Бейорганикалық химия практикумы


Күміс ғ 128 жұмыс. Күмістің қасиеттері



бет192/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

4. Күміс
ғ 128 жұмыс. Күмістің қасиеттері



Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, НСІ, H2SO4, НNO3 ерітінділері, күкіртсутекті су, 0,1 н күміс нитраты, мыс және күміс сымдары.

Қышқылдардың қайсысында және қандай жағдайда күміс ериді? Сынауыққа 2-3 мл күкіртсутекті су құйып, оған мыс сымын салыңдар. Зімпара қағазымен тазартылған мыс пластинкасын немесе сымын 0,01 н күміс тұзына батырыңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Күміс сульфидінің ерігіштік туындыларының шамаларымен танысыңдар. Неліктен күміс бұйымдары ауада қараяды? Металдардың кернеу қатарында күміс қандай орын алады?




ғ 129 жұмыс. Күміс оксидін алу

Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, 0,1 н күміс нитраты, 0,1 н натрий гидроксиді, 25% аммиак ерітіндісі.

Сынауыққа 1 мл 0,1 н күміс нитратын құйып, оған 1 мл 0,1 н натрий гидроксидін қосыңдар. Түзілген тұнбаны декантация әдісімен сумен шайып, ауада кептіріңдер. Алынған тұнбаны екіге бөліп, біреуін сынауықта қыздырып, екіншісіне 25% аммиак ертіндісін құйыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Тұнбаның құрамы қандай?




ғ 130 жұмыс. Аз еритін күміс қосылыстарын алу



Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, күміс нитраты, хлориді, бромиді, йодиді ерітінділері, аммиак ерітіндісі, натрий тиосульфаты ерітіндісі.

Күміс нитраты ерітіндісінің аз мөлшерін үш сынауыққа бөліп құйыңдар да, біреуіне хлор, екіншісіне бром, үшіншісіне йод ерітінділерін қосыңдар. Тұнбаның түзілгендігін байқаңдар. Алынған тұнбаларды сыртқы түрі бойынша салыстырыңдар. Тұнбаларды декантация әдісімен сумен шайып, оған жарықтың, аммиак ерітіндісінің және натрий тиосульфаты ерітіндісінің әсерін анықтаңдар.


Галогендердің атомдық нөмері өскен сайын күміс галогенидтерінің түсінің өзгеруін қалай түсіндіруге болады? Күміс ионына қай анионның сезімталдығы жоғары? Реакция теңдеуін жазыңдар. Сурет шығаруда неліктен калий иодиді емес, калий бромиді қолданылатынын түсіндіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет