Бейорганикалық химия практикумы


Фосфордың күкірткөміртекте ерігіштігі (жұмысты тартқыш шкафта жасаңдар, жанарғыларды өшіріп қойыңдар)



бет114/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

3. Фосфордың күкірткөміртекте ерігіштігі (жұмысты тартқыш шкафта жасаңдар, жанарғыларды өшіріп қойыңдар). Кәрлен тостағанға немесе сынауыққа 2-3 мл күкірткөміртек құйып, оған ақ фосфордың кішкене кесегін салыңдар. Қандай өзгеріс болады? Қысқыш арқылы кішкене сүзгі қағазын алып, күкірткөміртектегі фосфор ертіндісімен ылғалдап, қандай өзгерістер болатынын байқаңдар. Қызыл фосфордың күкірткөміртекте ерігіштігін анықтаңдар. Табиғи қосылыстардан фосфорды қалай алады?


ғ 60 жұмыс. Фосфор қосылыстары



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, стакан, сұйытылған тұз қышқылы, кальций фосфиді, сынауық, ұстағышы бар тұрғы, ақ фосфор, қыздырғыш аспап, қиын балқитын шыныдан жасалған түтік, газометр, U-тәрізді түтіктер, шайғыш шынысауыт немесе сынауық, вазелин майы, сусыз кальций хлориді, суағынды сорғы, шыны таяқша, кәрлен қайықша, сүзуге арналған қондырғы, натрий карбонатының, күміс нитратының, калий перманганатының ерітінділері, кәрлен тостаған, сулы жылытқыш, құм жылытқышы.



1. Фосфин. Стаканға су құйып, тұз қышқылды ортада кальций фосфидінің бірнеше кристалдарын салыңдар. Қандай өзгеріс болады? Бөлінген газдың тұтануын қалай түсіндіресіңдер? Фосфор сутекпен қандай қосылыстар түзеді? Олардың тұрақтылығы және басқа да қасиеттері қандай?
2. Фосфордың су астында жануы. Сынауыққа 5-10 мл дистилденген су құйып, оны суы бар стаканға салып, тұрғыға бекітіңдер. Су құйылған сынауыққа ақ фосфордың кішкене түйірін салып, стакандағы суды ақ фосфордың балқу температурасынан 15-200С жоғары температураға дейін қыздырыңдар. Газометрден шығатын оттек ағынын реттей отырып, газ өткізгіш түтікті бөлінетін оттек балқыған фосформен жанасатындай етіп енгізіңдер. Қандай өзгерістерді байқауға болады?
3. Фосфор (ІІІ) оксиді. 53 суреттегі құрылғыны жинаңдар. Шайғыш шынысауытқа (1) аздап вазелин майын құйып, U-тәрізді түтікті (2) сусыз кальций хлоридімен толтырыңдар. Кәрлен қайықшаға (3) ақ фосфор салып, оны қиын



53-сурет. Фосфор (ІІІ) оксидін синтездеуге арналған құрылғы

балқитын шыныдан жасалған (4) түтікке орнатыңдар. Қабылдағыш ретінде қолданылатын U-тәрізді түтікті (5) су ағынды сорғыға жалғап, 4-ші түтіктің бір ұшын босатып, ыстық шыны таяқшаны тигізіп фосфорды жағыңдар. 4-ші түтікті тығынымен жауып, суағынды сорғыны қосыңдар. Қайықшада фосфордың аз мөлшері қалғанда реакцияны тоқтатыңдар. Сорғыны шығарып, 4 және 5 түтіктерде жиналған фосфор (ІІІ) оксидін аздаған су көлемінде (20-30 мл) ерітіп, алынған ерітіндіні қағаз сүзгімен сүзіп, келесі тәжірибелерге сақтап қойыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет