6. Марганец (ІІ) оксалаты.
600С температурада калий перманганаты (5 мл) және қымыздық қышқылының (7,5 мл) қаныққан ерітінділерін дайындаңдар. Қымыздық қышқылының ерітіндісін құтыға құйып, сірке қышқылымен қышқылдап, оған калий перманганатын қосыңдар. Байқалған құбылыстарды суреттеңдер. Құтыны тығынмен жауып, саңылауы бар жеріне таяқшамен жабылған каучук түтік кигізіп қойыңдар. Тұнба коагуляцияға ұшырағанда шығатын саңылаудан тұнбаның бетіндегі сұйықтықты ақырын төгіп тастаңдар. Содан кейін көлемі бойынша үш есе дистилденген су құйып, араластырып, қайтадан тығынмен жауып қойыңдар. Осылайша декантация әдісімен тұнбаны үш рет шайыңдар. Жуылған тұнбаны Бюхнер құйғысында бөліп алып, 1000С-қа дейінгі температурада құрғатыңдар. Тұздың судағы және спирттегі ерігіштігін зерттеңдер. Тұздың оттекке әсерін бақылаңдар. Ауа жібермей қыздырған кездегі тұздың тұрақтылығы қандай? Теория бойынша шығымын есептеңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
7. Марганец (ІІ) нитраты.
10 мл HNO3 (d=1,2 г/см3) ерітіндісіне 5 г марганец (ІІ) карбонатын қосыңдар (тұздың бір бөлігі ерімей қалуы керек). Түзілген тұнбаны сүзіп алыңдар. Ерітіндіні азот қышқылымен аздап қышқылдап, 60-700С температурада буландырып, салқын жерге түнге қалдырып қойыңдар. Одан кейін түскен кристалдарды Бюхнер құйғысында бөліп, ықпаланған тығыны бар ыдысқа салыңдар. Тұздың суда және спиртте ерігіштігін тексеріңдер. Кристалдардың формаларын микроскоппен көріңдер. Теория бойынша шығымын есептеңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
30. ТЕМІР. КОБАЛЬТ. НИКЕЛЬ
Абайлаңдар! Сұйық броммен жұмысты тартқыш шкафта жүргізу қажет. Ол теріні қатты күйдіреді және оның булары улы. Төгілген бромды залалсыздандыру үшін әрқашан стаканға концентрациясы 1 моль/л шамасында натрий тиосульфатының ерітіндісін дайындап қою қажет.
|
Ескерту. Оқытушының көрсетуі бойынша студент тәжірибені металдардың біреуімен орындауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |