Бейорганикалық химия практикумы



бет188/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

31. МЫС. КҮМІС


ғ 119 жұмыс. 1. Мыстың алынуы және мыс (І) қосылыстарының қасиеттері.
Көмірді тотықсыздандыру арқылы мыс (ІІ) сульфатынан мыс алу

Абайлаңдар! Мыстың барлық қосылыстары улы!



Қажетті құралдар мен реактивтер: мыс (ІІ) сульфаты, натрий карбонаты, көмір, отбақыраш, муфель пеші, газды жылытқыш, келі мен келсап.

2 г мыс (ІІ) сульфаты, 2,5 г натрий карбонаты және 0,6 г көмірден тұратын қоспа дайындаңдар (заттар ұнтақ түрінде болуы қажет). Қоспаны отбақырашқа салыңдар да, үстіне көмір сеуіп, олар толығымен құрғағанға дейін газды жылытқышта қыздырыңдар. Одан кейін отбақырашты қақпақпен жауып, 800-9000С температурада қыздырыңдар. Алынған қоспаны суытып, ұсақтап мысты бөліп алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Мұнда натрий карбонаты мен көмірдің атқаратын ролі қандай?


ғ 120 жұмыс. Мыс сульфатынан мыс алу



Қажетті құралдар мен реактивтер: суықтай қанықтырылған мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі, кәрлен табақша, мырыш үгінділері, су жылытқысы, 5% тұз қышқылы, сүзгі қағазы, шынысауыт.

5 мл суықтай қанықтырылған мыс сульфаты ерітіндісін дайындап, оны кәрлен табақшаға құйып, оған мырыш ұнтағының есептелген мөлшерін аз-аздан салыңдар. Қоспасы бар ыдысты су жылытқысына қойып, 800С- қа дейін қыздырыңдар. Реакция аяқталғаннан кейін ерітіндіні құйып алыңдар. Бөлінген мыс тұнбасын 5% хлорсутек қышқылымен шайып, декантация әдісімен сумен жуып, сүзгіге салып, тағы да сумен шайқап, сүзгі қағазының ортасында кептіріңдер. Металды тығыз жабылатын шынысауытта сақтаңдар. Мыстың концентрлі және сұйытылған НNO3, НCІ, Н2SO4 қышқылдарына әсерін зерттеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Мыс ауада тұрғанда неге ұшырайды? Мысты өндірісте қалай алуға болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет