Бейорганикалық химия практикумы



бет165/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

3.Натрий декаванатын (Na6V10 O28 (nH2O) алу



Қажетті жабдықтар және реактивтер: химиялық стакан, натрий ванадаты, азот қышқылы, технохимиялық таразы, микроскоп, электр плитасы.

Көлемі 100-150 мл стаканда 20 мл суда 15,6 г натрий ванадатын ерітіңдер. Ертіндіге рН=5,5-6,0 болғанша азот қышқылын қосып қыздырыңдар да, кристалдануға қойып қойыңдар. Бірнеше сағаттан кейін сары-қызыл кристалдар түзіледі. Алынған кристалдарды өлшеп, шығымының пайызын есептеңдер. Кристалдарды микроскоппен қарап суретін салып алыңдар. Кристалдық судың мөлшерін анықтаңдар.


4.Ванадил сульфаты VОSO4 (3Н2О

Қажетті жабдықтар мен реактивтер: ыстыққа төзімді стақан, аммоний ванадаты, концентрлі күкірт қышқылы, сүзуге арналған қондырғы, Бюхнер құйғысы, күкіртті газ ағыны, ғ1 және ғ4 шыны сүзгіштер, вакуумда сүзуге арналған қондырғы, су жылытқышы, құм жылытқышы, этил спирті, диэтил эфирі, күкірт қышқылы құйылған ылғалсорғыш.

Көлемі 0,5 мл ыстыққа төзімді стаканда 10 г NH4VO3 250 мл дистилденген суда қыздыра отырып ерітіңдер. Ерітіндіні суытып, оған 13,5 мл су және 13,5 мл H2SO4 ((=1,84 г/см3) қосыңдар. Түзілген тұнбаның шөгуіне мүмкіндік туғызып, Бюхнер құйғысында сүзіңдер де, күкірт қышқылымен қышқылданған сумен 3-4 рет жуыңдар. Тұнбаны стаканға ауыстырып, оған 1,5 мл H2SO4 ((=1,84 г/см3) және 170 мл су қосып қыздырыңдар. Ыстық суспензия арқылы мөлдір көк түсті ерітінді түзілгенше күкіртті газ жіберіңдер. Ерітіндіні вакуумда ғ4 шыны сүзгіші арқылы сүзіңдер де, сүзінді кристалдана бастағанша алдымен құмды жылытқышта, сонан соң 60 мл көлемге дейін сулы жылытқышта буландырыңдар. Ерітіндіні суытып, кристалдарды ғ1 шыны сүзгіш арқылы сүзіп алыңдар да, 3-4 рет этил спиртімен және 2-3 рет диэтил эфирімен жуыңдар. Тұзды күкірт қышқылы құйылған ылғалсорғышта кептіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет