3. Титан (ІІІ) қосылыстарының тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Үш сынауыққа 2 мл титан (ІІІ) сульфатын құйыңдар. Біріншісіне темір (ІІІ) хлоридін, екіншісіне бірнеше тамшы хлор суын құйыңдар да, үшіншісін ауада қалдырыңдар. Не байқалады? Титан (ІІІ) қосылыстарына қандай қасиеттер тән? Кристалдық өріс теориясын қолдана отырып, неліктен титан (ІІІ) қосылыстары боялған, ал титан (ІV) қосылыстары боялмағанын түсіндіріңдер.
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР
1. Титан (ІV) хлоридін алу
Қажетті құралдар мен реактивтер: титан (ІV) оксиді, көмір және декстрин немесе крахмал ұнтақтары, кептіргіш шкаф, отбақыраш, талшықтасты жабын, муфель пеші, ылғалсорғыш, кварц түтігі, түтікті пеш, хлорлауға арналған қондырғы, (15 сурет), көмір қышқыл газы, тығынымен Вюрц құтысы, газ тәрізді хлор, концентрлі күкірт қышқылы.
|
5 г титан (ІV) оксидін, 2 г көмір ұнтағы мен 2 г декстрин немесе крахмалды араластырып, оған қоймалжың болғанша ыстық су құйыңдар. Дәннің көлеміндей етіп шар дайындап, оларды 150-2000С температурада кептіргіш шкафта 3-5 сағат бойы кептіріңдер. Одан соң отбақырашқа салып, үстіне ұнтақталған көмір қосып, талшықтаспен бетін жауып 150-2000С температурада муфель пешінде 30 минут бойы қыздырыңдар. Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған өнімді ылғалсорғышта суытып, хлорлау үшін (63-сурет) құрылғының кварц түтігіне салыңдар. Түтікті пешті 500-6000С-ға дейін қыздырып, шығатын саңылаудан су буының конденсациялануы тоқтағанша құрғақ (СО2 қалай құрғатады?) көмір қышқыл газын жіберіңдер.
|
63-сурет. Титан (ІV) хлоридін алу
|
Қабылдағышты өлшеп (Вюрц құтысы), оны құрылғыға қосып, пештің температурасын 6000С шамасында ұстап тұрып, құрғақ хлор ағынымен (хлорды күкірт қышқылы ((1,84 г/см3 арқылы үш шайғыш шынысауыттан өткізіңдер) көмір қышқыл газын ығыстырып шығарыңдар. Титан тетрахлоридінің түзілу процесі аяқталғаннан кейін хлорды жіберуді тоқтатпастан пешті 2000С-ға дейін суытыңдар. Хлорды құрғақ көмір қышқылының ағынымен ығыстырып шығарыңдар. Құтыны алып, тығынын (алдын-ала өлшенген) тез жауып, өлшеңдер. Өнім шығымын пайыз есебімен есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |