Бейорганикалық химия практикумы


Сілтіге алюминиймен әсер ету арқылы сутек алу



бет47/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Сілтіге алюминиймен әсер ету арқылы сутек алу. (Тәжірибені тартқыш шкафта жүргізіп, көзілдірік кию керек).
Сынауыққа 2-3 мл 20% NaOH ерітіндісін құйыңдар. Оған бірнеше түйір алюминий ұнтақтарын салыңдар да, ұшы жоғарыға қарай бағытталған шыны түтікше кигізілген тығынмен жабыңдар. Егер реакция баяу жүретін болса, онда қыздыру керек. Бөлініп жатқан сутектің тазалығын тексеру қажет. Құрғақ сынауыққа сутек толтырып, оны жағып көріңдер.
Алюминийдің сілтімен әрекеттесу реакциясының теңдеуін молекулалық және ионды–электрондық түрде жазыңдар. Бұл жағдайда қандай өнімдер түзілуі мүмкін?


3. Сутекті судан алу. Сутек алудың темір-булы әдісі. (топ болып жасалатын жұмыс).
Сутекті темір-булы әдіспен алу үшін 29-суреттегі құрылғыны жинаңдар. Түтікшелі пешті алдын-ала тоқ көзіне қосып қою керек. Диаметрі 2,5 см, ұзындығы 60-70 см темір




29-сурет. Темір-булы әдіспен сутек алуға арналған құрылғы



немесе кәрлен түтікшені темір ұнтақтарымен толтырыңдар. Ұнтақтарды пештің қыздыру аймағында болатындай етіп түтікшенің ортасына орналастырыңдар. Түтікті пешке орнатып, оның екі жағын шыны түтікшесі бар тығынмен тығындаң-

дар. Құтыға (1) су құйып, оны қайнатыңдар. Ішінде темір ұнтақтары бар пештегі түтік (2) 7000С-қа дейін қызған кезде оған су буын жіберіңдер. Осы түтікшеден бөлінген газды судың астында 2-3 сынауыққа жинап алыңдар да, оның жануын тексеріңдер. Бұдан кейін су буын жіберуді тоқтатып, тоқты өшіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Реакция нәтижесінде қандай өнімдер түзілуі мүмкін? Лабораторияда сутекті басқа қандай әдістер арқылы алуға болады? Олардың әрқайсысының артықшылығы мен кемшілігін көрсетіңдер. Сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.


4.Мыс оксидін сутекпен тотықсыздандыру.
(“Үстел бойынша” жасалынатын жұмыс). Көзілдірік тағыңдар! 30-суреттегі құрылғыны жинап, герметикалылығын тексеріңдер. U-тәрізді түтікке сусыз кальций хлоридін (алдын-ала күйдірілген) салыңдар (не үшін?)




30-сурет. Мыс оксидінің сутекпен тотықсыздануы



Хлоркальцийлі түтіктің кеңейтілген жеріне 0,3-0,5 г мыс оксидін салыңдар. Құтыға (сыйымдылығы 250 мл) 40-50 г мырыш түйіршіктерін салыңдар да, құтының түбіне дейін түсірілген құйғы арқылы 100-150 мл 20% H2SO4 ерітіндісін құйыңдар. Сутектің тазалығына көз жеткізгеннен кейін ғана құрылғыны қыздыруға болады! Құрылғының сутек шығатын

жерін шырақпен жағып көріңдер. Құрылғыдағы ауа толығымен сутекпен ығыстырылғаннан кейін түтікті ұзына бойы, одан соң мыс оксиді бар жерін күштірек қыздыруға болады. Жанып тұрған сутек жалынының азаймауын бақылап отыру керек. Егер жалын өшіп қалса немесе азайса, қыздыруды тоқтатыңдар.
Тотықсыздану біткен кезде (оны қалай білуге болады?) қыздыруды тоқтатып, сутектің жіберілуін жалғастыра отырып (неліктен?), құрылғыны бөлме температурасына дейін суытыңдар Әрекеттеспеген мырышты сумен шайып, лаборантқа өткізіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет