Бастауыш білім беру


Курстық жұмыстың өзекілігі



бет2/12
Дата28.09.2023
өлшемі4.52 Mb.
#478981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Курстық Жұмыс Қордабай Ақмарал

Курстық жұмыстың өзекілігі: Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Оқушыларда осы жағдайлардың әсерінен көз қарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы, тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың бәрі балалар өмірінде кездеседі, ал балалар өмірі мектеп пен тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылар үшін «сыңалу» кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы мектеп жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын кезеңдерден өтеді. Яғни, сыңалу кезеңі дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір өтпелі кезең және баланың осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі. Баланың мінезін қалыптастыруда оның теріс істері мен қылықтарын кезінде көре біліп, ретіне қарай оған түрлі жаза қолданып отырған да дұрыс. Жазалаудағы негізгі мақсат – теріс жоға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге тәрбиелеу. Бұл әдістің маңызы да осында. Жазалауды да мадақтау сияқты ептілікпен, ерекше байсалдылықпен қолдану қажет. Үшінші, төртінші сынып оқушылары өздерінің тәртіпсіз істерінен ұялатын, жапа шегіп, қапаланатын дәрежеге жете бастайды. Мұндайда кінәсі үшін әділ жазалау оны қатты ойландырып, мінез-құлқын өзгерте бастауға себепші болады. Бала тек кінәсіне сәйкес жазаланғанда ғана жоғарыда айтылған көңіл –күйлерін басынан кешіреді. Бала теріс жазғырылса, бұл оның мінез тәрбиесіне кері әсер етеді. Егер осындай жағдай қайталана берсе, ол әділеттілік, шыншылдық деген ұғымға жөнді мән бермейтін болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқушылардың бойында мәдени мінез-құлықты қалыптастыру, адамгершілік ұғымдар мен сенімдерді, жоғары моральдық сезімдерді қалыптастыру, мінез-құлықтың берік әдет-дағдыларын бойға сіңіру, мінездегі ерік белгілерін қалыптастырып, теріс әдет-ғұрыптарды жою.
Курстық жұмыстың міндеттері: Психологиялық-педагогикалық талдау, балалардың мінез-құлықтары туралы жалпы түсінік беру.
1. Мінез-құлықтың құрылымы мен қасиеттерін қарастыру.
2. Мінез-құлықты қалыптастырудың әдіс-тәсілдерді іріктеп алу және оларды қолданудың жолдарын анықтау.
3. Негізгі мектеп оқушыларының қоғамдық мінез-құлқын және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерін қарастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет