177
Сурет - 6. Балық тасымалдайтын вагондар
Тасымалдауға
дені сау, қозғалуы белсенді, механикалық
зақымданусыз, зеңгі саңырауқұлағы, ӛсінділері, денесі ісіксіз,
қабыршығы, желбезектері бүтін және таза, кӛздері зақымданбаған, дене
беткейіндегі кілегейі жұқа балықтар жіберіледі. Балық құрсағы
шертпеген, қампимаған, теріде ойық-жарасыз,
желбезектері толық не
жартылай бұзылусыз, дене беткейінде ақ не сұр бояусыз, кӛптеген ақ
нүкте дақтарсыз, артқы бӛлігі қарайған болмауы керек. Егер қарау
кезінде осы айтылған белгілердің аздаған белгілері байқалса, барлық
партия дәл диагноз анықталынғанша жіберілмейді. Арыған, бей-жай,
жабырқау, механикалық соғылған балықты партиядан шығарып
тастайды.
Шаруашылықтың эпизоотологиялық жағдайын тексеру барысында
су қоймасы тӛмендегі
аурулардан сау болмаса, ұрықтандырылған
уылдырық және ӛзге гидробионттар тасымалдануына тыйым салынады:
қызамық, бронхиомикоз, қалқу қабының қабынуы (жүзу, торсылдағы),
арқан балық айналмасы, дискотелез, инфекциялық анемия, кӛксерке
ойықжаралы ауру, септицемия. Егер балықтардың триходиниаз,
хилоденеллез, дактилогироз А,Б, және гиродактилозбен зақымдалғаны
анықталса, балықтарды вагонға артар
алдында паразиттерге қарсы
ӛңдеуден тұздау, аммиакпен ӛңдеу ӛткізеді. Егер ӛңдеуден соң
балықтар артылмаса, тасымалдауға тыйым салынады, балықтар
костиоз, кокцидиоз, ихтиофириоз, нитишиоз, сангвиниколез,
ботриоцефаллез, лигулез, писциколезбен зақымдалса,
оларды облыс
179
Тасымалдауға арналған су
таза және балық ауланған су
қоймасынан болуы керек, ондағы оттегі концентрациясы 5-8 мг/л,
тасымалдау үшін хлорланған су алуға болмайды. Су реакциясы
бейтарапты және жартылай сілтілі болуы керек. 1кг тірі балыққа 15-35
л су, температурасы жазда 6-8
0
С, кӛктемде, күзде 3-5
0
С болуы керек.
Су температурасына байланысты тірі балықты вагон резервуарында
кӛксерке мен табан 3-5 тәулік тасымалдауға тӛзімді сазан 5-10, бекіре
7-10 тәулік ұстайды. Жолда су оттегімен қанықтырылуы керек. Су
неғұрлым жылы және оттегі аз болса, соғұрлым тірі балықтар
тасымалдауды нашар кӛтереді. Тірі балықты тасымалдау вагондары,
жолаушылар поезді құрамына кейде жүрдек поезд құрамына енеді.
Жолда балық аурулары анықталғанда,
оларды ары тасымалдайды, ал
келіп жету стансасында жеке су қоймасына жіберіледі, мұнда
комиссиялық акт толтырылады. Келіп жету стансасында тірі балықты
арнайы автомашина түсіреді. Балық тасымалдайтын суды, су
қоймасына құюға тыйым салынады, келіп жеткен балықты карантиндік
тоғандарға жіберіп, 30 күн орта тәуліктік +12
0
С-да ұстайды. Балық
ӛсіру материалын бірден су қоймасына жібереді. Вагондарды арту және
одан түсіру уақыты шектелмеген.
Достарыңызбен бөлісу: