Бейорганикалық химия практикумы


Сусыз литий пероксидін алу



бет155/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

3. Сусыз литий пероксидін алу

Қажетті құралдар мен реактивтер: металдық тұрғы, қырналған саңылауы бар сынауық, су ағынды сорғы, шынышақша, технохимиялық таразы, 1 М калий перманганаты, калий йодиді, күкірт қышқылы ерітінділері, крахмал ерітіндісі.

Алдыңғы тәжірибеде алынған литий пероксидін сынауыққа салып, ыспа көмегімен вакуум жүйесіне қосыңдар. Сынауықты 100-120о С дейін қыздырыңдар да, оны вакуум астында 30-40 минут ұстаңдар. Литий пероксидін алдын-ала өлшенген шынышақшаға салыңдар. Затты өлшеп, шығымын пайыз есебімен есептеңдер. Алынған литий пероксидінің аздаған мөлшеріне дистилденген су қосыңдар. Алынған қоспаның күкірт қышқылды ортада калий перманганаты және калий йодиді ерітінділеріне әсерін анықтаңдар (калий йодидінің ерітіндісіне 2-3 тамшы крахмал қосыңдар). Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.


4. Натрий сульфатын және оның гидраттарын алу



Қажетті құралдар мен реактивтер: Глаубер тұзы, (Na2SO4L10Н2О), металдық тұрғы, cынауықтар, құтылар, сүзгілер, сүзуге арналған қондырғы, микроскоп, су жылытқысы, суытқыш қоспа, сүзгі қағазы.



1.Сусыз натрий сульфаты. 320С-да 20 мл суды қанықтыру үшін Глаубер тұзының қандай мөлшері қажет екендігін есептеңдер. Осы температурада натрий сульфатының қаныққан ерітіндісін дайындаңдар да, оны 2 кішкене құтыға және басқа тәжірибелер үшін құрғақ сынауыққа сүзіп алыңдар.


2.Натрий сульфатының декагидраты. Глаубер тұзының кристалын алдыңғы тәжірибеде алынған құтының біреуіндегі натрий сульфатының қаныққан ерітіндісіне салыңдар. 250С төмен температурада түзілген ерітіндінің пішінін микроскоппен қараңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет