Бейорганикалық химия практикумы



бет146/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

.ғ 89 жұмыс. Сульфаттар



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, берилий, магний, кальций, стронций және барий тұздарының 10% ерітінділері (мысалы ВеCІ2, CaCІ2, SrCІ2, BaCІ2)), CaSO4, SrSO4, ВaSO4L2H2O тұздарының қаныққан ерітінділері, құрғақ CaSO4L2H2O (гипс), 10% (NH4)2SO4 , платина сымы.

1.Берилий, магний және сілтілік-жер металдардың сульфаттарының ерігіштіктерін салыстыру. Сынауықтарға берилий, магний, кальций, стронций және барий тұздарының ерітінділерінен 1-2 мл құйыңдар да, олардың әрқайсысына (NH4)2SO4 ерітіндісін қосыңдар. Сынауықтардың қайсысында тұнба түзіледі? Сілтілік-жер металдар және берилий, магний сульфаттарының салыстырмалы ерігіштіктері жайында қорытынды жасаңдар.
2. Кальций, стронций және барий сульфаттарының ерігіштіктерін салыстыру.
Үш сынауыққа СаСІ2, SrCІ2 және BaCІ2 тұздарының эквимолярлы сұйытылған ертінділерінен 1-2 мл құйыңдар да, олардың әрқайсысына аздаған CaSO4 қаныққан ерітіндісін қосыңдар. SrCІ2 және ВаСІ2 ерітінділері бар сынауықтарда тұнба түзілудің жылдамдықтарына көңіл бөліңдер. Тәжірибені CaSO4 қаныққан ертіндісін SrSO4 қаныққан ертіндісіне алмастырып қайталаңдар. Қай жағдайда тұнба түзіледі? CaSO4, SrSO4, ВaSO4 ерігіштіктерінің айырмашылығы жайында қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3.Гипстің ”бірігуі”. ”Гипстің бірігуі” қасиетін зерттеу үшін 10 г CaSO4L2Н2О кәрлен табақшаға салып, оны 150-1600С құмды жылытқышта “қақталған гипс” түзілгенше 10 минут қыздырыңдар. Көшірме алу үшін түбіне тиын салынған және вазилин жағылған арнайы форманы дайындаңдар. “Қақталған гипсті” суығанан кейін қоюланғанша түзілгенше су қосып араластырып, дайындалған форманы толтырыңдар. 10-15 минуттан кейін қатқан көшірмені формадан шығарып алып, байқалған процестерді түсіндіріңдер. Егер кальций сульфатының кристаллогидратын температураны баяу арттыра отырып қыздырса, қандай өнімдер түзеледі? Реакция теңдеулерін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет