Бейорганикалық химия практикумы


Никель (ІІ) тұздарының қасиеттері



бет184/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

5. Никель (ІІ) тұздарының қасиеттері.

  1. Стаканға 50 см3 су құйып, үстіне 5-6 тамшы никель тұзы ерітіндісін және сондай көлемде аммиак ерітіндісін қосып, араластырып тұрып спиртті диметилглиоксим ерітіндісін тамшылатып қосыңдар. Не түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.

  2. Екі сынауыққа 1-2 тамшы никель тұзын салыңдар да, біріншісіне 3-4 тамшы күкіртсутекті су, екіншісіне 3-4 тамшы аммоний сульфиді ерітіндісін қосыңдар. Сынауықтың қайсысында тұнба түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.



ғ 118 жұмыс. Темір, кобальт, никельдің
комплексті қосылыстары


Абайлаңдар( Қорғағыш көзілдірікпен жұмыс істеу қажет.
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа зиянды.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, шыны таяқша, 2 н ортофосфор, фторсутек және сірке қышқылдары, 0,01 н аммоний тиоцианаты, кобальт (ІІ) тұзының қаныққан ерітіндісі, спирттің эфирмен қоспасы, калий нитратының кристалдары, 0,5 н темір (ІІІ) хлориді, кобальт хлориді, аммоний хлориді, аммиактың концентрлі ерітіндісі, никель (ІІ) хлоридінің гексагидраты, аммоний хлоридінің қаныққан ерітіндісі, дистилденген су, жылытқыш құрал.



Комплексті аниондарымен қосылысы.

  1. Темір (ІІІ) фосфаты комплексінің алынуы. Сынауыққа 3-4 тамшы темір (ІІІ) хлоридін құйып, 1 тамшы 0,01 н аммоний тиоцианатын және 2 тамшы 2 н ортофосфор қышқылын құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

  2. Темір (ІІІ) фториді комплексінің алынуы. Сынауыққа 3-4 тамшы темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін құйып, оған 2 тамшы

2 н аммоний тиоцианатын және 2 тамшы 2 н фторсутек қышқылын құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

  1. Кобальт (ІІ) роданиді комплексінің алынуы. Сынауыққа 2 тамшы қаныққан кобальт тұзы ерітіндісін құйып, оған 5-6 тамшы қаныққан аммоний тиоцианаты ерітіндісін қосыңдар. Алынған тиоцианат ерітіндісінің түсін жазып алыңдар. Түсі өзгергенше сумен араластырыңдар да, оған 2 тамшы спирттің эфирмен қоспасын қосыңдар. Ерітіндіні шыны таяқшамен араластырып, түсінің өзгеруін бақылаңдар. Бақылаған құбылыстарды сипаттаңдар.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет