ФОСФОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Ескерту: Ақ және қызыл фосформен және фосфорлы сутекпен жасалатын тәжірибелерді тартқыш шкафта жасаңдар. Ақ фосфор улы және ауада оңай тұтанады, оны тек шымшуырмен ұстап, жұмыс орнына су құйылған кәрлен тостағанмен апару керек.
Ақ фосформен күйген жер қауіпті. Теріге тисе оны дереу алып тастап, күйген жерді 25% күміс нитраты, мыс сульфаты немесе калий пермангаты ерітінділерімен жуу керек. Фосформен жұмыс жасағаннан кейін сол ыдыстарыңды 10% мыс сульфаты ертіндісімен шайып, сонан соң кәдімгі әдіспен жуыңдар.
ғ 59 жұмыс. Фосфордың аллотропиясы
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тұрғы, мөлшері әртүрлі сынауықтар, кәрлен тостағандар, газометр, газ шығаратын түтік, U-тәрізді түтік, суағынды сорғы, ақ фосфор, шымшуыр, нафталин, қызыл фосфор, күкірт көміртек, натрий гидрокорбанаты, 10% мыс сульфаты, 2% күміс нитраты, калий перманганаты.
|
1. Қызыл фосфор алу (топ болып жасалатын тәжірибе). Сынауықты көмір қышқыл газымен толтырыңдар да, кәрлен тостағанға су (300С) құйып, оған ақ фосфор салыңдар. Судың астында ақ фосфордың кесегін шымшуырмен кесіп алып, сүзгі қағазымен тез кептіріп, оны көмір қышқыл газы бар сынауыққа салыңдар. Сынауықты жанарғымен дәнекерлеп тастаңдар. Ұзындығы 40 см түбі кеңейтілген кең сынауыққа 8-10 г нафталин салыңдар да, оған сынауықтың саңылауының үстіне орнатылған шыны таяқшаға темір сым арқылы фосфоры бар дәнекерленген сынауықты асып қойып, оның бетін картон шеңберімен жабыңдар. Оны кәрлен торға бекітіп, абайлап талшық торы арқылы 3-4 сағат қыздырыңдар, мұнда ампула нафталиннің буында болуы керек. Тәжірибе аяқталғаннан кейін фосфордың түсі өзгергенін байқаңдар.
2. Ақ фосфор алу. Құрғақ сынауыққа аздап қызыл фосфор салып, оның бетін мақтамен жабыңдар. Сынауықты тұрғыға бекітіп, қызыл фосфор буға айналғанша қыздырыңдар. Фосфор қандай өзгеріске ұшырайды? Фосфордың қараңғыда жарқырауын байқаңдар. Ақ фосфордың қызыл фосфорға және керісінше ауысу жағдайларын көрсетіңдер. Фосфордың басқа да аллотропиялық түрлері бола ма және оларды қалай алуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |