Бейорганикалық химия практикумы


ғ 65 жұмыс. Күшән (ІІІ), сүрме (ІІІ) және висмут (ІІІ) қосылыстары



бет121/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 65 жұмыс. Күшән (ІІІ), сүрме (ІІІ) және висмут (ІІІ) қосылыстары



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, күшән (ІІІ) оксиді, лакмус ерітіндісі, натрий гидроксиді ерітіндісі, тұз қышқылы, сүрме (ІІІ) хлориді, натрий карбонаты ерітінділері, спирт шамы, шарап қышқылы, висмут (ІІІ) хлоридінің, күміс нитратының ерітінділері, йод суы.



1. Күшән (ІІІ) оксиді және гидроксидінің қасиеттері. Сынауыққа 2-3 мл су құйып, күшән (ІІІ) оксидін (0,1 г) қосыңдар да, қыздырыңдар. Оксид толық ери ме? Ерітіндіні лакмус қағазымен тексеріңдер. Сынауықтағы ерітіндіні екі бөлікке бөліңдер. Біріншісіне натрий гидроксидін, ал екіншісіне тұз қышқылын қосыңдар. Суықтай және қыздырғанда не байқалады? Ерітіндіде қандай заттар болады? Күшән оксидінің сулы ертіндісінде қандай иондар болады?
2. Сүрме (ІІІ) оксидінің қасиеті. Сүрме (ІІІ) хлориді ерітіндісінде әлсіз сілтілік орта түзілгенше натрий карбонатының ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Қоспа құрамындағы көмір қышқыл газы түгел бөлініп шыққанша сынауықты қыздырыңдар. Тұнба түгел шөккеннен кейін оны бірнеше рет сумен шайыңдар. Осы тәжірибеде жүретін барлық реакция теңдеуін жазыңдар. Стибил катионның құрамы қандай? Сүрме оксидінің суға, сілті ерітінділеріне, тұз және шарап қышқылдарына қатынастарын анықтаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Жүргізілген тәжірибелер сүрме (ІІІ) оксидінің қандай қасиетін көрсетеді?
3. Висмут (ІІІ) оксидінің қасиеттері. Висмут (ІІІ) тұзының ерітіндісімен де жоғарыдағы сияқты тәжірибе жасаңдар. Висмут (ІІІ) тұзының ерітіндісіне әлсіз сілтілік орта түзілгенше натрий карбонатының ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Қоспа құрамындағы көмір қышқыл газы түгел бөлініп шыққанша сынауықты қыздырыңдар. Тұнба түгел шөккенен кейін оны ыстық сумен бірнеше рет шайыңдар. Осы тәжірибеде жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар. Висмутил катионының құрамы қандай?
Висмут (ІІІ) оксидінің суға, сілті, тұз және шарап (Н2С4Н4О6) қышқылдарына қатынастарын анықтаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Жүргізілген тәжірибелер висмут (ІІІ) оксидінің қандай қасиетін көрсетеді? Натрий арсениты және антимониты ерітінділерін күміс нитратымен тексеріңдер. Тұнбаға не түседі? Зерттелетін ерітінділерге йод суы қалай әсер етеді? As (ІІІ) және Sb (ІІІ) қосылыстары осы реакцияларда қандай қасиет көрсетеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Аs (ІІІ), Sb (ІІІ) және Ві (ІІІ) гидроксидтерінің қышқылдық-негіздік, тотығу-тотықсыздану қасиеттерін салыстырыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет