96
Дайын ет ӛнімдерінде микробиологиялық, физико- химиялық, химико-
токсикологиялық және радиологиялық кӛрсеткіштері кедендік одақтың
аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе
ережелерге сай болуы керек, тасымалдауға бұтіндігі бұзылмаған жабық
орамадағы дайын ет ӛнімдері жіберіледі.
Ҥй қояндар етін кедендік одақтың аумағында және (немесе)
Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде
қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың
аумағында және Тараптар арасында
тасымалдауға дені сау қояндардан алынған және арнайы ет ӛндейтін
комбинаттардан, мал сою кәсіпорындарынан алынған қоян еті жатады.
Жануарлар сояр алды ветеринарлық қарауға, ал ұшалар (ішкі
органдары) – сойыстан кейінгі ветеринариялық-санитариялық
сараптауға жатады. Ет адамға тағамдық қолданысқа жарамды болуы
керек және орамада таңбасы болады (ветеринарлық мӛрі). Таңбалау
этикеткасы жақсы жабыстырылу керек,
қорапты бұзған немесе ашқан
кезде, таңбалық этикеткаға зақым келмеуі керек.
Қоян еті дені сау сойыс малдан алыну керек, аймаққа бӛлу
тәртібіне сәйкес шаруашылықтан немесе әкімшілік аумағынан
шығарылады, аталған жұқпалы ауруларға жататындары:
- миксоматоз, туляремия,
пастереллез, листериоз-
шаруашылық
аумағында соңғы 6 ай бойы;
- қояндардың геморрагиялық ауруы-
шаруашылық аумағында соңғы
12 ай бойы;
Кедендік одақтың аумағына енгізуге келесі ӛзгерістері бар қоян еті
жіберілмейді: сойғаннан кейінгі ветеринарлық-санитарлық қарау
кезінде, індеттік ауруларға тән ӛзгерістер және гельминттермен
зақымдалғаны анықталса, әр түрлі
заттармен уланған жағдайлар
байқалса, сезімталдық кӛрсеткіштерінің сапасы тӛмен, құрамында
консерванттары бар,
сальмонеллалар немесе басқа бактериялық
инфекцияның қоздырғыштары болса; бояғыш заттармен және ион мен
ультра күлгін сәулелерімен ӛнделген; түсі ӛзгерген, сақтау барысында
жібіген; мұздатылған сан етінің қалыңдығында температурасы– 12
0
С
жоғары болса (сақтау кезінде – 18
0
С жоғары болу керек). Қоян етінің
құрамында табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық
заттар, тиреостатикалық препараттар, антибиотиктер, пестицидттер
және де басқа дәрі-дәрмекті заттардың қалдықтары болмау керек. Еттің
микробиологиялық, физико- химиялық, химико-токсикологиялық және
радиологиялық кӛрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген
ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы
керек.