ІV БӨЛІМ. МЕТАЛДАР ХИМИЯСЫ
19.МЕТАЛДАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚАСИЕТТЕРІ
ғ 72 жұмыс. Металдарға тән физикалық қасиеттер
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: металдардың электр өткізгіштігін анықтайтын құрылғы, мыс сымы, спирт шамы, әртүрлі металдар пластиналары.
|
1. Қыздырған кезде электрөткізгіштің өзгеруі.
|
58 суреттегідей құрылғы жинаңдар. Суық мыс сымы арқылы әлсіз тұрақты ток жібергендегі және сымды 3 минут бойы спирт шамымен қыздырғандағы гальванометрдің көрсетуін жазып алыңдар. Байқалған құбылыстарды металдар
|
58-сурет. Металдардың электрөткізгіштігін өлшеу
|
құрылысы туралы көзқарастар тұрғысынан түсіндіріңдер.
|
2. Металдардың салыстырмалы қаттылығын анықтау. Металл пластиналарын алып бір-біріне сызып көріп олардың қаттылығын тексеріңдер. Ең қатты металдан бастап рет-ретімен орналастырыңдар. Қаттылығына байланысты берілген металл құрылысы туралы қандай қорытынды жасауға болады?
ғ 73 жұмыс. Құймалар алу
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тұрғы, мырыш, қалайы, қорғасын түйірлері, жанарғы, темір қасық, сызуға арналған қатты зат, тұз қышқылы, кәрлен табақша, парафин, электр плитасы немесе спирт шамы, керамикалық пластина, термометр, металл пластинасы.
|
1. Мырыш-қорғасын құймасын алу және оның қасиеттерімен танысу. (Топ болып жасалатын жұмыс). Металдан жасалған отбақырашқа 3 г мырыш түйірлерін және 0,5 г қорғасын түйірлерін салып қыздырыңдар. Металдар балқығаннан кейін, оларды араластырып, сұйық құйманы темір қасыққа құйыңдар. Егер олардың атомдық радиустарының және кристалл торларының айырмашылықтарын ескерсек, осы металдардан құйманың қандай түрін алуға болады? Құйманы суытып, оның мырыш пен қорғасынға қарағанда беріктігін (сындырып көріңдер) және қаттылығын тексеріңдер. Құйманың беріктігі мен қаттылығының өзгеруін түсіндіріңдер.
Оларға тұз қышқылымен әсер ете отырып, мырыш пен құйманың химиялық белсенділігін салыстырыңдар, құймалар туралы жасаған қорытындыларыңды дәлелдеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |