Бастауыш білім беру



бет12/12
Дата28.09.2023
өлшемі4.52 Mb.
#478981
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Курстық Жұмыс Қордабай Ақмарал

Қысқа мерзімді жоспар Қосымш №1

Бөлім:

Қоршаған ортаны қорғау

Мұғалімнің аты-жөні

Ешқұлова Г.Е

Күні:

21.02.23

Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың мәні

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.1.1 нысанның басқа нысандарға қатысты орнын анықтау

Сабақтың мақсаты



  • нысанның басқа нысандарға қатысты орнын анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті



Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру

5 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу:
-Үй тапсырмасын сұрау.
-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар.
- Оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісі арқылы жүреді:
-Ауылшаруашылығы қандай салаларға бөлінеді?
- Әр саланың мамандары немен айналысады?
-Фермер қандай шаруашылықпен айналысады?
-Фермер болу үшін оның бойында қандай қабілеттер болуы керек?
-Шаруашылықты жүргізу үшін фермерге қандай техникалар қажет?
-Біз тұратын аймақтағы табиғат жағдайы қандай шаруашылықпен айналысуға қолайлы?
-Бізді не қоршаған ортаны неліктен қаморлықпен қарауымыз керек деп ойлайсыңдар?
-Олай болса, бүгінгі сабақта қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың мәнін ұғынатын білетін боламыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
Топқа бөлу «Таңдау» әдісі арқылы жүреді.

Жаттығу жасайды.

Сұрақтар қояды, жауап береді.

Тақырып ашады.
Топқа бірігеді.


Сұрақ қойып, сұраққа жауап берген оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.





Заттар суреті



Жаңа білім
15 мин

2 мин
Бекіту


18 мин



(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.
А) Сөздік жұмысы.
Экология, экологиялық проблема.
Ә) Сұрақ-жауап.
- Табиғат аясында, қалада, ауылда бағытыңды бағдарлауға көмектесетін заттарды таңдаңдар. Неліктен бұл заттар?
Б) Суретпен жұмыс.
-Қазақ халқының ертеден келе жатқан кәсіптері туралы әңгімелеңдер.
-Олар қандай түліктер өсірген?
-Мал жайылымдарының қандай түрлерін білесіңдер?
-Суретте халық қандай жайылымға көшіп барады?
Б) Мәтінмен жұмыс.
-Мәтінді оқып танысыңдар.
Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Қоршаған ортаны қорғау ережелерін құрастыр.


Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнін айтып билету.


(Т) 2-тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.
А) Суретпен жұмыс.
-Экологиялық проблемаларды атаңдар.
-Суреттердің бір-бірімен қандай байланысы бар?

Ә) Топтық жұмыс.
-Табиғатты қалай сақтауға болады? Оны сақтаудың жолдарын анықтаңдар.
-Пайдаланылған затты қоқысқа тастаған дұрыс па, әлде қайта өңдеп пайдалған тиімді ме?
Б) Шығармашылық жұмыс.
-Пластик ыдыстар, газет-журналдар, тіс щеткасы тб заттарды тұрмыста қайта пайдаланудың тәсілдерін ойлап табыңдар.
-Қайта өңдеуге болатын заттарды қоқыс жәшіктеріне сұрыптап салыңдар. Оларға атау беріңдер.
В) Қорытындылау:
-Экологиялық проблема тудыратын жағдайларды атаңдар.
-Проблеманы шешу жолдарын ұсыныңдар.



  • Сөздікті жазып алады.


  • Сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді оқиды.


Билеп сергиді.


Сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындайды.


Сызбамен жұмыс жасайды.


Дескриптор:

  • Сөздікті жазып, жаттап алады-1балл.

  • - Бағдарлауға көмектесетін заттарды анықтайды-1 балл.

Қазақ халқының ертеден келе жатқан кәсіптері туралы әңгімелейді-1балл.

Дескриптор:
- Экологиялық проблемаларды атайды -1балл.
Суреттердің бір-бірімен байланысын анықтайды -1балл.
Табиғатты сақтаудың жолдарын анықтайды-1балл.
Заттарды тұрмыста қайта пайдаланудың тәсілдерін ойлап табады-1балл.
Қайта өңдеуге болатын заттарды қоқыс жәшіктеріне сұрыптап салады-1балл.
Экологиялық проблема тудыратын жағдайларды атайды-1балл.
Проблеманы шешу жолдарын ұсынады- 1 балл.

Дүниетануоқулығы 4-сынып 2019ж,
дәптер







Қорытынды
5 мин

Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді. Оқушылар шеңберге тұрып бүгінгі тақырыптан алған білімі туралы талдайды.

  • Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Үй тапсырмасы: мазмұндау.

Рефлексия жасайды.

Оқу тапсырмасын жазып алады.



ҚБ қойылады.







«Жағдаяттық тапсырмалар» Қосымша №2
1-жағдаят
Бидайдың сабағы не үшін төмен салбырап тұратынын білесіз бе? Себебі, оның басында дән бар! Адамдар да білімі артқан сайын кішіпейіл болады. Басында ешнәрсе жоқ адам ғана өзін өзгелерден жоғары санап, жер бетінде дандайсып жүреді! Сіздің пікіріңіз қандай?

2- жағдаят


Жаздың ортасы. Күн ыстық. Сіз су алу үшін сауда орталығына кірдіңіз. Сауда орталығының іші қапырық. Бір мезетте кезекте тұрған әйел адамның түсі бозарып, есінен танып қалды. Халық у-шу болды да қалды. Мұндай жағдайда не істер едіңіз? Бұндай жағдайда әйелге ең алдымен қандай көмек қажет?

3-жағдаят


Бүгін жексенбі. Сіз киім алуға базарға баруды ұйғардыңыз. Базарға барған соң ерлер киімі бөлімдерін аралай бастадыңыз. Кенет бір ер адамға көзіңіз түсті. Киім қарап тұрған әйелдің сөмкесіне қолын салып жатқанын байқадыңыз. Осындай сәтте не істер едіңіз?

Т ест тапсырмалары Қосымша №3







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет