Бейорганикалық химия практикумы


Калий және натрийдің аз еритін қосылыстарын алу



бет153/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Калий және натрийдің аз еритін қосылыстарын алу



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: натрий және калий тұздарының ерітінділері, калий гексагидроксостибаты (V) К[Sb(ОН)6] ерітіндісі, шыны таяқша, натрий перхлораты ерітіндісі, натрий гексанитритокобальтаты (ІІІ) Na3[СO(NO2)6,] ерітіндісі, мырыш уранилацетаты ерітіндісі.

1. Қандай да бір натрий тұзының бейтарап ерітіндісін сынауыққа құйып, сондай мөлшерде калий гексагидроксостибатын (V) қосыңдар. Суық сумен сынауықтың сыртыннан суытып, шыны таяқшамен сынауық қабырғасын ішінен үйкелеңдер. Калий гексагидроксостибатының (V) ұсақ кристалды тұнбасының түзілуін түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Калий және натрий перхлораты тұздарының ерітінділерінің әрекеттесуінен түзілетін тұнбаны түсіндіріңдер.
3. Сірке қышқылды ортадағы натрий гексанитритокобальтат (ІІІ) Na3[Cо(NO2)6] ерітіндісінің үстіндегі сұйықтықты құйып алыңдар. Сары тұнбаның түзілгенін түсіндіріңдер.
4. 0,5 мл натрий тұзының қандай да бір бейтарап ерітіндісіне бірнеше тамшы мырыш уранилцетаты ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаның түсін анықтап, реакция теңдеуін жазыңдар.


ғ 97 жұмыс. Литий, натрий және калий тұздарымен жалынның түсінің өзгеруі



Қажетті құралдар мен реактивтер: платина (немесе вольфрам) сымы, 1 М тұз қышқылы, литий, калий және натрий галогенидтерінің қаныққан ерітінділері, жанарғы.

Платина немесе вольфрам сымын алдымен тұз қышқылында жуып, қыздыру керек те, калий хлориді ерітіндісіне батырып алып, оны жанарғының түссіз жалынына жанастырыңдар. Калий тұздарының жалынды қандай түске бояйтынын жазып алыңдар. Осындай тәжірибелерді литий және натрий хлориді тұздары ерітінділерімен жасаңдар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет