Бейорганикалық химия практикумы


Темір (ІІІ) тұздарының қасиеттері



бет183/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Темір (ІІІ) тұздарының қасиеттері.

  1. Әмбебап иономер көмегімен темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісінің рН-ын анықтаңдар. Осы тұздың гидролизінің реакциясын жазыңдар. Темір (ІІ) сульфаты немесе темір (ІІІ) сульфаты тұздарының қайсысы ерітінділерде жақсы гидролизденеді?

  2. Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне натрий карбонаты ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.

  3. Темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісіне аммоний сульфидінің ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

  4. Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне калий гексацианоферрат (ІІ) ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакциялар не үшін қолданылады?

Темір (ІІІ) хлориді натрий сульфиді және калий иодидімен қалай әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Натрий ферратын қалай алуға болады?
3. Фераттардың қасиеттері және алынуы.

  1. Сынауыққа ұнтақталған калий гидроксидінің аз мөлшерін (құрамында карбонаты жоқ) салып, оған 3-5 тамшы темір (ІІІ) хлориді және 2-3 тамшы бром қосып қыздырыңдар. Түзілген калий ферратының түсін белгілеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған қоспаға су қосып, ерітіндіні 3 сынауыққа бөліңдер.

  2. Калий ферраты ерітіндісіне тұнба түзілгенше барий хлориді ерітіндісін қосыңдар. Тұнбаның құрамы қандай?

  3. Калий ферраты ерітіндісіне күкіртсутек суын қосыңдар.

  4. Калий ферраты ерітіндісіне 2 н Н24 қосыңдар. Не байқалады?

Барлық келтірілген реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. Темір (VІ) қосылыстарына қандай қасиеттер тән?
4. Кобальт (ІІ) тұздарының қасиеттері.

  1. Сынауыққа сусыз кобальт (ІІ) хлориді кристалдарының аз мөлшерін салып, оны ылғалдаңдар. Түсі қалай өзгереді? Оған концентрлі хлорсутек қышқылын қосыңдар. Ерітіндінің түсі қандай?

  2. Кобальт (ІІ) сульфаты ерітіндісі бар бірінші сынауыққа күкіртсутекті су, ал екіншісіне натрий сульфиді ерітіндісін қосыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет