Батыс Қазақстан облыстық маслихат сессиясының 2002 жылдың 8 қазанындағы №25-2 шешімімен бекітілген батыс қазақстан облысының



бет10/15
Дата13.06.2016
өлшемі1.64 Mb.
#132884
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің динамикасы 1994 жылдан 2000 жылға дейін жыл сайын мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің қысқарып отырғанын көрсетеді.

Мал шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, облыста 2001 жылдан бастап, мал басы мен құстың тұрақталуы мен өсіміне және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайтуға бағытталған белсенді шаралар алынуда.

Проблемалар:

ауыл шаруашылығы мал басының кемуі, әсіресе саны аз (көшім, қаракөл, ақжайық) мал тұқымдарының құнды гендік қорының жоғалып кетуінің қаупі туып отыр;

мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу көлемінің азаюы;

ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігінің төмендеуі;

қолданылып келген селекциялық мал тұқымын асылдандыру жұмысын ұйымдастыру схемасының бұзылуы;

салаға мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;

қаржы қоры мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне асыл тұқымды мал сатып алу үшін несиенің тапшылығы;

мал шаруашылығы өнімдері шикізатының екінші нарығының жоқтығы.
Шаралар:

мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің көлемін ұлғайту және тиімділігін арттыру жөніндегі шаралардың негізіне мынандай факторларды пайдалану қарастырылуда:


мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді облыстың аймақтары бойынша мамандандыру;
мал шаруашылығында орта және ірі тауар өндірісін дамытуға жағдай жасау;
мал шаруашылығы саласы мен мал тұқымын асылдандыру ісіне мемлекеттік қолдау көрсету;
облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне мал дәрігерлік көмек көрсетуді жақсарту.

3.5.1. Облыстың аймақтары бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді

мамандандыру
I-ші аймақ: Бөрлі, Шыңғырлау, Теректі, Тасқала, Зеленов аудандары, бұларда сүтті бағыттағы малдар, шошқа өсіру, өнеркәсіптік құс шаруашылығы және етті-жүнді қой шаруашылығы басым бағыт болып анықталған.

II-ші аймақ: Ақжайық, Сырым, Казталовка, Жәнібек және Қаратөбе ауданының бір бөлігі, бұларда етті бағытағы мал шаруашылығы, етті- майлы қой мен жылқы шаруашылығы басым болып табылады.

III-ші аймақ: Жаңақала, Бөкейордасы, Ақжайық пен Қаратөбе аудандарының бір бөліктері, бұл аудандарда етті бағыттағы мал шаруашылығы, етті-майлы бағыттағы қой шаруашылығы, қаракөл қойы мен түйе және жылқы өсіріледі.
Сүт өндіру

Бөрлі, Теректі, Зеленов, Тасқала аудандары мен Орал қаласындағы сүт өндірісінің өнімдерді Ақсай және Орал қалаларына жеткізуге бағытталған. Осы мақсатта тұқымы нашар малдарды өнімділігі жоғары асыл тұқымды бұзаулар сатып алу арқылы ауыстыру және аналық малдар мен қашарларды қолдан ұрықтандыруды енгізу жоспарлануда: Бөрлі ауданында -400 бас, Зеленовта -500 бас, Теректіде -700, Тасқалада- 200 бас сатып алу керек.

Зеленов ауданындағы «Зеленов», «Перм», «Лесное» ЖШС –мен «Павлов», «Каркула» және «Махмудов» шаруа қожалықтарындағы, Теректі ауданындағы «Покатилов», «Анката», «Приречное», «Аксуат», «Айтиев» ЖШС-да және Тасқала ауданындағы «Өсімтал» шаруа қожалығындағы сүт фермаларын қалпына келтіру жоспарлануда.
Сиыр етін өндіру

Сиыр етін өндірісінде аз шығын шығаратын технологияны, яғни табиғи жайылымдық жерлердің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қазақтың ақбас сиырларының тұқымдарын кеңінен тарату және мал басын өсіру, облыстың 2-ші және 3-ші аймақтарында бағыт алатын болады.


Қой еттері мен жүн өндіру

Қой шаруашылығын дамыту негізінен етті–майлы, жартылай биязы-жүнді және қаракөл қойы тұқымдарының өсіруге бағыт алатын болады.

Жаңақала, Ақжайық, Қаратөбе, Сырым және Бөкейорда аудандарында еділбай қойын, Ақжайық, Қаратөбе аудандарында қаракөл қойын, ал Тасқала ауданында етті-жүнді бағыттағы Ақжайық қой тұқымының санын ұлғайту жоспарлануда.
Шошқа етін өндіру

Шошқа етін өндіру ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін мамандандырылған шаруашылықтарды: Бөрлі ауданыңдағы «Хлебороб» өндірістік кооперативін, Сырым ауданындағы «Жас дәурен» шаруа қожалығын, Теректі ауданындағы «Покатилов», «Аңқаты», «Приречное», «Иваныч», «Бұлақсай» ЖШС –мен «Чапай» шаруа қожалығы және «Яик» астық қабылдау кәсіпорынын, Шыңғырлау ауданыңдағы «Жаңа-қопа» және «Полтавка» ЖШС-ін бірте-бірте дамытуға бағытталады.


Жылқы еті мен қымыз өндіру

Облысымыздың жылқы шаруашылығы көшім және жаба тұқымдас жылқыларының отандық селекциясының мамандандырылған тұқымдарын пайдалануды ескеріп, нарықтың ішкі қажеттілігн қамтамасыз ету үшін жылқы еті мен қымыз өндіруге бағытталады.

Облысымыздың Жаңақала ауданындағы («Көшім» ЖШС-гі мен «Серғазиев» шаруа қожалығында), Бөкейорда ауданындағы («Хан Ордасы», «Құмақ», «Ұялы» ЖШС-да), Бөрлі ауданындағы («Успеновка», «Бөрлі-астық» ЖШС-де) және Шыңғырлау ауданының шаруа қожалықтарында жылқының көшім тұқымдас түрлерін өсіруді нығайту жоспарлануда.
Түйе еті мен шұбат өндіру

Бұл өнімдерді өндіру ішкі нарыққа бағытталады. Сырым ауданындағы «Атамекен» шаруа қожалығы, Бөкейордасы ауданындағы «Хан ордасы» ЖШС мен «Имамеденов» шаруа қожалығында түйе санын ұлғайту да жоспарланып отыр.


Құс еті мен жұмыртқа өндіру

Құс еті мен жұмыртқа өндіру негізінен ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандырумен олардың импортын шеттету бағытында жүргізіледі.

Бұл саланы дамыту үшін «Аққанат» шаруа қожалығы мен «Уральское» мамандандырылған өндіріс ЖШС-де етті бағыттағы асыл тұқымды құс өсіруді қалпына келтіру жұмысын жалғастырып, Зеленов ауданындағы «Чирово» ЖШС-мен Сырым ауданындағы Алғабас және шолақ Аңқаты, Шыңғырлау ауданындағы «Жарас» шаруа қожалығы және Теректі ауданындағы «Чапаев» ЖАҚ-да жұмыртқа бағытындағы құс өсіру жұмыстарын қалпына келтіруді бастау қажет.
39-ші кесте
2003-2005 жылдардағы ауыл шаруашылығы малдарын тұқымдық аудандастыру

және аймақтық мамандандыру


Аудандар



Ірі қара мал шаруашылығы

Қой шаруашылығы

барлығы, мың бас

Соның ішінде

Барлығы, мың бас

Соның ішінде

Сүтті

Етті

Етті-жүнді

Етті-майлы және елтірлі

Мың бас

Тұқым

Мың бас

Тұқым

Мың бас

Тұқым

Мың бас

Тұқым

Ақжайық

47,5

6,5

Симментал

41,0

Қазақтың ақбасы

103,0

67,9

Ақжайық

35,1

Еділбай, қаракөл

Бөкей ордасы

27,9

1,9

Симментал

26,0

Қазақтың ақбасы

58,5

8,0

Кавказ

50,5

Еділбай

Бөрлі

18,6

18,2

Симментал. ала малы

0,4

Қазақтың ақбасы

8,5

8,5

Ақжайық

-

-

Жаңақала

31,1

2,0

Симментал

29,1

Қазақтың ақбасы

109,3

-

-

109,3

Еділбай

Жәнібек

21,2

2,0

Симментал

19,2

Қазақтың ақбасы

41,1

21,2

Волград. Ақжайық

19,9

Еділбай

Зеленов

32,5

32,5

Симментал. ала малы

-

Қазақтың ақбасы

13,0

13,0

Ақжайық

-

-

Қазталов

45,4

2,0

Симментал

43,4

Қазақтың ақбасы

90,3

58,3

Кавказ. Ақжайық

32,0

Еділбай

Қаратөбе

18,3

1,3

Симментал

17,0

Қазақтың ақбасы

35,8

17,8

Ақжайық

18,0

Еділбай, қаракөл

Сырым

21,6

2,0

Симментал

19,6

Қазақтың ақбасы

23,0

20,0

Кавказ. Ақжайық

3,0

Еділбай

Тасқала

17,7

5,0

Симментал. ала малы

12,7

Қазақтың ақбасы

29,0

26,0

Ақжайық

3,0

Еділбай

Теректі

34,6

22,6

Симментал. ала малы

12,0

Қазақтың ақбасы

17,4

17,4

Ақжайық




-

Шыңғырлау

24,8

5,0

Симментал

19,8

Қазақтың ақбасы

57,7

54,9

Ақжайық

2,8

Еділбай

Орал қ.

3,4

3,0

Симментал

0,4

герефорд.

1,6

1,1

Ақжайық

0,5

Еділбай

Жиынтығы:__344,6__104__-__240,6'>Жиынтығы:

344,6

104

-

240,6

-

588,2

314,1

-

274,1

-




Аудандар

Жылқы шаруашылығы

Түйе шаруашылығы

Шошқа шаруашылығы

барлығы

тұқым

барлығы

тұқым

барлығы

тұқым

Ақжайық

5,8

Көшім

0,3

Қазақ бактрианы

0,4

Ірі ақ

Бөкей ордасы

6,9

Көшім

1,3

Қазақ бактрианы

-

-

Бөрлі

1,8

Көшім желісті тұқымы

-




6,1

Ірі ақ

Жаңақала

7,5

Көшім

1,1

Қазақ бактрианы

0,05

Ірі ақ

Жәнібек

3,1

Көшім

0,01

Қазақ бактрианы

0,06

Ірі ақ

Зеленов

3,1

Көшім желісті тұқымы

0,02

Қазақ бактрианы

17,7

Ірі ақ

Қазталов

6,7

Көшім

0,35

Қазақ бактрианы

-

-

Қаратөбе

2,4

Көшім

0,06

Қазақ бактрианы

-

-

Сырым

2,4

Көшім

0,02

Қазақ бактрианы

0,3

Ірі ақ

Тасқала

2,5

Көшім

0,03

Қазақ бактрианы

1,7

Ірі ақ

Теректі

4,0

Көшім желісті тұқымы

-




4,0

Ірі ақ

Шыңғырлау

3,6

Көшім

0,03

Қазақ бактрианы

1,1

Ірі ақ

Орал қ.

0,3

Көшім

-




1,0

Ірі ақ

Жиынтығы:

50,1




3,2



32,4




3.5.2. Мал тұқымын асылдандыру ісі


Қазіргі жай-күйі
Облыстың мал шаруашылығындағы күрделі жағдай асыл тұқымды мал тұқымын дамытуға, асыл тұқымды мал тұқымының санын қысқартып, гендік қорды жоғалту мен табынның өнімділігін төмендетуге жетелеген көптеген ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық бағыттағы мәселелерге және селекциялық мал тұқымын асылдандыру жұмыстарына кері әсерін тигізді.

Бұдан бұрын облыс республикадағы мал шаруашылығын асылдандыру жөнінен ірі аймақ болып есептелді. 40- тан астам шаруашылық облысымыздағы асыл тұқымды мал өсіру жұмысын жетілдіруімен айналысты.

Қазіргі кезде мал шаруашылығын асылдандыру базасы 10 асылдандыру шаруашылығына берілсе, олардың 5-і асыл тұқымды мал зауыттары, ал 5-і асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтары.
40-шы кесте

Асыл тұқымды мал басымен құс санының динамикасы

мың бас





01.01.90 ж. жағдай бойынша

01.01.01 ж. жағдай бойынша

01.01.02 ж. жағдай бойынша

Мал бас саны, барлығы


С.і.

Мал бас са ны, барлы ғы


С.і.

Мал бас са ны, барлы ғы


С.і.

А сыл тұ қым ды ша руашылықтар са ны

С.і. а сыл тұ қым ды мал ба сы

С.і аналы ғы

А сыл тұ қым ды мал

А сыл тұ қым ды ша руашылықтар са ны

С.і. а сыл тұ қым ды мал ба сы

С.і аналы ғы

А сыл тұ қым ды мал

А сыл тұ қым ды ша руашылықтар са ны

С.і. а сыл тұ қым ды мал ба сы

С.і аналы ғы

А сыл тұ қым ды мал

ІҚМ

761,4

24

103,1

28,7

13,5

336,1

9

6,1

2,3

1,8

344,6

3

5,1

2,0

1,5

С.і. етті

533,4

16

79,0

21,4

14,8

238,6

5

5,1

1,9

2,1

244,6

3

4,9

1,9

2,0

сүтті

228,0

8

24,1

7,3

10,6

97,5

4

1,0

0,4

1,0

100,0

1

0,2

0,07

0,2

Қой

2423,2

13

237,3

170,6

19,8

571,8

4

28,2

19,3

4,9

588,2

4

29,8

18,4

5,0

С.і етті-майлы

450,0

6

91,5

79,0

20,3

182,9

3

22,5

15,1

12,3

188,2

3

23,6

14,5

12,5

Етті-жүнді

1715,4

5

86,7

47,9

5,0

388,9

1

5,7

4,2

1,5

400,0

1

6,2

3,9

1,9

Шошқа

66,3

1

2,5

0,8

3,8

26,3

-

-

-

-

32,4

-

-

-

-

Жылқы

105,5

5

10,5

3,2

10,0

58,9

2

0,4

0,2

0,7

50,2

2

0,4

0,1

1,0

Түйе

4,0

1

0,5

0,3

12,5

3,2

1

0,3

0,2

9,4

3,3

1

0,3

0,2

10,0

Құс

1799,4

-

-

-

-

364,6

-

-

-

-

440,0













Соңғы 10 жылда асыл тұқымды ірі қара мал саны 103,1 мың бастан 5,1 мың басқа немесе 20 есе азайғаны, асыл тұқымды қойлар саны 237,3 мың бастан 29,8 мың басқа немесе 8 есеге азайғаны байқалады. Көшім асыл тұқымды жылқылар саны 10 мыңнан 400 басқа немесе 25 есе кеміген.

Бұл мәліметтер, облыста құнды гендік қор құру жағдайында, әсіресе сирек және саны аз тұқымдар еділбай, етті –жүнді ақжайық тұқымы, көшім тұқымды жылқылар және т.б құрып кету қаупі туындап отырғанын дәлелдейді.

Облыстағы сүтті ірі қара мал шаруашылығының асыл тұқымды базасы едәуір төмендеп кетуі қамқорлықты қажет етеді.

Қазіргі уақытта облыс бойынша қалған үш асыл тұқымды шаруашылық, асыл тұқымды сүтті ірі қара мал шаруашылығымен айналысқан («Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» РМКК, «Покатилов» ЖШС, «Асан АФ» ЖШС) ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің бұйрығымен мал басының саны мен сүт өнімділігінің төмендігі талаптарға сәйкес келмеуі асыл тұқымды шаруашылық категориясынан шығарылып тасталды.

Облыс бойынша қаракөл, шошқа, құс шаруашылықтарының асыл тұқымды базалары мүлдем жойылып кеткен.

Асыл тұқымды мал шаруашылығындағы қалыптасқан дағдарысты жағдайдың негізгі себебі асыл тұқымды шаруашылықтарды ойластырылмаған реформалау және өсіріліп отырған малдың құнды гендік қорын жеке пайдалануға берілуі, мемлекеттік ықпалдың әлсіреуі, асыл тұқымды малды сақтау мен мақсатты жұмсауға бақылау мен реттеудің, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріне қаржылық және материалдық қолдаудың жеткіліксіздігі болып табылады.

Қазіргі күнде облыстағы аттестацияланған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріне республикалық бюджеттен мемлекеттік қолдаудың негізгі нысандары болып:

- асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерін асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды төлді, өндірістік-бұқаның ұрығын) сатқаны үшін субсидия беру.

Қазіргі уақытта облыста ауылшаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыруды қолданудың көлемін көбейту есебінен табынды өз төлінен өсіруді жақсарту үшін шаралар алынуда. 2002 жылы облыста сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыратын 80 қосын ашылып, жұмыс жасауда, облыстың «сүтті бөлігі» қолдан ұрықтандырумен толық қамтылған, 2003 жылы тағы да 12 қосын, 2004 жылы 8 қосын ашылады.

2005 жылы облыс бойынша барлығы 100 қолдан ұрықтандыру қосындары жұмыс жасайтын болады.

Проблемалар:

бағалы гендік қордың, әсіресе келешектегі селекциядағы жұмысқа қажетті сирек кездесетін және саны аз тұқымдардың жойылып кету қаупінің төнуі ғалымдар мен практиктердің көп жылдық еңбегімен жасалған малдың отандық тұқымдары мен тұрпаттарының нашарлауына әкеп соғады;

барлығы 10 асыл тұқымды шаруашылық қана қалды, 1991 жылғымен салыстырғанда асыл тұқымды мал басының үлес салмағы: ірі қара мал – 13,5 % - дан 1,5 % - ға дейін, қой – 9,8%–дан - 5,0 %-ға дейін, жылқы – 10-нан – 1%-ға дейін қысқарды, бұл облысымыздың асыл тұқымды төлге мұқтаждығын өтей алмайды;

табынды өз төлінен өсіруде тегі (гендік тұрпаты) мен өнімділік сапасы белгісіз «қолтума» малдардың барлық жерде пайдалануы малдың тұқымдылығы нашарлауына, сондай-ақ өнімділігі азаюына және тиісінше алынатын өнімнің өзіндік құнының қымбаттауына әкеп соғады;

мал шаруашылығындағы мал тұқымын асылдандыру ісін қаржылай қолдаудың көлемі аз болуы, асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын ауылшаруашылық өндірушілерін қаражаттандырудың анық тетіктерінің болмауы малдардың құнды гендік қорын сақтау және молайту саласындағы қиын жағдайды түзете алмайды.


Шаралар:

асыл тұқымды мал шаруашылығына мемлекеттік қолдау бюджеттік субсидия берудің түрі мынадай бағытта:

өткізілген асыл тұқымды төлді жартылай арзандату;

өткізілген асыл тұқымды бұқаның ұрығын жартылай арзандату;

ауылшаруашылық малдарының аналық мал басын өсіруге;

ірі қара мал шаруашылығында жасанды ұрықтандыруды ұйымдастыруға (криогенді және лабораториялық құрал-жабдықтарды сатып алуға, техник-ұрықтандырушыларды дайындау);

асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне жеңілдетілген несие беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет