Бейорганикалық химия практикумы


Ортофосфор қышқылының тұздарын алу және олардың қасиеттері



бет117/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Ортофосфор қышқылының тұздарын алу және олардың қасиеттері
4. Сынауыққа натрий гидрофосфатының 3-5 тамшысын және сондай мөлшерде магнезиялық қоспаның ертіндісін құйыңдар да, түзілген тұнбаның түсі мен түрін анықтаңдар. Суда нашар еритін магний-аммоний фосфатының МgNH44 түзілу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
5. Барий, алюминий және темір ортофосфаттарын алыңдар. Ол үшін үш сынауыққа 5 тамшыдан: біріншісіне-барий хлоридін, екіншісіне-алюминий сульфатын, үшіншісіне-темір (ІІІ) хлоридін құйыңдар. Сынауықтардың әрқайсысына 8-10 тамшы натрий гидрофосфатын Na2HPO4 қосыңдар. Түзілген тұнбалардың түсін белгілеңдер. Әр сынауықтың ішіндегісін екіге бөліп, біреуіне 2 н сірке қышқылын (шыны таяқшамен араластыра отырып, тамшылатып құйыңдар), екіншісіне 2 н тұз қышқылын құйыңдар. Барий, алюминий және темір фосфаттарының алынуы мен еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Ерігіштік көбейтіндісі түсінігін қолдана отырып, еру процесін түсіндіріңдер.


Кальций ортофосфатын алу және олардың қасиеттері


6.Үш сынауыққа 3 тамшыдан кальций хлоридінің ерітіндісін құйып, біріншісіне Na2HPO4 екінші сынауыққа NaH2PO4 және аммиак ерітіндісін, үшіншісіне NaH2PO4 ерітінділерін қосыңдар. Не түзілетінін байқап, реакция теңдеулерін жазыңдар.
Тұнбаларды үйірткілеп, олардың сірке қышқылында ерігіштігін тексеріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Фосфаттарды боялған қанатшалар түрінде алу
7.Сынауыққа 2-3 микроқалақша натрий-аммоний гидрофосфатын NaNH4HPO4(4H2O салып, оны жанарғымен қыздырып, балқытыңдар. Аммиак пен су буының бөлінуі тоқтағаннан кейін сұйық массаға кобальт тұзының немесе кобальт (ІІ) оксидінің бірнеше кристалын салыңдар. Балқыған массаның кобальттың сусыз тұздарына тән көк түске боялғанын байқаңдар. Кобальт қосылыстарының орнына хром тұздарының немесе хром (ІІІ) оксидінің түйіршіктерін алып тәжірибені қайталаңдар. Бұл жағдайда балқыманың түсі қалай өзгереді? Натрий-аммоний гидрофосфатының ыдырау және боялған інжу тұздарының түзілу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Мұнда біріншілік фосфаттарды қыздырғанда сәйкес метафосфаттар және су, екіншілік фосфаттарды қыздырғанда сәйкес дифосфаттар, ал үшіншілік фосфаттарды қыздырғанда ешқандай өзгеріс болмайтынын ескеріңдер. Бұл тәжірибеде түзілген натрий метафосфаты кобальт және хром оксидтерімен әрекеттесіп олардың фосфаттарын немесе қос тұздарын NaCoPO4 және 2СrPO4( Na3PO4 түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет