Бейорганикалық химия практикумы


Дифосфор (пирофосфор) қышқылы



бет118/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Дифосфор (пирофосфор) қышқылы
8. Дифосфор қышқылы және оның тұздарына сапалық реакциялар
а) Дифосфор қышқылына ақуыз ертіндісін қосыңдар. Не байқалады?
б) Натрий дигдрофосфатының ерітіндісіне бірнеше тамшы күміс нитратын қосыңдар. Не байқалады? Түзілген тұнбаның сұйытылған азот қышқылында еру-ерімейтінін тексеріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.


9. Дифосфор қышқылын алу. Кәрлен тостағанға 2-3 мл 95% ортофосфор қышқылын құйып, оны құмды жылытқышта қыздыра отырып шырын тәрізді жағдайға жеткізіңдер де, сонан соң 2400С-қа дейін қыздырыңдар. Дифосфор қышқылының түзілгенін қалай дәлелдеуге болады?


10. Еритін фосфаттардың гидролизі.
Үш сынауыққа 5 тамшыдан сәйкесінше NaH2PO4, Na2HPO4 және Na3PO4 концентрлі ертінділерін құйыңдар да, әрқайсысына 5 тамшы дистилденген су қосып лакмус қағазымен тексеріңдер. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Осыған ұқсас тәжірибені мета- және дифосфор қышқылдарының суда еритін тұздарымен қайталаңдар.


11. Ортофосфор қышқылының тұздарының қыздыруға қатынастары.
Натрий гидрофосфатының аздаған мөлшерін отбақырашқа салып қыздырыңдар. Ыдырау реакциясын аяғына дейін жүргізіңдер (оны қалай анықтауға болады?). Түзілген өнімді суытып суда ерітіңдер де, ерітіндіде қандай тұз болатынын анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Натрий дигидрофосфаты мен фосфор қышқылының аммоний-натрий тұздарын қыздырғанда қандай өнімдер түзілетінін жазыңдар. Фосфор қышқылдарының қандай тұздары тыңайтқыш ретінде қолданылады? Жай және қос суперфосфаттың, аммофостың құрамы (тұзды) қандай? Олардың суда және басқа еріткіштерде ерігіштігі қандай?


ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР
Фосфор галогенидтері
1. Фосфордың трихлоридін және пентахлоридін алу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет