ғ 92 жұмыс. Сілтілік металдар оксидтері, гидроксидтері
Абайлаңдар! Денсаулыққа зиянды!
Тәжірибені тартқыш шкафта жүргізу қажет! Тартқыш шкафтың терезесін түсіріп қойыңдар.
Қажетті құралдар мен реактивтер: натрий немесе калий, литий металдары, жанарғы немесе спирт шамы, дистилденген су, 0,1 М калий йодидінің ерітіндісі, 1 М күкірт қышқылы, крахмал ерітіндісі.
|
Отбақыраштың қақпағына кішкене натрий немесе калий металдарының кесегін салыңдар да, қақпақтың астынан қыздырып, металл балқығанда оны жанарғының жалынымен тұтандырыңдар. Металдың бәрі жанып біткенде алынған затты суытып, 2-3 мл дистилденген суда ерітіңдер.
Алынған ерітіндіге күкірт қышқылымен қышқылданған калий йодидін және 2-3 тамшы крахмал қосыңдар. Байқалған құбылысты сипаттаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Ауада натрий мен калий жанғанда қандай заттар түзіледі? Бұл элементтердің оксидтері қалай алынады? Ұқсас тәжірибені литиймен жасап көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 93 жұмыс. Су мен амальгаманының әрекеттесуі нәтижесінде натрий гидроксидінің алынуы
Абайлаңдар! Жұмысты тартқыш шкафта жүргізу қажет!
Натрий амальгамасын суға салып, ерітіндіде сілті түзілгеніне көз жеткізіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 94 жұмыс. Натрий хлориді ерітіндісінен электролиз арқылы натрий гидроксидін алу
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: 2 М натрий хлориді ерітіндісі, тесікті диафрагмалы электролизер.
|
Тесікті диафрагмалы электролизерде NaCІ ерітіндісінің электролизін жүргізіңдер. Тәжірибе жүзінде анодта қандай газ бөлінетінін анықтаңдар. Катодтағы реакция ортасын анықтаңдар. Электродтарда жүретін тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |