тәртібі мен үлгерімі жақсы оқушылардың ата-аналарының үй ішін әлекке салатын баллардың ата-аналарынан гөрі жиірек және ықыластана келетініне тандануға болмайды. Педагог пен ата-ана қарым-қатынасының адамгершілік стилінің негізгі белгісі бір-біріне деген терең сенім және шыншылдық болса керек. Ата-ана өзінің мүгалімге айтқан дүдәмалы, қорқынышы немесе баланың мінез-құлқы мен бейімділігіне берген бағасы өзінің ұлы мен қызына зияндық жасамайтындығына сенімді болуға тиіс. Мұғалім де, ата-ана да өздеріне сеніп айтқан құпияны жария етпеуге міндетті. Үлкендер баланың мүддесі үшін бұл құпияны бір-біріне айтуы мүмкін. Алайда, мұны баланың білмеуі шарт. Көп ретте баланың өзі айтқан құпиясының жария болғанын біліп қоюы мұғалім пен ата-ананың, мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының бүзылуына әкеп соғады. Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы басқа қарым-қатынастарға да әсер етеді. Егерде мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы сәтті болмаса, өкінішке орай, мұғалім кейде баланы жек көреді. Бұл –педагогикалық тұрғыдан аса үлкен кемшілік жәнемұндай жағдайда балаларды тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қол жететініне сенуге болмайды. Немесе мұғалім мен оқушы белгілі бір мерзім ішінде өзара тіл табыса алмады дейік. Ата-ана кейде өзара түсінбеушіліктің айыбына барып жатпастан, баласының жағына шығады да, бәріне мұғалімді кінәлайды, сөйтіп өзара қарым-қатынастарын бұзып алады.Педагогтың ата-аналармен жұмыста әрқашан және кез-келген істе педагогикалық нормалары мен мәнерді сақтауға, балалардың бойында өзі қалыптастыруға тиісті адамгершілік қарым-қатынаста мұратын берік ұстауға міндетті екенін және бір ескерткен жөн. Оку жылы бойында мұғалім өз оқушыларының ата-анасына барып отыруы қажет. Оқушы үйлеріне баруға мұқият әзірленуі, онда нелерге назар аудару керектігін, ата—анадан не сұрап, нендей кеңес беру керек екеніні ойласытып аплуы шарт. Әрбір үйдің өзіндік ерекшеліктері бар екенін ескергеннің езінде мұғалім мыналарға назар аударуға тиіс:
Жалпы үйдің атмосферасы. Микроклиматы, ата-анаарасындағы олардың үйдегі басқа мүшелермен қарым- қатынастың қалай дамығандығы. Сондықтан да мұғалімнің үйдегі ересек адамдар түгел болған кезде келгені дұрыс. Әңгіме басталған бетте-ақ үйде өзара түсінушілік жайын, бірін-бірі сыйлауын, өмірге деген ортақ көзқарастарын, үлкендердің кішілерге қарым-қатынасын, ондағы балалардың орынын бірден байқауға болады.
Үйдегі жалпы тәртіп: оқушының сабаққа әзәрленетін арнаулы бұрышы бар ма, баланың заттары, оқу құралдары, кітаптары, ойыншықтары қандай жағдайда. Оқуш бұрышының дұрыс ұйымдастырылуына баланың жұмыс істеуіне қолайлылығына, стол
мен орындықтың лайықтылығына, жарықтың дұрыс түсуіне, үйде радио мен теледидар, компьютер мен бейнетаспалардың бар жоғыны назар аудару керек. Әңгіме үйдегі ересек адамдардың бәрінің де болғаны жөн; олардың бала тәрбиесін қалай түсінетінін, баланы қандай етіп өсіргісі келетінін, ықпал етудің қандай әдістерінің еңбастысы және ең тиімдісі деп санайтынын анықтаған дұрыс. Мұндайда үлкендердің бала ерекшеліктері туралы, оның мүдделері мен бейімділіктері туралы, күшті жәнеәлсізжақтары туралы тәрбиелеу үстінде өздерінің қандай қиыншылықтарға кездесіп жүргендіктері жайлы айтқаны пайдалы. [24-61б]
С.Көбеев «әр баланың мінезінің бір-біріне ұқсамайтынсияқты, әр семьяның тәрбиесі де әркелкі. Үйде бетімен өскен бала ілудебір ғана жаңа ортаға әрең үйреніп, зорға көндігеді. Ондай бала мектеп тәлім-тәрбиесіне көндігіп кеткенімен де «жүйріктің ұрыншақтағы қалса да, қырыншықтағы қалмаса» дегендей, эйтеуір бір шәлкем-шалыс мінез шығармай қоймайды. Баланың жас көзінен ер жеткенше қандай адаммен жолдас болып, қандай балармен ойнайтынын оның ата-анасы және мектеп бақылап жүруі керек. Ақырып зекіріп баланы қорқыту өте зиянды. Тәрбиенің негізгі мақсаты - баланы шыншылдыққа үйрету. Үй ішіндегі ересек адамдардың өздерінің сөз жүзніде емес, ісімен, мінез-құлқымен де үлгі-өнеге көрсетуі керек» - дейді. [26-49б]
Мұғалім бұл үй жөнінде өзінің алдын-ала байқағандарына сүйене отырып, ата-ананыц баланы мектепке әзірлеуі кезінде нелерге баса назар аударуы керек екендігі жөнінде байыпты тұрде ақыл кеңестерін айтады. Мұғалім ата-ана баланы мектеппен қорқытатын теріс әдеттерден сақтандырады. Мәселен, оған былай деседі: «Немене тыныш тұрмайсың? Сыныпта да осылай тыныш тұрмасаң, сені сыныптан қуып шығады». Тіпті кейбір ата-аналар мұнан да асып түсіп жатады, сөйтіп баланың мұғалімнен қорқу, үрей сезімдерін тудырады. Соның салдарынан келіп бала сыныпта тектен-текке жылап, үйге қайтқысы келеді. Іс жүзінде ол ата-анасы үрейлендірген жазадан қорқып жылайды.Ата-ана баланың бойында мұғалімге деген сыйласымдылық сезімін егуге тиіс. Сабақ үстінде өзін қалай ұстау керек екені жайлы, түсіндіргендерін ынта қойып тыңдап алу, мұғалімнің талап еткендерінің бәрін де орындау туралы айтуы керек.
Бірінші сынып оқушыларының жанұяларында баланың мектеп өмірінде араласып кетуіне қалай көмектесу керек екендігі жайлы егжей-тегжейлі айтып беру қажет. Оқуды жақсы оқуы үшін баланы шыдамдылыққа және ілтипатты болуға тәрбиелеу керек екенін әңгімелейді. Мүнсыз оқушының сыныпта жұмыс істеуі, сабақ үстінде 30-40 минут бойына мұғалімді тыңдап, соның талаптарымен тапсырмаларын орындауы мүмкін емес.
Мұғалім ата-ананың балаға бақылау жапсауына кеңес береді:- тамақ ішкенде, сурет салып, ағаш ойып, балшықтан бейнелер жасағанда стол жанында тыныш отыра ала ма, қолға алған ісін аяғына дейін жеткізе ала ма, үйді қалай бастаған екен, оны түгел аяқтай ма жоқ әлде кубиктерді тастай беріп, машинаға бас салып, одан көзіне кітап түсе қалса, соны ақтара бастай ма т.с.с. Егер бала орнықты болмаса мұғалім оның ата-анасына нақты кеңестер ұсынады. Ол балаларға шағын тапсырмала беруге, оларды орындалуын тұрақты тұрде бақылап отыруға ақыл береді. Басында балаға қиын болса, оның өзінде де білдірместен бастаған істі аяғына дейін жеткізуіне көмектесу керек.




1.2-сызба


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет