ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР
Литий пероксидін (моногидратын) алу
Литий сульфатын стаканға салып, оған 20 мл дистилденген су қосыңдар. Жақсылап араластырып, су жылытқысына салып қойыңдар. Ерітінді қызғаннан кейін, ақырын қыздыруды тоқтатпай бөлме температурасында толық тұнба түскенше қаныққан барий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Тұнбаны ерітіндіден сүзгіш арқылы бөліп алыңдар. Сүзіндіні су ағынды сорғыға жалғанған Вюрц құтысына құйып, оны көлемі шамамен 20 мл болатындай көлемге дейін суалтыңдар. Ерітіндіні табақшаға құйып, бөлме температурасына дейін суытыңдар. Түзілген кристалдарды ғ3 шыны сүзгішінің көмегімен сүзіп алыңдар.
Литий пероксидінің моногидратын алу
Абайлаңдар! Су жылытқысында құтыны қыздыру үшін беті жабық электр плитасын қолданыңдар.
92-ші жұмыста алынған литий гидроксидін құтыға (1) салып, этил спиртін құйыңдар. Механикалық араластырғышпен араластыра отырып, су жылытқысында құтыны қайнағанша қыздырыңдар. Араластыруды тоқтатпастан ерітіндіге сутек пероксидін тамшылатып қосыңдар. Құтыны су жылытқысында араластырмай тағы да 1-1,5 сағатқа қалдырыңдар. Еріген затты айырып алғаннан кейін тұнбаны этил спиртімен шайыңдар да, ауада кептіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |