Бейорганикалық химия практикумы



бет161/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Титанил сульфатын алу

Қажетті құралдар мен реактивтер: технохимиялық таразы, 60( күкірт қышқылы, 100 мл кең мойынды құты, құм жылытқысы, шыны сүзгісі бар сүзуге арналған құрылғы, ацетон.

5 г титанил сульфатын алуға қажетті титан қышқылының мөлшерін есептеңдер. Массасы бойынша 60( күкірт қышқылының төрт есе мөлшерін өлшеп алып, оны 100 мл құтыға құйып, құм жылытқысына орнатыңдар. Күкірт қышқылын 1000С-ға дейін қыздырып, қыздыруды тоқтатпай тұрып оған араластыра отырып, құйылған мөлшері еріп кеткенше титан қышқылын қосыңдар. Әрі қарай араластырғанда және қыздырғанда кристалдану басталады да, ол 2-6 сағатқа созылады. Түзілген кристалды шыны сүзгіде сүзіп алып, 0,1 н күкірт қышқылы ерітіндісімен, одан соң ацетонмен шайып, 70-800 температурада кептіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.




27. ВАНАДИЙ, НИОБИЙ, ТАНТАЛ


ғ 102 жұмыс. Ванадий (V) қосылыстары



Қажетті жабдықтар және реактивтер: қақпағы бар отбақыраш, шыны таяқша, аммоний ванадаты, жанарғы, сынауықтар, 2 н натрий гидроксиді, концентрлі күкірт қышқылы, қышқылдық-негіздік индикаторлардың жиынтығы, Н+-түріндегі КУ-2 катиониті толтырылған ион алмастырғыш мұнара, натрий ванадатының ерітіндісі, кәрлен табақша, натрий метаванадаты, күміс нитраты, аммоний хлориді ерітінділері, 1 н натрий гидроксиді, 1 н күкірт қышқылы, 3% сутек пероксиді, мырыш.



1. Ванадий (V) оксидін алу және оның қасиеттері.
Отбақыраш қақпағына 0,3-0,5 г аммоний ванадатын салып, шыны таяқшамен араластыра отырып жанарғымен қыздырыңдар. Тұздың қызыл-қоңыр түсті V2О5 түзе ыдырауын байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған ванадий (V) оксидін үш сынауыққа бөліп салыңдар. Біреуіне 2 н натрий гидроксидін, екіншісіне-концентрлі күкірт қышқылын ((=1,84 см3) құйып қыздырыңдар да, ал үшінші сынауыққа су қосып, оны индикатормен тексеріңдер. Реакциялық ортаны анықтаңдар. Ертіндінің түсін байқаңдар. V2O5 сілті және қышқылмен әрекеттесу реакцияларының теңдеуін жазыңдар. Ванадий (V) оксидінің химиялық сипаты жайында қорытынды жасаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет