Қажетті жабдықтар және реактивтер: кәрлен отбақыраш, муфель пеші, кәрлен қайықша, кварц немесе кәрлен түтік, түтікті пеш, ішінде оттек бар газометр, сілті ерітіндісі.
2 г ванадий (V) оксидін алу үшін аммоний ванадатының қанша мөлшері қажет болатындығын есептеңдер. Аммоний
|
ванадатын кәрлен отбақырашқа салып, муфель пешінде тұрақты салмаққа дейін қыздырыңдар. Әрі қарай қыздыруды оттек ағынында жүргізіңдер (неліктен?). Алынған қара массаны кәрлен қайықшаға
|
64-сурет. Ванадий (V) оксидін алуға арналған қондырғы
|
ауыстырып, түтікті пешке (64-сурет) енгізілген кварц немесе кәрлен түтікке орналастырыңдар.
|
Кварц түтікті оттек бар газометрге жалғастырыңдар. Қыздыруды 300-4000С температурада аздап оттек ағынын жібере отырып жүргізіңдер де, оттек ағынында суытыңдар.
V2О5 аздаған мөлшерін сілті ерітіндісінде ерітіңдер. Ванадий (ІV)-тің бар-жоқтығын анықтаңдар. Тәжірибені дұрыс жүргізгенде ванадий (ІV) болмауы керек.
2.Аммоний метаванадатын алу
Қажетті жабдықтар және реактивтер: көлемі 0,5 л стакан, натрий карбонатының ерітіндісі, ванадий (V) оксиді, калий перманганатының қаныққан ерітіндісі, сүзуге арналған қондырғы, сутек пероксиді ерітіндісі, электр плитасы, Бюхнер құйғысы, хлор ионын анықтауға арналған реактив.
|
Көлемі 0,5 л стаканда 125 мл суға 17,5 г соданы (Na2CO3) қыздыра отырып ерітіңдер. Қайнау температурасында аз-аздан 25 г ванадий (V) оксидін салыңдар да, СО2 бөлінуі тоқтағанша қайнатыңдар. Оған V4+ тің V5+ -ке дейін тотығуы үшін, калий перманганатының қаныққан ерітіндісін қосыңдар. Түзілген суспензияны бір сүзгіштен бірнеше рет сүзінді мөлдір болғанша сүзіңдер. Тұнбаны сумен ванадат ионы жойылғанша шайыңдар. (сутек пероксидімен сынаңдар). Шайынды суды (150 мл) және негізгі сүзіндіні (125 мл) біріктіріп 600С дейін қыздырыңдар да, оған 125 мл суда еріген 75 г NH4CІ ерітіндісін қосыңдар. Бірнеше сағаттан кейін түзілген кристалдарды Бюхнер құйғысында сүзіп, суық дистилденген сумен хлор ионы жойылып кеткенше жуыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |