1. Титан қышқылын алу және оның қасиеттері. 5 мл қаныққан титанил сульфатының (TіOSO4) ерітіндісіне тұнба түзілгенше 2 н сілті қосыңдар. Тұнбаны тұндырып қойып, декантация әдісімен сумен шайыңдар да, титан қышқылының қышқылдар мен сілтілерге әсерін анықтаңдар. Титан қышқылының қалған бөлігін келесі тәжірибелерге қолданыңдар. Титан (ІV) гидроксидіне қышқылдық немесе негіздік қасиеттің қайсысы тән?
2. Титан қышқылының (-түрден (-түрге ауысуы.
Титан қышқылының бір бөлігіне 10-12 минут бойы су қосып қайнатыңдар. Оның қышқылдар мен сілтілерге әсерін анықтаңдар. Титан қышқылының ерігіштігі қалай өзгереді? Титан қышқылының (- және (-түрлерінің айырмашылықтары қандай?
3. Титан диоксидін алу. Қалған титан қышқылын отбақыраш қақпағына салып, кептіргіш шкафта кептіріңдер. Өнімнің түсінің өзгеруін байқаңдар. Суытқанда түсі қалпына келе ме?
4. Титан (ІV) тұзының гидролизі. Титанил сульфатының ерітіндісіне NaHCO3 немесе CH3COONa ерітіндісін құйыңдар. Қыздырып, байқалған құбылысқа назар аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
5. Пероксидті қосылыстары. 1-2 мл титан (ІV) тұзының ерітіндісіне тұз қышқылын құйып, бірнеше тамшы сутек пероксидін тамызыңдар. Түсінің өзгергенін байқаңдар да, реакция теңдеуін жазыңдар. Титанның пероксидті қосылыстарының құрамы қандай?
ғ 101 жұмыс. Титан (ІІІ) қосылыстары
1. Титан (ІІІ) сульфатын алу. Құтыға 5-10 мл титанил (ІV) сульфатын құйып, 2 н күкірт қышқылын қосыңдар да, бірнеше түйір мырыш салыңдар. Түсінің өзгеруін бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Титан (ІІІ) гидроксидін алу. Алдыңғы тәжірибеде алынған титанның (ІІІ) күлгін ерітіндісіне бірнеше тамшы сілті қосыңдар. Титан (ІІІ) гидроксидінің қышқылдар мен сілтілерге әсерін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Титан (ІІІ) қосылыстары титан (ІV) қосылыстарына қарағанда неліктен гидролизге аз ұшырайды?
Достарыңызбен бөлісу: |