Бейорганикалық химия практикумы


Азот (ІV) оксидін алу және оның қасиеттері



бет112/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Азот (ІV) оксидін алу және оның қасиеттері.
а) 52 суреттегідей құрылғы жинаңдар. Ыстыққа төзімді



52-сурет. N2O4 алуға арналған құрылғы

сынауықты (1) тұрғының қысқышына бекітіп, оны газ шығатын түтігі бар тығынмен жабыңдар. Көксағыз тығынмен жабылған газ шығатын түтікті құрғақ қосымша түтігі бар сынауыққа (2) жалғастырып, оны аздап су құйылған Тищенко шынысауытына (3) қосыңдар. Шынысауытқа газ жинайтын түтікті (4) және 5-ші ыдысты жалғастырыңдар. 2-ші сынауықты мұз және ас тұзының қоспасымен суытыңдар. Осы қоспамен басқа сынауықта дистилденген суды да суытыңдар (алдағы тәжірбелер үшін).


Келіде 4-5 г қорғасын нитратын ұнтақтап, оған 1 г ұсақ құрғақ құм (не үшін?) қосып жақсылап араластырып, 1-ші сынауыққа салыңдар. Сынауықты мықтап жауып, оны алдымен абайлап, кейіннен қатты қыздырыңдар. Тищенко шынысауытындағы су арқылы қандай газ өтетін анықтаңдар. Газ көпіршіктерінің бөлінуі тоқтағаннан кейін қыздыруды тоқтатыңдар. Сынауықта қандай зат түзілді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Заттың түсін анықтаңдар.
б) Ішінде сұйықтық бар сынауықты “а” тәжірибеде сипатталған құрылғыдан шығарып алып, осы сұйықтың аз мөлшерін (тартқыш шкафта) мұздай суы бар сынауыққа құйыңдар. (мұздай суды алдын-ала 1-ші тәжірибеде дайындап қойған болатынсыңдар). Сұйықтықтың түсінің өзгергенін байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Сұйықтың қалған бөлігін ішінде аздап суы бар (1-2 мл) сынауыққа құйыңдар. Не түзеледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Азот қышқылы тұздарының термолизі (тартқыш шкафта жасаңдар!).
а) Алдыңғы тәжірибеде термиялық ыдырауға Рb(NO3)2 тұзы алынған еді. Енді термиялық ыдыратуға калий нитратын (калий селитрасын) КNO3 аламыз. Ол үшін тұрғыға тігінен құрғақ сынауықты бекітіп, оған шамамен 0,5 г селитра салып, тұз балқығанша жанарғы жалынында қыздырыңдар. Қысқышпен кішкене көмір түйірін (0,2-0,3 г) жанарғы жалынында қызыл түске дейін қыздырып, оны балқыған селитраның үстіне салыңдар. Көмірдің белсенді жануын түсіндіріңдер. Көмір түйірі жанып болғанан кейін сынауыққа күкірттің бірнеше кішкене түйіршігін салыңдар. Күкірттің үлкен түйіршігін салуға болмайды, себебі сынауық балқып кетуі мүмкін.
б) (Топ болып жасалатын жұмыс). Сынауыққа күміс нитратының бірнеше кристалын салып, оны тігінен тұрғыға бекітіп, жаймен жанарғының жалынында тұз толық ыдырағанша қыздырыңдар. Қандай газдар бөлінеді? Сынауықта не қалады? Сынауықтың ішіндегі затымен лаборантқа тапсырыңдар. Қыздыруға қатынасы бойынша азот қышқылының тұздарын қандай топтарға бөлуге болады?



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет