Судың кермектігі және оны анықтау
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: көлемі 200 мл конус тәрізді құты, көлемі 50 мл тамшыуыр, көлемі 1 мл тамшуыр, көлемі 10 мл цилиндр, 0,02 н Трилон Б ерітіндісі, қара хромоген индикаторының 1% ерітіндісі, көлемі 50 мл немесе 25 мл өлшеуір, рН=10 буферлік ерітінді (аммоний хлоридының 10 г бір литрлік өлшеуіш құтыға салып, 100 мл концентрлі аммиак құйып, белгісіне дейін дистилденген су қосыңдар).
|
Көлемі 200 мл конус тәрізді құтыға тамшуырмен 50 мл зерттейтін суды (құбыр суы немесе табиғи су) құйып алып, оған рН=10 5 мл буферлік ерітінді және 4-7 тамшы қара хромоген индикаторын қосыңдар. Құтыны араластырып, түсі қызыл-күлгіннен көкшіл түске ауысқанша 0,02 н трилон Б ерітіндісімен титрлеңдер. Титрлеудің соңын анықтау үшін жанына титрленген үлгіні қойып, сондай түс болғанша Трилон Б ерітіндісін қосыңдар.
Кальций және магний иондарының (ммоль-экв/л) қосындысын мына формула арқылы есептеңдер: Х=VLNL1000/V1 мұндағы V- анықтауға жұмсалған трилон Б ерітіндісінің көлемі, мл, N-трилон Б ерітіндісінің нормальдығы, V1 - анықтауға арналған судың көлемі, мл.
Мысал: 50 мл зерттейтін суды титрлегенде 12,55 мл нормальдығы 0,0203 моль/л Трилон Б ертіндісі жұмсалған. Осыдан судың кермектігі Х тең болады: Х=12,55L0,0203L1000/50 = 5,10 ммоль(экв)/л.
24. СІЛТІЛІК МЕТАЛДАР
Абайлаңдар! Денсаулыққа зиянды.
Металл натриймен, сонымен қатар тағы да басқа сілтілік металдармен жұмыс істегенде міндетті түрде судан алшақ болу керек. Металдарды керосиннен шымшуырмен алыңдар, қолмен алуға болмайды! Метал кесінділерін қалдық салатын ыдысқа немесе қол жуғышқа тастауға болмайды! Жұмысты қорғағыш көзілдірікпен, тартқыш шкафта жүргізу қажет.
ғ 90 жұмыс. Сілтілік металдардың сумен әрекеттесуі
Достарыңызбен бөлісу: |